Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Шымкент қаласында № 57 «Хадиша» бөбекжай балабақшасы ашылды

57 ББ

2015  жылдың  14 қазанында  Шымкент қаласында № 57 «Хадиша» бөбекжай балабақшасының салтанатты  ашылуы өтті. Балабақша 320 орындық 16 топқа негізделген. Барлық бөлмелер толығымен жабдықталған, асхана музыка залы, балалардың салауатты өмір салтын  қалыптастыруға арналған  спорт залы және әр топқа арналған ойын алаңшалары бар.  Балалардың денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, балалардың психологиялық ерекшеліктерін қадағалайтын психолог, логопед және  ұстаздар бөлмелері  бар. Ұйымдастырылған оқу – іс әрекеттері үш тілде: қазақ  тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Әрбір  бөлме сол  топ  балаларының жас  ерекшілігіне  қарай дайындалған.

Сонымен қатар бөбектер ұйықтайтын бөлмелері мен сапалы білім мен саналы  тәрбиеленетін бөлмелері жеке  дара. Жататын бөлмелер де  қажетті құрал жабдықтармен қамтылған.

Сондай  ақ бүлдіршіндердің жас  ерекшелігіне  сай ақыл –ойын дамытатын сан  алуан ойыншықтар  түрімен  қамтамасыз етілген.

Публикация: 20.10.2015 г.