Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Балалар кітапханасы ашылды

Қырық жылдық тарихы бар мекеме ғимараты 2013 жылы апатты деп танылып, жарамсыз болған. Биыл бюджеттен 44 млн теңге қарастырылып,  сәуірде кітапхана іргетасынан бастап қайта салынды. Құрылысты мердігер «Нұр таңстрой» ЖШС жүргізіп, қыркүйек айында мекеменің кілтін табыстады.



Балалар кітапханасының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, жазушы Мархабат Байғұт қатысып, лентасын қиды.

— Елбасымыз Н. Назарбаев болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласында сауатты, креативті, жаңа жетістікті меңгерген ұрпақ тәрбилеуіміз керек деген болатын. Кітапхана нағыз – білімнің құдығы. Бұл кітапхананың қоры аз емес, енді балаларымыз кітапты электронды түрінде оқуына мүмкіндігі бар. Оқушылардың бүгін көп жиналғанына қуанып тұрмын,- деп игі тілегін жеткізді Қайрат Ырзақұлұлы.

Қонақтар ғимаратты аралап, танысты. Жаңа кітапхана жиһаз, компьютерлік техникамен жабдықталған. Интернет желісіне қосылып, «РАБИС» электронды бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

Айта кетейік, Шымкентте 14 балалар кітапханасы бар.

Ақпарат   Шымкент   қаласы  әкімдігінің  баспасөз қызметінен  алынды

Публикация: 26.09.2017 г.