Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Білім беру саласы қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесі

1

2016 жылдың 24 тамызында білім беру саласы қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
ОҚО әкімі Б.Атамқұлов облыс мұғалімдерін жаңа оқу жылымен құттықтап, сөзінің соңында №66 «Қазығұрт» жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Б.Баймахановқа жаңа 3 бөлмелі пәтердің, ал № 23 мектеп-лицейі тарих пәнінің мұғалімі Ж.Мұстафаева мен № 55 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі М.Тұрғыноваға 2 бөлмелі пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

23

 

Сонымен қатар, облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде білім саласындағы елеулі табыстары үшін Шымкент қалалық білім бөлімінің ғылыми әдістемелік орталығының директоры Сражиева Гаухар Мұхиддинқызына Ы.Алтынсарин төсбелгісі тапсырылды.
Гаухар Мұхиддинқызын шың жүректеп құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс, адами бақыт тілейміз!

45

 

Публикация: 25.08.2016 г.