Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Қалалық Мұқағали Мақатаев оқуларының қорытындысы

sait
М.Мақатаев оқуларына жан–жақты дарынды, поэзияны сүйетін, оны тақырыпқа сай талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті, әрі ақындық талабы бар жалпы білім мекемелерінен 108 үміткер қатысып, №43 жалпы орта мектеп базасында өткізілді.

Үміткерлер «Менің пірім — Мұқағали», «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап…», «Жыр эстафетасы» («Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэмаларын жатқа оқу, берілген ұйқасқа өлең құрау), «Өлеңнен өрілген ой» айдарында үміткер берілген Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша оның тақырыптық мазмұнын ашу, көркемдік ой кестесімен тақырыпты дамыту, «Мұқағалидің мұрасын кім көп біледі?» сұрақ – жауап ойыны арқылы өзара сынға түсеті.

Байқау өз дәрежесінде ережеде көрсетілген талаптарды орындай отырып, ұйымдасқан түрде өткізілді.

Байқаудың қорытындысы бойынша бұйрықпен бекітілген қазылар алқасының шешімімен мектеп оқушылары төмендегі жүлделі орындарды қанжығасына байлады.

Бас жүлдені — №36 жалпы орта мектептің 8 сынып оқушысы Эрмаханова Сандуғаш, жүлделі І орынды №86 жалпы орта мектептің 10 сынып оқушысы Сәрсенбаева Динара иеленсе, жүлделі ІІ орындарды №№56, 25, 64, 28 мектептің оқушылары және жүлделі ІІІ орындарды №№116, 96, 78, 43 мектептердің оқушылары иеленді. №№52, 77, 69, 89, 120, 37, 2, 80 жалпы орта мектеп оқушылары мақтау қағазымен марапатталды.

sait1

sait2

sait3

sait4

sait5

Публикация: 23.02.2015 г.