Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Жарқын болашақ» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өз мәресіне жетті

saitҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің 2014 жылғы 26 ақпандағы №02-2/2493-вн хатының және «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының 2014 жылғы 14 қарашадағы №100/01-60 бұйрығымен бекітілген ережеге және облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының 2015 жылғы 04 ақпандағы №200 бұйрығы, білім бөлімінің 2015 жылғы 13 ақпандағы №81 бұйрығы негізінде «Жарқын болашақ» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі №24 жалпы орта мектебінің базасында 2015 жылдың 25 ақпан күні өткізілді. Олимпиадаға 157 оқушы қатысты.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 конкурсты қамтыды: «Сөз шеберлері», «Әнші — бұлбұлдар», «Жазушылар», «Жас ғалымдар», «Тілші-әдебиетшілер».

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Сөз шеберлері» бөлімінен жүлделі І орынды №25 мектеп оқушысы, жүлделі ІІ, ІІІ орындарды №24, №74, №44, №35, №41 №28 мектеп оқушылары иеленсе, «Әнші-бұлбұлдар» бөлімінен жүлделі І орынды №24 мектептің оқушысы, жүлделі ІІ,ІІІ орындарды №№68, 38, 56, 30, 86 мектеп оқушылары, «Тілші-әдебиетшілер», бөлімі бойынша жүлделі І орынды №24 мектеп оқушысы иеленсе, жүлделі І,ІІ орындарды №№78, 56,39, 36 мектептер иеленсе, «Жазушылар» бөлімінен жүлделі І орынды №19 мектеп оқушысы иеленсе, жүлделі ІІ,ІІІ орындарды №78, №25, №72 мектеп оқушылары иеленсе, «Жас ғалымдар» бөлімінен жүлделі І орынды №25 мектептің оқушысы, жүлделі ІІ,ІІІ орындарды №24, №90, №18 мектеп оқушылары қанжығасына байлады.

sait1DSC_0023

sait2DSC_0040

sait3DSC_0005

Публикация: 26.02.2015 г.