Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика
Шымкент қаласы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы нәтижелері белгілі болды

Шымкент қаласы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы нәтижелері белгілі болды. Дәлірегі – маусым айының 20-жұлдызында тапсырылған мемлекеттік сынақтың бірінші күнінің қорытындысы мынадай:

Қатысқан талапкерлер саны – 971, орта балл – 78,5. Ал жоғары ұпайды Шымкенттегі №47 мектептің түлегі Әйгерім Жолдасбекова (суретте) жинады. Жас түлек 136 балды еншілеп отыр! Ал бүгін, яғни, 21 маусымда 339 оқушы ҰБТ тапсырды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғимаратына түлектер 45 минутта кіргізілді. Ал нысанның айналасына арнайы орындықтар койылып, шатыр тігілді.

Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, қаламыздағы мектептерден айтулы мемлекеттік сынаққа қатысуға өтініш білдірген оқушылар саны – 5059. Қазақ тілінде – 4072, орыс тілінде – 987.

Айта кетейік, Шымкентте тестілеу 3 пункте өтіп жатырі. Олар: 1. М.Әуезов атындағы ОҚМУ – 1 457 оқушы (26 мектеп). 2. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы – 1 383 оқушы (30 мектеп). 3. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – 2 219 оқушы (57 мектеп).

ҰБТ 5 пәннен өткізіледі (3 міндетті, 2 таңдау пәндері). Тестілеу уақыты – 3 сағат 50 минут. Жалпы тапсырма саны – 120, максималды балл саны – 140.

Биыл Шымкент қаласында ҰБТ 2017 жылдың 20-26 -маусым аралығында өткізіледі

Биыл Шымкент қаласында ҰБТ 2017 жылдың 20-26 -маусым аралығында өткізіледі. Мемлекеттік сынаққа қатысуға өтініш білдірген оқушылар саны – 5059. Қазақ тілінде - 4072, орыс тілінде - 987. Тестілеу 3 пункте өтеді. Олар: 1. М.Әуезов ат. ОҚМУ – 1 457 оқушы (26 мектеп). 2. ОҚ мемлекеттік фармацевтика академиясы – 1 383 оқушы (30 мектеп). 3. Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті - 2 219 оқушы (57 мектеп). ҰБТ 5 пәннен өткізіледі (3 міндетті, 2 таңдау пәндері). Тестілеу уақыты – 3 сағат 50 минут. Жалпы тапсырма саны – 120, максималды балл саны – 140.

Жалпы білім беру ұйымдарындағы қыздар ұйымдарының жұмысын жандандыру

Шымкент қаласының білім бөлімі 2017 жылғы 29 мамырда облыс әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен өткізілген мәжілістің №5 хаттамалық тапсырмасының 6-бөлігінің орындалуы бойынша білім бөлімі тарапынан облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісе отырып, жалпы білім беру ұйымдарындағы қыздар ұйымдарының жұмысын жандандыру, ерте жүктілікті, репродуктивті денсаулығын қорғауды алдын алу жөнінде бірлескен іс-шара жоспары құрылды. Іс-шарада қыздар арасында орын алатын құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, суицидтік жағдайлардың алдын алу, сапалы   медициналық қызметке қолжетімділік құқығын іске асыру жолдары және 1 желтоқсан - Бүкіл дүниежүзілік  СПИД-ке қарсы күрес күні» тақырыбында дөңгелек үстел, наркодиспансер мен тубдиспансер қызметкерлерімен кездесу өткізу, мектеп жасындағы қыз балалар арасында ерте жүктілікті болдырмау жолдары жөнінде медициналық және әдістемелік әдебиеттерінің көрмесін ұйымдастыру мәселелері жоспарланып, орындалуы бақылауға алынды.

     Бұқаралық ақпарат құралдарында қыздар тәрбиесіндегі қателіктерді алдын алу және болдырмау тақырыптарында мақалалар, сұхбаттар жариялау, білім беру ұйымдарында отбасылық құндылықтарды және бақытты балалық шақты насихаттайтын позитивті бейнероликтердің көрсетілімін ұйымдастыру, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, алдағы оқу жылында да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Шымкент қаласының білім бөлімі қала мектептеріне 1 сыныпқа өтінішті онлайн қабыладу тәртібін ұсынады

Шымкент қаласының білім бөлімі қала мектептеріне 1 сыныпқа  өтінішті онлайн қабыладу тәртібін   ұсынады . . .

https://youtu.be/eTvxRFN-q0A