Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Бүгін ағымдағы жылдың 29 қараша күні Шымкент қаласының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне арнаған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының барлық мектептерінде «Ядролық қарусыз әлем» тақырыбында акциялар өтті.

23 45

Аталған іс-шара барысында 167 000-ға жуық мектеп оқушылары акция аясында «Ядролық қарудын зардаптары мен нәтижелері» тақырыптарында ашық сабақтар мен көрмеге қатысты.

Іс-шара барысынла мектеп оқушылары «Ядролық қарудын зардаптары» атты деректі фильмдермен, бейне роликтерді тамалашалады.

7 11815

Сонымен қатар,іс-шараға келген қонақтар оқушылардың қолдарымен жасалған «Ядролық қару 20 ғасырдағы ең ауыр қасірет» тақырыбындағы сурет көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды.

Мерекелік шаралар оқушылар арасындағы концерттік бағдарламамен, акцияға белсенді қатысқан оқушыларды алғыс хаттармен марапаттау шарасымен жалғасын тауып, жоғары деңгейде өткізілген іс-шара көпшілік көңілінен шықты.

1617 2122

Публикация: 29.11.2016 г.