Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Биыл 5 мың бүлдіршін балабақшаға барады

Шымкентте 14 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Соның биыл 5 мыңына жолдама беріледі. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық білім бөлімі ұйымдастырған ашық есік күні шарасында мәлім болды. «Мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға кезекке қою және жолдама беру». Шара Шымкенттегі №36 Қазыбек би атындағы жалпы орта мектепте өтті

Гүлдер Сарбасованың көңіл-күйі бүгін әдеттегіден ерекше. Өйткені, жылдар бойы сабылып күткен бақша кезегі бойынша білім бөлімінен шақырту алды. Мектепке дейінгі мекемеге бару үшін Гүлдер сәбиін туыла сала тізімге тіркеген. Содан бері бақандай 4 жыл өтіпті. «Қолым ұзарып, енді жұмысқа шығатын болдым»,- дейді жас ана.

Гүлдер Сарбасова – Шымкент қаласының тұрғыны

Алдыңғы ұлымның кезегі келмей, сол күйі мектепке жібердік. Енді мынау екінші қызым Алла қаласа, бүгін ұялы телефоныма хабарлама келді. Қуанып тұрмын кезегі келгеніне… бақшаға барғаны жақсы ғой.

Жаңа ақпараттық жүйе сала жұмысын бір ізге түсірді. Тұрғындар балаларын кезекке электронды жүйеде тіркейді. Бұл өз кезегінде мектепке дейінгі мекеме жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде ата-ана мен қызмет көрсетуші арасында байланыс кеміп, сыбайлас жемқорлықтың жолы кесіледі. Қағазбастылыққа да шектеу қойылады.

Жалпы Шымкентте 385 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның 88-і — мемлекеттік, 271-і — жекеменшік. Қалған 26 балабақша — мектеп жанындағы шағын орталықтар. Қазір бұл мекемелерде 53 мың сәби тәрбиеленіп жатыр. Бүлдіршіндерді бақшамен қамту көрсеткіші — 87, 7 пайыз. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 пайызға орындалады деген жоспар бар. Айтпақшы, бақша кезегінде арнайы топ өкілдеріне жеңілдіктер қарастырылған. Олар алдыңғы қатарға шығарылады.

Гүлзина Уәлиханова – Шымкент қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары

мүгедектердің балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар, көпбалалы отбасының балалары, жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың балалары ие болады.

http://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/biyl-5-myn-buldirshin-balabakshaga-barady

Публикация: 26.06.2017 г.