Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

«Ақтас» жаттығу алаңында далалық оқу-жаттығу жиыны

21

2016 жылдың 11  мен  16   сәуір   аралығында    Шымкент қалалық білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен     6506  әскери  бөлімінің  «Ақтас» жаттығу  алаңында  далалық оқу-жаттығу  жиыны   өтілді.

Қарулы  күштердің  мәртебесін  көтеру, әскер  туралы  оң  көзқарасты қалыптастыру,  жастарды  отансүйгіштікке  тәрбиелеу.  «ҚР-сының  Қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» заңында Отанды қорғау және Республикалық Қарулы Күштерінде қызмет ету – ҚР-сы азаматтарының халық пен мемлекет алдындағы Конституциялық міндеті мен парызы болып табылады. Жыл сайын сәуір айында «ҚР-ның  жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес 6506 әскери бөлімінің базасында  далалық оқу- жаттығу жиыны    өткізіледі.

Шымкент қаласының әкімі  Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы далалық  оқу-жаттығу жиынында   айтқан  сөзінде   жастар, Қарулы  күштердің  мәртебесін  көтеру, Отан алдындағы борыштарын қалыптастыру,  отансүйгіштікке  тәрбиелеу, білімдерін шыңдау үшін осы іс-шара ұйымдастырылып отырғандығын  жеткізді.  Осы іс-шараға белсене қатысып, Тәуелсіз Еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ететіндіктеріне сенімін  білдірді.

23

Ақтас» жаттығу  алаңында  далалық оқу-жаттығу  жиынна  қала әкімі, әкімдік қызметкерлері, Нұр Отан партиясының өкілдері, облыстық, қалалық ата-аналар, қамқоршылық кеңестерінің төрағалары, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің төрағалары, ауған соғысының ардагерлері  қатысты.

Биылғы жиынға жалпы 3327 оқушы қатысты.

Оның ішінде: 11-12.04.2016 ж.ж. Еңбекші (Қаратау) ауданынан-894 оқушы,

13-14.04.2016ж.ж. Әл-Фараби (Қаратау) ауданынан-1060 оқушы,

15-16.04.2016ж.ж. Абай (Қаратау) ауданынан-1158 оқушы.

Сонымен   қатар  Шақыру жасына жеткен ер балалар оқу дала жиыны уақытында білім беру мекемелерінде қыз балаларға арналған арнайы сабақтар жүргізілді.

4,

 

 

Публикация: 22.04.2016 г.