Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Өзбек тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығының педагогикалық негізі

Новый рисунок (2)

 

2016 жылдың 12 сәуір күні Шымкент қаласы №57 жалпы орта мектеп базасында қала мектептерінің мұғалімдерімен әдіс алмасу, мұғалімдерді қоғамдастыққа баулу, шеберлік сынып сабақтарын өткізу арқылы тәжірибе алмасу мақсатында «Өзбек тілі мен  әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығының педагогикалық негізі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарға қала мектептерінен 42 мұғалім қатысты.

Мектеп ұжымы семинарды бағдарламаға сәйкес ұйымдастырылған түрде өткізді. Бастауыш және өрта, жоғары буын сыныптарында өзбек тілі мен әдебиеті пәнінен ұйымдастырылған мазмұнды сабақтар, мектеп ұжымының педагогикалық-шығармашылық көрмелері, мектеп өмірінен бейнефильмдер,сонымен қатар,«Әдебиет – адам ішкі әлемінің бейнесі» тақырыбындағы әдеби-композициялық кеш қонақтардың көңілінен шықты.

Семинар соңында қатысушылардың пікірі тыңдалып, кері байланыс алынды. Сондай-ақ, мектеп ауласында «Бау жарату – ізгі қасиет» атты іс-шарада мектеп ұжымымен бірге семинар қонақтары қатысып, 43 ағаш отырғызылды. Семинар қатысушылары оның ұйымдастырылуы мен өткізілуін жоғары деңгейде өткенін ерекше атап өтті.

Новый рисунок (1)Новый рисунок

Публикация: 14.04.2016 г.