Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика
МҰҒАЛІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ 2-КЕЗЕҢІ ӨТТІ!

Шымкент қаласы, «U study» орталығында мұғалімдерге арналған тесттің 2-кезеңі өтті. Сынаққа гуманитарлық бағыттар бойынша 1-кезеңінен 27 балдан жоғары еншілегендер жəне жаратылыстану бағыты бойынша 24 балдан жоғары балл жинаған педагогтар қатысты. Көрсеткіш оң нəтиже беріп, қала мұғалімдері арасында үздік ұстаздар іріктелуде!

«Рухани Жаңғыру» #02

Н.Ә Назарбаев «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап» деген. Себебі, кітап адамның рухани дүниесін байытатын сөздік қоры мен ойлау дағдыларын қалыптастыратын адамның жан дүниесінің серігі. Осы орайда, №129 жалпы орта мектебі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымымен бірлесіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «100 ән 100 кітап» жобасына арналған іс-шара ұйымдастырды.
Мұндағы негізгі мақсат – шәкірттерді кітап пен көркем әдебиетті оқуға баулу. Сондай-ақ, оқушыларды «Жақсыдан – үйренуге, жаманнан – жиренуге» шақыру.

Хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» №57 бұйрығы негізінде

 Шымкент қаласының білім бөлімі бөлімге қарасты №130  жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры қызметіне

  КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

  Конкурс өткізу мерзімі: Шымкент қаласының білім бөлімі осы хабарландыруды жариялағаннан кейін 15 жұмыс күні өткен соң белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 6 үй, Шымкент қаласының әкімдігі.

Мекеменің мекен жайы: Шымкент қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық,  н/з үй;

 Лауазымдық жалақы мөлшері: педагогикалық еңбек өтіліне байланысты 82468 теңгеден 97333 теңгеге дейін.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы; үш жылдан кем емес педагогикалық салада әкімшілік жұмыс тәжірибесінің болуы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы; бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы; облыстық білім басқармасының кандидатура бойынша келісімінің болуы; ҚР Білім және ғылым министрінің 27.12.2013 жылғы «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» №512 бұйрығына сәйкес жалпы орта білім беру ұйымының директорына қойылатын біліктілік талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс.

Лауазымдық міндеттері:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік  кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік  және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды  құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың  туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.

Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің  өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген  заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылықжәне материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық- гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет  барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді.

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды  әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз алуының алдын алу туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Еңбек Кодексін және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Комиссия белгілеген мерзімде конкурсқа қатысу үшін басшы лауазымына кандидат:

1) Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініші;

2) Нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат  көшірмесі;

3) Нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;

4) Нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;

5) Бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырылған фотомен кадрды есепке алу жөнідегі жеке парақ;

6) Бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) Нотариалды куәландырылған бар біліктілік санат немесе ғылыми-дәрежесі туралы құжат көшірмесі;

8) Медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат (№086 нысан);

9) Мекен-жай анықтамасы;

10) Сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет.

Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін. Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) Он сегіс жасқа толмаған;

2) Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, 49 үй, Шымкент қаласының білім бөлімі, 109-бөлме. Анықтама телефоны: 54-80-99.

Құжаттар осы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілінде жарияланғаннан кейін қабылданады. Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейінгі 15 жұмыс күнінен соң тоқтатылады.

 

 

Шымкент қаласының білім бөлімі

 

«МЕНІҢ БАЛАБАҚШАМ» #02

«NAR TV» телеарнасы арқылы күнделікті көрсетіліп отырған «МЕНІҢ БАЛАБАҚШАМ» атты жаңа тележобаны назарларыңызға ұсынамыз! Кезекті түсірілім №47 «Алтын бесік» балабақшасының 50 жылдық мерей тойына арналады. ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

"МЕНІҢ БАЛАБАҚШАМ" #02«NAR TV» телеарнасы арқылы күнделікті көрсетіліп отырған "МЕНІҢ БАЛАБАҚШАМ" атты жаңа тележобаны назарларыңызға ұсынамыз! Кезекті түсірілім №47 «Алтын бесік» балабақшасының 50 жылдық мерей тойына арналады. ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Опубликовано Шымкентом Қалалық Білім Бөлімі 5 ноября 2017 г.

 

Балабақшалар арасында «МЕНІҢ БАЛАБАҚШАМ» жобасы көрсетілуде.

Құрметті қала тұрғындары!

Шымкент қаласының балабақшалары арасында «МЕНІҢ БАЛАБАҚШАМ» айдарымен «NAR TV» телеарнасы арқылы күнделікті түсірілім жобасы көрсетілуде. Негізгі мақсаты – озат тәжірибені тарату, балалардың жан-жақты дамуына оң ықпал ету. Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақ! Олай болса, № 16 «Сымбат» балабақшасы бүлдіршіндерінің өнері мен керемет қылықтарын, қызықты сәттерін тамашалаңыздар!

