Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Өзекті мәселелер

Үш ауысымдағы мектептер:

Бөлімге қарасты 129 мектептің 7 мектебі үш ауысымда білім алуда. Олар №59,69,76,80,82,83,87 мектептер. 2017 жылы №59 мектепке қосымша 600 орындық, №69 мектепке 1200 орындық жаңа, №76 мектепке 1200 орындық жаңа, №82 мектепке Игілік тұрғын алабынан 600 орындық жаңа, №83 мектепке 1200 орындық жаңа, №80 мектепке әкімшілік іскерлік орталығында 1200 орындық жаңа мектеп құрылыстары пайдалануға берілді. Самал-3 м/ауданындағы №87 мектепті жеңілдету мақсатында 2017 жылы ЖСҚ дайындалып 2018 жылы 1200 орындық мектеп салу жоспарлануда.

[свернуть]
Үш ауысымға өту қауіпі бар мектептер:

Үш ауысымға өту қауіпі бар 11 мектеп. (№1,9,23,63,65,79,84,99,103,56,27). №27 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс салынып 2017 жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару арқылы 2018-2020 жылдар аралығында №23,65,63,84,79 мектептерге қосымша құрылыстар жоспарланған. ЖСҚ дайын №99,103 мектептерге 2017 жылы қосымша құрылыстар салуға қаржы қарастырылуда.

[свернуть]
Білім мекемелерін оқулықпен қамту:

2016-2017 оқу жылына ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы №13 бұйрығы негізінде 1,8-сыныптардың оқулықтары 100% қамтылды. Жаңа 2017-2018 оқу жылында ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2010 жылғы 8 қазандағы №4-02-2/2618 бекітілген кестесіне орай 2,5,7 сыныптардың оқушыларына оқулықтарды 100 % қамту жоспарлануда.

[свернуть]
Білім мекемелері жанына жол белгілерін орнату жұмыстары:

Бүгінгі күні, Шымкент қаласының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің жанына білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері мен кедергілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Мекеме түрі Жол кедергілері Жаяу жүргіншілер белгісі Бағдаршам Жол белгілері

Жаяу жүргіншілер жолы (тротуар)

1

Мектептер

66 72 17 87 81
2 Балабақшалар 26 16 7 29

56

[свернуть]