Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

ҰБТ-ДА ШЫМКЕНТТІК ШӘКІРТ 135 БАЛЛ ЖИНАДЫ

Күнгейде түлектердің 11 жылдық білімін таразылайтын тестілеу жалғасып жатыр. Шымкент қаласында 22-маусым күні 26 мектептен 974 (813 қазақ, 134 орыс тілдерінде) бітіруші ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Арасында 2 оқушы өз өтінішімен мемлекеттык сынаққа қатыспады. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, шәкірттерді айтулы тестке кіргізу кезінде  заң талаптарының бұзылуы орын алған жоқ. Барлық түлектер арнайы рамалы металл-іздегіш арқылы өткізіліп, ұялы телефондары алынды. Сондай-ақ, ҰБТ ережесін бұзып, аудиториядан шығарылғандар тіркелмеген.

Үшінші күннің қорытындысы бойынша орта балл – 82.0 баллды құрады. 100 баллдан жоғары жинағандар саны – 258 (26,4 %) оқушыға жетті. Тестілеу тапсырмаларының ең жоғары ұпайы –  140 болса, 22-маусым күні №72 жалпы орта мектептің оқушысы Мантай Назерке – 135 балл жинады!

Ал қала бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын оқушылардың барлығы – 5059 болса, бүгінге дейін оның 2 287 -і тапсырды. Орта балл көрсеткіші – 81,8-ге тең. Әзірге 531 (23,2 %) оқушы 100 балдан жоғары  жинап отыр! 

Айта өтейік, биыл Шымкент қаласында 11-сыныпты 7 431 оқушы тәмамдады. Оның ішінде – 4 941 қазақ, 1 326 орыс, 1 164 өзбек сыныптарының бітірушілері.

 

ҰБТ-да шымкенттік шәкірт 135 балл жинады

Публикация: 23.06.2017 г.