Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Алғашқы қазақ даласының ұстаздары және Ұлағатты ұстазға – құрмет

сайт22015 жылдың 30 қыркүйек күні Шымкент қаласының білім бөліміне  қарасты  №35 М.Мәметова атындағы жалпы орта мектеп  базасында «Ұстаздар күніне» арналған мерекелік кеш өткізіліп, мектептің 20 ардагер  ұстаздары, әр сыныптың ата-аналар комитетінің тұрайымдары мен тұрағалары 56 ата-ана шақыртылып, мектептің мөлтекауданында тұратын 20 қарияны арнайы шақыртылып, сыйлықтар беріліп, құрмет көрсетілді.

Мерекелік концертке мектептің үйірмелеріне баратын 130 оқушы қатысып, «Алғашқы қазақ даласының ұстаздары» тақырыбында Ы.Алтынсарин туралы көрініс көрсетіліп, «Ұлағатты ұстазға – құрмет» тақырыбында агитбригада көрсетіліп, ұстаздар туралы әндерден поппури айтылып, мектеп оқушыларынан квартет, квинтет және жеке скрипкада қазақша әуендер орындалды.сайт4

9 «А» сынып оқушысы Сайдулла Қуаныш және 9 «В» сынып оқушысы Өтебаева Ұлжалғас  ұстаздар  мерекесіне  орай өздернің шығарған авторлық өлеңдерін оқыды. Мектептің мұғалімдер қауымына ата-аналар тарапынан  арнайы  бір  номер  көрсетілді.

 

Публикация: 01.10.2015 г.