Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Қалалық білім қызметкерлері тамыз кеңесінің ПРЕСС — РЕЛИЗІ

 

Қалалық білім қызметкерлері тамыз кеңесінің

ПРЕСС — РЕЛИЗІ

 

Тақырыбы: «Отбасы,мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы»

Өтетін орны, уақыты: 2011 жылдың 19 тамызында Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы драма театры сағат 11.00 басталады.

Шақырылғандар: Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ә.Бектаев, Шымкент қаласының әкімі А.Жетпісбаев, қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП өкілдері, білім және тәрбие беру ұйымдарының басшылары, ұстаздар қауымы.

Мақсаты: 2009 — 2010 оқу жылының қорытындысы және 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, жаңа 2010-2011 оқу жылының мазмұнын жаңарту жолында білім беру ісі қызметкерлерінің білімділік, біліктілік, ақыл-ой әрекетін жаңа арнаға тоғыстыру.

Баяндамамен білім бөлімінің бастығы Жанат Арысбекқызы Тажиева сөз сөйлейді. Өз сөзінде 2009-2010 оқу жылына қорытынды жасап, жаңа 2010-2011 оқу жылының міндеттерін жоспарлайды. Сонымен қатар, оқу жылының қорытындысы бойынша үздік танылған мектеп ұжымдары, ұстаздар қауымы марапатталады. 

Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мекемелер саны — 83. Оның ішінде: 70 мектеп орта, 6 мектеп негізгі, 7 мектеп бастауыш буында. Кешкі мектептер саны – 3. Мектептердің 62-і типтік, 21-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Оқушы саны — 95394

Бүгінгі күні апатты жағдайдағы мектептер саны – 3 (№5, 66,19)   “ҚБ Главпроектстрой” ЖШС-нен қорытынды алынып (18.03.2010), мектеп ғимаратын бұзуға қаулы шығарылды. Мектеп ғимаратының орнына  300 оқушыға арнап жаңа мектеп құрылысын салу 2011 жылға жоспарланды.  Бұл ғимаратқа ЖСҚ дайындалған. №5 орта мектеп оқушылары үшін жаңа оқу жылында мектеп жанындағы «Мирас» жоғарғы оқу орнының бос ғимараты жалға алынды.  №66 орта мектепке облыстық бюджеттен 113 541,0 мың теңге қаржыға ЖШС «Жедел құрылыс» мекемесі қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде. №19 орта мектеп жанынан 250 орынға қосымша құрылыс салуға “Sinotek-инженеринг” ЖШС-гі жоба дайындады. Бүгінгі күні облыстық бюджет есебінен  250 орынға қосымша құрылыс салынуда.  Тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айы.

ҚР Президентінің «100 мектеп, 100 аурухана салу» бағдарламасы аясында 1200 орындық 6 мектеп (Қазығұрт, Қайтпас-1,2, Самал-3, 15 ш/аудан, Тұрлан экспедициясы) салынуда. Қазығұрт ш/ауданындағы № 86 жалпы орта мектеп тапсырылып, ашылу салтанатына Елбасымыздың өзі қатысты. Тұрлан, Самал-3, Қайтпас-2, 15 ш/аудандарындағы 1200 орындық жаңа мектептер 2010 жылдың 1 қыркүйегіне дейін іске қосылады, Қайтпас-1 ш/ауданындағы 1200 орындық жаңа мектеп құрылысы 2010 жылдың қараша айында беріледі деп жоспарланып отыр. 

Жергілікті бюджет есебінен «Азат» мөлтекауданындағы 550 орындық мектеп құрылысын 1 қыркүйекке дейін тапсыру жоспарлануда.

Облыстық бюджет есебінен 6 мектепке (№ 23,63,53,19,76,83) қосымша құрылыс салынуда, жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарлануда.

2011 жылы 3 жаңа мектеп құрылысы, 3 қосымша құрылыс Республикалық бюджет есебінен салу жоспарланған. Олар: Жайлау м/ауданында 336 орынға, «Сауле» м/ауданында  1200 орынға және № 5 орта мектептің орнына 300 орынға.

Биылғы жылы жалпы күрделі жөндеу – 3 мектеп, 5 балабақшаға жүргізілді. Олар: «Жол картасы» аясында Республикалық бюджеттен 1 орта мектеп (№ 79 о/м), 2 балабақша (№ 31,43 б/б) — 53,15 млн. теңге, облыстық бюджеттен 4 балабақша (№ 17,22,43,89) — 98 849,0 мың теңге қаржыға,   жергілікті бюджеттен 2 мектепке (№9,39) — 100 млн. теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы күрделі жөндеуге қаралған қаржы 252 млн. теңге.

Мектептердің ішкі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаржы 98 млн. 921 мың теңге.

            Қалада 2008-2009 оқу жылында ұлттық бірыңғай тест тапсыру көрсеткіші 73,1 орта балл болса, 2009-2010 оқу жылында орта көрсеткіш 92 баллды құрап отыр. Алтын белгі иегерлігіне  үміткерлер 2008-2009 оқу жылында 80 баладан 41 бала ақтады, 2009-2010 оқу жылында 129 үміткерден 109 бала ақтап шықты.

Қорыта айтқанда, білім қызметкерлерінің қалалық тамыз кеңесінде білім саласына қатысты мәселелер талқыланып, жаңа оқу жылына міндеттер мен мақсаттар қойылады.

 

Білім бөлімі ұйымдастыру – кадрлық жұмыстары секторының меңгерушісі                                                Ж.Базарова