Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Қала бойынша 2016-2017 оқу жылында 11 сыныпты 7 431 оқушы бітірді

Қала бойынша 2016-2017 оқу жылында 11 сыныпты 7 431 оқушы бітірді. Оның ішінде 4 941 қазақ, 1 326 орыс, 1 164 өзбек сыныптарының бітірушілері.
Қазіргі таңда 7 431 бітірушінің 5059 — і (70%) ҰБТ тапсыруға өтініш берген.
22-маусым күні 26 мектептен 974 (813 қазақ, 134 орыс тілдерінде) бітіруші ҰБТ тапсыруға өтініш берген. 976 бітірушінің 974 -і тестілеуге қатысып, 2 оқушы өз өтінішімен тестілеуге қатыспады.
Тестілеуге кіргізу кезінде ҰБТ қағида талаптарының бұзылуы орын алған жоқ, барлық бітірушілер арнайы рамалы металл-іздегіш арқылы өткізіліп, ұялы телефондары алынды.
Бүгінгі күннің қорытындысымен қалалық орта балл 82.0 балды құрады.
100 баллдан жоғары жинағандар — 258 (26,4 %) оқушы.
ҰБТ ережесін бұзып, аудиториядан шығарылғандар жоқ.
ҰБТ тапсырмаларының ең жоғары балл 140 болса, 22-маусым күні №72 жалпы орта мектептің оқушысы Мантай Назерке – 135 балл жинады!
Жалпы осы күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын
5059 оқушыдан 2 287 -і тест тапсырды.
Орта балл көрсеткіші қала бойынша – 81,8
100 балдан жоғары балл жинаған – 531 (23,2 %) оқушы.

Публикация: 23.06.2017 г.