Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

№18 БӘЙТЕРЕК БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫНА ЖАҢА МЕҢГЕРУШІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ!

Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты №18 Бәйтерек бөбекжай балабақшасының меңгерушісі лауазымына тағайындау бойынша ашық конкурс жарияланып, 3 үміткер қатысты. Қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов төрағалық еткен комиссия құрамында қала әкімінің орынбасары, қалалық мәслихат депутаттары, жоғарғы оқу орындарының, ОҚО білім басқармасының, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері болды. Сонымен қатар, бақылаушы ретінде конкурсқа №18 Бәйтерек бөбекжай балабақшасының ата-аналар комитеті мен кәсіподақ ұйымының төрайымдары шақырылды. Нәтижесінде, алдынғы конкурстарға 3 рет қатысып, үмітін үзбей, бағын сынаған үміткер Гүлманат Беркімбаева сұрақтардың барлығына дұрыс жауап беріп, аталған балабақшаның меңгерушісі болып тағайындалды. ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

 

Публикация: 28.09.2017 г.