Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында атқарылған жұмыстар

 

Шымкент қаласы білім бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл жөніндегі  2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында атқарылған жұмыстар

 

Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №1416 қаулысымен Шымкент қаласында 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізінде слайд:№1,2

Шымкент қаласының білім бөлімінің 20.08.2015 жылғы №553 бұйрығымен бекітілген «Шымкент қаласы білім бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» негізінде бөлімге қарасты  білім беру мекемелерінде де іс-шара жоспары бекітіліп, 2016 жылдың   1 тоқсанында бір қатар жұмыстар атқарылды; слайд:№3

Яғни, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» N 267 Заңының  Күші жойылып — Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңы қабылданып 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.  слайд:№4,5,6

Шымкент қаласының білім бөлімінің ұйымдастырумен бөлімге қарасты білім беру ұйымдарының басшыларының қатысумен №72 жалпы орта мектебінде 08.01.2016 жылы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен жұмыс жүргізу бөлімінің өкілінің қатысумен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңы бойынша құқықтық семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Аталған жоспарға сәйкес саяси партия, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызметкерлерінің өкілдерімен бірлесе отырып бөлімге қарасты №2,10,14,16,25,31,37,38,43,46,47,56,68 жалпы орта мектептерімен №39,70 бөбекжай балабақшалары тұрақты түрде дөңгелек үстел, семинар, форымдар тұрақты түрде кездесулер өткізуі тәжірибеге енгізілген.

Атқарылған іс-шаралар бойынша қала және облыс әкімдігіне тоқсандық есеп беру мақсатында бөлімге қарасты білім беру ұйымдарынан тоқсандық есеп қабылдау барысында білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізіп жатқан жұмыстарының орындалуы бірінші басшының жауапкершілігі болып табылады, ал атқарылға жұмыстардың есебін жүргізу бірінші басшының тәрбие іс жөніндегі орынбасары болып белгіленсе, балабақша бойынша әдіскері болып белгіленген. слайд:№7,8

Алайда, білім беру мекеме басшысының қандайда құжаттарға қол қойып жатқанын қарамай немесе аталған іс-шараға немқұрайлықпен қарап, фармалді түрде хаттамалармен актілерді рәсімдеу жұмыстары жүргізілгендігі анықталды. слайд:№9,10

 «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған бағдарлама» аясында нақты жұмыстар атқаруды және мекеме ұжымымен жоспарлы түрде тоқсанына бір рет құқықтық сабақтар ұйымдастыруды, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын білім беру мекемелерінің кіреберіс фоесіне ашық жерге ілуді, сенім телефонын сенім жәшік бетіне жаза отырып сенім жәшігін көзге көрінер жерде орналастыруды және арнайы комиссиямен 15 күнде бір рет сенім жәшігін ашып, жұмыстар жүргізуді және атаулы мерекелермен мекеменің ағымдағы жөндеу жұмыстарына, жаңа оқу жылында, мектеп бітіру кештерімен атаулы мерекелерде байланысты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ақша жинамау жөнінде хаттар жолданып, нақты тапсырмалар берілген.

Сонымен қатар, №33 ЖОМ-нің бір топ мұғалімдерінің осы мектептің бұрынғы директоры А.Аманованың заңсыз іс-әрекеттері туралы жазылған арызы негізінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменінің «Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқада заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде» ҰСЫНЫС келтілтіріліп, арызда, Оңтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінен мемлекеттік аттестаттаудан өту үшін басшылық тарапынан әрбір мұғалімнен белгіленген сомада қаржы жинауы негіз болған.

Осы тектес облыс, қала әкімдігінің және білім бөлімнің электрондық сайттарына ақша жинау мәселесі бойынша арыз шағымдар толассыз келіп түсуде, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы 6 тармағының негізінде тиісті органдарға қарауға жолдануы тиіс. Сол себепті педагог қызметкерлерден ақша жинау мәселесін тоқтату қажет деп білемін.

слайд:№11

Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында бірінші кезектегі міндеттерді ұсынамын;

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық бағдарламасы аясында жұмыстар жандандырылсын.

— Мемлекеттік қызметкерлер және саяси партиялар, қозғалыстармен, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қоғамдық тыңдаулар, акциялар дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер және іс-шаралар тұрақты түрде өткізілсін.

— ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу күшейтілсін.

— Мерекелік іс-шараларға, мекеменің қажетілік тауарларына, ағымдағы жөндеу жұмыстарына және т/б. қажеттіліктерге ақша жинауға тиым салынсын.

— ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы бойынша стенттер жаңартылсын және сенім жәшіктерімен сенім телефондарының жұмыстарын жандандырылсын.

— ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы аясында жұмыстары жүргізіліп, олардың қорытындысын ВЕБ — порталда уақтылы жариялау және ашықтықта ұстау міндеттелінсін. (МКҚК)

— Аталмыш іс-шаралар жоспарының орындалуына мекеменің бірінші басшысы тікелей жауапты болып белгіленіп, жоспар тармақтарының мерзімінде және сапалы орындалуы қамтамасыз етілсін.

 

Назар салып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!

Публикация: 01.04.2016 г.