ҚОШ КЕЛДІҢ ҚАЗАҚ ƏЛІПБИІ

Шымқаламыздың жас суретшілері «Қош келдің қазақ әліпбиі» тақырыбында болашақ Шымсити молтекауданында өз туындыларын ұсынды!
Іс-шараға 35000-нан астам қала тұрғындары мен оқушылар қатысты.
Ең маңыздысы, Шымкент жастары бұл іс-шараны Шымсити жаңа құрылыс аймағында өткізді! Латын әліпбиін қолдау шарасы мен жаңа құрылыс тариxы жастар есінде мәңгі қалмақ!
Қандай тамаша сәйкестік!
Балаларымыздың болашағы жарқын болсын!

 

 

 

«№88 жалпы орта мектебі футбол ойынынан 1 орынды жеңіп алды

Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

Қаратау ауданы мектептері арасында нөмірі 88-ші жалпы орта мектебі футбол ойынынан 1 орынды жеңіп алды. ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ! !

Шымкент қаласы ұстаздары арасындағы пәндік олимпиадаcы

Құрметті әріптестер! 

Биылғы жылы алғаш рет Шымкент қаласы ұстаздары арасындағы пәндік олимпиаданы 100 пайыз іріктеу арқылы өткізуді жөн көрдік.
Пәндік олимпиаданың өзі 3 кезеңнен тұрады!
1-кезеңде барлық мұғалімдерге тест арқылы сынақ тапсырып іріктеуден өтуге мүмкіндік бердік.

Әрине, бұрын мектептер әр пәннен бір ғана ұстазды ұсынатын. Енді барлық мұғалімнің қатысуға мүмкіндігі бар.
Оның үстіне төмен балл жинаған мұғалімдерге екінші рет қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.
Бірінші турдағы тапсырмалар стандарт талаптарына сәйкес дайындалған. Білім беріп жүрген ұстаздарға ешқандай қиындық туғызбайды.
Ал екі мүмкіндіктен де төмен жинаған ұстазға не дейміз…. Өзіңді де өзгені де алдама дегеннен басқа сөз жоқ!
Дегенмен, ол ұстаздарға білімін жетілдіруге тағы да мүмкіндіктер берілуі тиіс!

Екінші кезеңде жоғары балл жинаған ұстаздарға жоғары деңгейлік тапсырмалар бере отырып қайта тест тапсыруға шақырамыз!

Бұл тапсырмадан да сүрінбей өткен ұстаздар білім бөлімінің үздік ұстаздар базасына ілігіп, қажет болса санатын көтеруге де ұсыныс берілетін болады.

Үшінші кезеңде әрбір пәннен ең жоғары ұпай жинаған ұстаздардың
10 минуттық мастер класс сабағы тыңдалып облыстық пәндік олимпиадаға қатысуға жіберілетін болады!

Қымбатты ұстаздар!
Сапалы білім беру сыры — білімді ұстазда екенін ұмытпайық!
Мүмкін біреулер үшін бұл шаралар мүлдем ұнамас, түрлі қарсы пікірлер айтар…
Дегенмен, тестілеуге қатысқан ұстаздарымыздың көпшілігі жоғары ұпай жинап, өз білімдерін қиналмай дәлелдеп шығып жатқан тұстарын көріп қатты қуандым!

Тестке қатысқан ұстаздарымыздың көңіл күйінен өмірдің өзі сынақ екенін, ал біздің ұстаздар үшін білім сынағы қалыпты жағдай екенін байқадым!
Бұл бастаманы оң көзқараспен қабыл аласыздар деп ойлаймын!
Негізгі мақсатымыз елімізді өркендететін білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу!

Құрметпен: Жанат Арысбекқызы Тəжиева

ШЫМКЕНТТІК ШӘКІРТТЕР ШАXМАТТАН СЫНҒА ТҮСТІ

Шахмат ойынын ұйымдастыру арқылы жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, дарынды жеке тұлғаны жетілдіру, сондай-ақ, аула клубтарының оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту мақсатында Шымкент қаласында «Жас шахматшылар» — турнирі өткізілді. Сайысқа 7 мен 14 жас аралығындағы 200-ге жуық оқушы қатысты.
Нәтижесінде, 84 жеткіншек сайыстың 2-ші турына жолдама алды. Сондай-ақ, айтулы шаxмат сайысына алдағы уақытта ұрпақтар сабақтастығын сақтау және қоғамдық жақсы қарым-қатынас орнату үшін жеткіншектермен қатар, ардагерлер де қатысатын болады!

МЕКТЕП МЕДИАЦИЯСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ!!!

ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Бітімгершілік процедурасының даму саласы бойынша ынтымақтастық туралы» Меморандумы жасалды. Мұндағы негізгі тоқтам — дау-жанжалдың деңгейін төмендетіп, қолайлы орта құруға себепші болатын дауды сотқа дейін реттеу, сотта бітімгершілік процедурасын қолдану үшін өзара әрекеттерді жан-жақты дамыту.
Басқосуда білім беру саласындағы медиация жайлы ой-пікірлер білдіріліп, мысалдар келтіру арқылы жанжал туындамас үшін жағдайдың алдын алу жолдары түсіндірілді.