Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Қалалық ΙΧ дәстүрлі Менделеев олимпиадасы

sait Ағымдағы жылдың ақпан айының 24-26 жұлдыздары аралығында Шымкент қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, Оңтустік Қазақстан Мемлекеттік Университетімен бірлескен ΙΧ дәстүрлі Менделеев олимпиадасы өтті.Олимпиаданың 1 туры №15 мектеп-лицей базасында болды. Қала мектептерінен 1 турға 113 оқушы қатысып: оның ішінен 41 оқушы 2 турға жолдама алды.

25.02.15 күні олимпиаданың екінші кезеңі ОҚМУ «А» корпусының инжинерлік және биотехнология химия кафедрасында №401, №402 және №403 аудиторияларда болып өтілді. Әр аудиторияға жауапты мұғалімдер мен зертханашылар бекітілген:

Бейсбекова Роза, Джакипбекова Нағима, Шолпан Аштаровна. Оқушылардың жұмысты орындау уақыты 3 сағат. Екінші айналымның нәтижесін комиссия мүшелері:

1.Кафедра меңгерушісі,т,ғ,д Бекжігітова Куләш

2.Химия ғылымдарының доценті Бейсбекова Роза

3 Химия ғылымдарының докторы Джакипбекова Нағима.

4. Химия ғылымдарының докторы Акилов Талғат Құрақұлы

Осы аталған комиссия мүшелерінің қорытынды нәтижесі бойынша мына оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

25.02.15 күні ОҚМУ бас бөліміне акт залында олимпиада қорытындысы болып өтті. Қорытынды кешке олимпиадаға қатысушы барлық оқушылар мен бітіруші түлектер шақырылды. Кештің ашылу салтанатын ОҚМУ Химия кафедрасының деканы Болысбек Айдар сөз алып қатысушы оқушыларды жүлделерімен құттықтап, келешекте ОҚМУ студенттері бола беруге тілек білдірді және ОҚМУ ректорының атынан 3 гранты жеңіп алған мына оқушыларды шын ықыласымен құттықтап сертификаттарымен марапаттады.

1.Крекешова Аида №15 мектеп

2.Сұлтанмұратова Аяулым №25 мектеп

3.Балқыбекова Аруна №65 мектеп

Құрметті грант иелері, ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
sait1

sait2

sait3

Публикация: 02.03.2015 г.