Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Қалалық білім ұяларының жаңа оқу жылына дайындық жұмысы пысықталды

57ada859e6a61

 

Жаңа оқу жылына дайындық қорытындысы бойынша, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева брифинг берді. Оның айтуынша, биыл шаһар аумағындағы 124 мектеп пен 80 балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде №13, №28, №38 мектептер менүш балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Ынтымақ» және «Қаратөбе» шағын аудандарындағы мектептердің  құрылысы да ағымдағы жылы жөндеу көрмек. «Шымкентте апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толық шешілген», — дейді қаланың бас ұстазы Ж. Тәжиева.

— Қазіргі таңда №34 мектептің 150 орындыққа лайықталған оқу ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. 2015 жылы 9 мектеп үш ауысымда жұмыс істеді. Биыл олардың саны жетіні құрап отыр. Бұл мәселені шешу үшін қала маңындағы аудандарда жаңа мектептердің құрылысын  уақытша кеңейтіп құру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда қалалық білім бөліміне қарасты 221 білім мекемесінің 171-де ағымдағы жөндеу, сығымдау жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттары рәсімделді. Қалған нысандардағы жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес ағымдағы жылғы 15 тамызға дейін аяқталатын болады.Қысқа дайындық жұмыстары бойынша, Шымкент қаласына қарасты 223 білім мекемелерінің қатты отынды қажет ететін 23 мекемеге 4448 тонна көмір толығымен жеткізілген.

Сонымен қатар, 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығын қамтитын республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл тоғызыншы жыл жалғасуда. 2016 жылы республикалық акциясы барысында 29644 оқушыларға қолдау көрсетілетін болады. Мемлекет есебінен көмек көрсетілетін балалардың саны 5000 құрайтын болса, «Қызыл ай» қоғамдық қоры есебінен 308 оқушылар сырт киімен қамтылатын болады.Демеушілердің есебінен 4000 балаларға көмек көрсетіліп, «Халық банкі» АҚ және «Билайн» байланыс орталығымен 10000 оқушы оқу құралдарыменен қамтылатын болады.

 

Ақпарат   Шымкент   қаласы  әкімдігінің  баспасөз қызметінен  алынды.

Публикация: 15.08.2016 г.