Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Құқықтық апталық

3

 

Ағымдағы жылдың 18-23 қаңтар аралығында ата-аналардың міндеттері  мен жауапкершілігін арттыру мақсатында құқықтық апталық өткізілді.

Апталық барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының, «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»  Заңдарының, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандар мен ата-аналардың жауапкершіліктері мен міндеттері ақпараттандырылған 25 000 аса брошюра шығарылып, күндізгі уақытта халық көп шығарланатын базарларда, түрлі сауда орталықтарында, вокзалдарда, ал түнгі мезгілде көңіл көтеру орындарында, ойынханаларда таратылды. Сондай-ақ, іс-шара барысында көңіл көтеру орындарының, сауда орталықтарының, дүкендердің әкімгерлері арқылы тұтынушыларға тарату жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс жұртшылығына ақпараттандырылды.

41

Сонымен қатар, ата-аналардың бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлетіндігін анықтау мақсатында «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» тақырыбында 2000 аса ата-аналардан сауалнамалар алынды.

Апталық барысында барлық білім беру мекемелерінде ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылып, міндеттері мен жауапкершіліктері түсіндірілді.

2

Публикация: 29.01.2016 г.