Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Мектеп қыздар футбол лигасы

сайт12015 жыл 1 қазан күні №47 мектеп-гимназиясының спорт базасында

Оңтүстік Қазақстан Облысы,  Шымкент қаласында! Қазақстан Республикасының Футбол тарихында тұңғыш рет!    «Мектеп қыздар футбол лигасының»салтанатты ашылуы өтті.

Мақсаты: «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев, 2020 жылға дейінгі дамудың стратегиялық басым  бағыттарының бірі  ретінде  Қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуды міндеттеген болатын:

Оның ішінде, спорттың материалдық-техникалық базасын ны­ғайту, спортшыларды дайындау сапасын арттыру және бұқаралық спортты  дамыту Қазақстан спортының әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және еліміздегі бұқаралық спортты ілгері жылжыту.сайт3 (1) Футбол спорты бойынша:Кәсіби футболшыларды мамандандырылған мектептер даярлайды. Біз, бірақ, мұнымен шектектеліп қоймауымыз керек.Қазір спорт үйір­мелері мен секцияларын көбейту бойынша жалпы білім беру мектептерімен жұмыстар жүрігізу қажет деп белгілеген: Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру негізінде, Қазақстан Республикасында футбол спортын дамыту, оның ішінде қыздар футболын дамыту мақсатында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасында алғаш рет «Мектеп қыздар футбол лигасы»құрылып отыр.

«Мектеп қыздар футбол лигасы» ЖОБАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫП, ҚҰРУШЫЛАР:

1.Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының БИіК футбол орталығы жауапкершілік шектеулі серіктестігі.

2.«Қазақстанныңфутбол федарациясы» Қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі әйелдер футбол бөлімі

3.Шымкент қаласының білім бөлімі; және білім бөліміне қарасты футболдан алғаш рет арнайы спорт сыныбын ашқан №39 жалпы орта мектебі және спорт сыныбын ашуға үміткер №54 жалпы орта мектебі мен лиганың ойындары өтетін №47,87,39,64,65,17,104,50 базалық мектептері мен қаламыздың лига жарыстарына қатысушы 64 мектеп командалары.

«Мектеп қыздар футбол лигасын» Қолдаушылар.

1.Қазақстан Республикасының футбол федарациясы.

2.Оңтүстік Қазақстан облысы денешынықтыру және спорт басқармасы.

3.Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты тілдерді дамыту басқармасы.

4.Шымкент қаласының денешынықтыру және спорт бөлімі.

Жиын соңында;Қазақстан Республикасының Футбол тарихында тұңғыш рет!  Ашылып  отырған!   «Мектеп қыздар футбол лигасының» Құрылуымен Қазақстан Республикасының футбол федарациясы барша қатысушыларды құттықтауы жеткізіліп, Қазақстан Республикасының футбол федарациясының атынан лигаға қатысушы мектеп командаларына футбол ойынына пайдалану үшін футбол доптарымен  қамтамасыз етеді.

Публикация: 01.10.2015 г.