Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

12 083 бала қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлерде демалдыру ұйымдастырылды

Жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 12 083 бала қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлерде демалдыру ұйымдастырылды. Бұл жалпы оқушы санының 7,5%-н құрайды. Жеке тоқталар болсақ, мемлекет есебінен 5 483 оқушы «Арман», «Үшбұлақ», «Ақсу» лагерлеріне жолдама алса, демеушілер мен кәсіподақ есебінен – 6 600 оқушы қала сыртындағы басқа лагерлерде демалатын болады.

Қазіргі таңда, қала сыртындағы лагерлердің 3-ауысымы басталып, барлығы  2297 оқушы демалуда.

Одан бөлек, 113 мектеп жанынан алаңдар ашылып, оған  31 565 бала қамтылды.

Жалпы  жазғы демалыспен 43 648 бала қамтылып, 30%-ды құрап отыр.

Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаладағы  12 аула клубымен, 5 мәдениет үйімен, қалада орналасқан дендро, қиял әлемі, кең баба саябақтарымен, мұражайлармен және зообақпен келісім-шарттар түзіліп, балалардың жазғы демалысын қызықты өткізу бағдарламалары жасалынды.

Барлық мектепте спорттық секциялар мен түрлі үйірмелер ашылып, көгалдандыру бригадалары жұмыс жүргізуде.

Қаламыздың  мұражайларына, тарихи орындарға туристік шерулер мен саяхаттар ұйымдастырылуда.

 

Публикация: 29.06.2017 г.