Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Балаларға жылулық сыйла

с гл фон

Шымкент қаласының білім бөлімі,  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлыққа алған азаматтар үшін «Балаларға жылулық сыйла» республикалық акциясы   аясында  «Қамқоршы күні» мерекесі   2015 жылы   29 қазанда   №5  жалпы орта мектеп  базасында өткізілді.

Мерекеге 100 жетім бала және 40 балаларды қамқорлыққа алған азаматтар қатысты.  Бұл мерекеге 100 баланы киіндіру іс-шарасына білім бөлімінің қызметкерлері және мектеп ұжымы демеушілерді тартты. Демеушілер ретінде 100 жетім балаларға  облыстық мәслихат депутаты Жамалбек Шарипбек Жамалбекұлы, «Зообақ»  директоры  Бухарбаев Нұрғазы Бахтыбайұлы, «Геоперфоратор» ЖШС директоры  Досметов Сергей Байболатұлы, «Ломбард Кошелек» ЖШС директоры  Ташманова Гүлжан Нұрлыханқызы, «Бейсебаева» ЖК  Бейсенбаева Фатима, «Изуми» сауда орталығының басшысы Ералиев Өмірәлі Шералыұлы, «RG Brands»  сауда орталығының басшысы Рай Руслан Александрович жылы сыртқы, бас, аяқ киімдерді сыйлады.

с1с2

Шымкент қаласының білім бөлімі аталған демеушілер және қамқоршылар алғыс хаттарымен марапаттады, мектеп оқушыларымен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама ұсынылды. Концерттік бағдарламадан соң балаларға арналған тәтті тағамдармен дастархан ұйымдастырылды.  «Қамқоршы күні»  мерекесі өте жоғары деңгейде өтті.

с5с3

 

 

Публикация: 30.10.2015 г.