Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

ҰБТ көрсеткіші – мұғалімнің кәсіби шеберлігінің нәтижесі

2
  2015 жылдың 7 қазан күні Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицей базасында  «ҰБТ көрсеткіші – мұғалімнің кәсіби шеберлігінің нәтижесі»  тақырыбында семинар жоспарға сәйкес, ұйымдасқан түрде өткізілді.
Семинар Шымкент қаласы мектеп бітірушілерінің 2015 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудың қорытындылары туралы 2015 жылғы  9 шілдедегі №1168 қаулысын орындау мақсатында өтті.

Семинарда аталмыш мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.Амреева «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау өзекті мәселе» тақырыбында баяндама жасаса, мектептің математика пәнінің мұғалімдері Н.Егізбаева, Ж.Дабыс, химия пәнінің мұғалімі М.М.Ербакиева, география пәнінің мұғалімі А.А.Утельбаева және қазақ тілі және әдебиеті пәннің мұғалімі А.Т.Ақылбек сонымен қатар, мектеп психологы Н.Байсейтовалар өз тәжірибелерін жиналған көпшілікпен бөлісті.

Жоспарлы түрде өткізілген семинарда жиналған жалпы білім беру мекемелерінің ұстаздары өз ойларын ортаға сала отырып, ҰБТ көрсеткішін көтеру мақсатында құнды мәліметтерді өздерімен ала кетті.

1-1

 

Публикация: 08.10.2015 г.