Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

1-маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай қайырымдылық акциясы өтті

Шымкент қаласының білім бөлімі, 1-маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қайырымдылық акциясын 2017 жылы 1 — маусым күні «Шымкент-холл» мейрамханасында өткізді.

Шымкент қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1-маусым «Балаларды қорғау күні» жақсы дәстүрге айналып келеді.

Мереке қайырымдылыққа, қамқоршыларға, әрдайым жәрдемдесуге дайындығын бір-біріне қамқорлық көрсетуге бағытталады.

Қайырымдылық акциясына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов, 100 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қамқоршылар және демеушілер қатысты.

Қазіргі танда Шымкент қаласында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны — 776, оның ішінде 33 бала патронаттық тәрбиесінде.

 
Публикация: 01.06.2017 г.