Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика
Робот құрастыруды қолға алған балалардың қуанышында шек жоқ

Робототехника үйірмесін енгізудегі негізгі мақсат — оқушылардың ой-өрісін дамытып, оларды ғылымға баулу. Болашақта шымкенттік оқушылар да халықаралық жарыстарда топ жарып, еліміздің абыройын одан əрі асқақтата түседі деген сенімдеміз!

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР НАҚТЫЛАНДЫ!

Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

Жаңа оқу жылындағы жоба — жоспарлар түзіліп, алдағы атқарылар жұмыстар сараланды. Маңызды бастамалар талқыланған жиынға Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай мен білім бөлімінің басшысы Жанат Арысбекқызы Тəжиева, сондай-ақ шаһарымыздағы білім ұялары жəне балабақша басшылары қатысты.Басқосуда күнделікті қолданыстағы кездесетін мəселелер ортаға салынып, шешімін табудың тың тəсілдері айтылды.

Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

Шымкенттік оқушылар робот құрастыруды қолға алды

Шымкентте 7 жаңа мектеп пайдалануға берiлдi

Шымкенттiк оқушылар жаңа оқу жылын зор қуанышпен қарсы алды. Бүгін қалада 7 жаңа мектеп пайдалануға берiлдi. Бес білім ошағы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Олар: — «Сəуле» шағынауданындағы N129 орта мектеп (1200 орынды); — Қайнарбұлақ елдімекеніндегі N125 орта мектеп (1200 орынды); — Жаңаталап елдімекеніндегі N128 орта мектеп (600 орынды); — «Достық» шағынауданындағы N69 орта мектеп (1200 орынды); — «Ақжайық» шағынауданындағы N59 орта мектеп (600 орынды).



    Жалпы, 2017-2018 оқу жылында Шымкентте 132 мектеп, 88 балабақша жəне мектептен тыс 8 мекеме жұмыс істейді. Жаңа мектептер мен қосымша ғимараттардан бөлек, биыл қала бюджетінің қаржысына 118 мектеп жөндеуден өттi. Оған қоса 10 000 оқу партасы, 1000 тақта, 382 кітап шкафы сатып алынған. Мектептердің аумағын қоршау, жаңа спорт алаңшаларын салу мəселесі де шешiмiн тапқан. Қазiр 19 мектепте спорт алаңшаларының құрылысы жүргiзiлуде. Олар қыркүйек айында толық пайдалануға беріледi.

      Биыл шаһардағы 64 мектепте робототехника үйірмелері жұмысын бастайды (19 үйірме — облыс бюджетінен, 45 үйірме — қала бюджетінің қаржысынан қарастырылған). Қалада жаңа мектептердiң құрылысы, жөндеу жұмыстарының барысы қала әкiмi Ғ. Әбдірахымовтың тікелей назарында болды. Есептi кездесулерде тұрғындар тарапынан осы спорт алаңшаларын салуға көптеген ұсыныс түсiп едi. Мiне, уақыт сәтiмен бұл мәселе де шешiлдi.

Ақпарат   Шымкент   қаласы  әкімдігінің  баспасөз қызметінен  алынды.

Мектептерде бес күндік оқу аптасына көшу

Жаңа электронды жобамен 7972 сәби балабақшаға қабылданды

Жаңа электронды жобамен 7972 сәби балабақшаға қабылданды

      Бұл туралы Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева қала әкімдігінде өткен брифингте мәлім етті. Айта кетсек, Шымкентте балабақшаға жалпы жолдама алған сәбилер саны – 9611.

      – Біздің ауқымды жетістіктеріміздің бірі – өтініштерді электронды форматта қабылдау деп санаймын. Бұл жоба ата-аналарға не береді: сайтты ашқан олар перзенттерін бергісі келетін балабақша туралы барлық мәліметті оқи алады, топтардағы бос орындар мен өз кезегінің жылжуын анықтайды, кезегі келгені туралы тегін СМС-хабарлама алады. Ал ең бастысы – адами фактор мен сыбайластық әрекет толық жойылған. Ал бөлім мамандары бұған дейін айналысқан қағаз толтырудан құтылады. Жалпы, Шымкентте сәбиін балабақшаға қабылдау туралы өтінішті электронды түрде 57 756 адам берген. Оларға берілген жолдама саны — 9611, ал балабақшаға 7972 сәби орналасқан. Осы тұста айта кету керек, балабақшаға жолдама алған соң да сәбиін апармайтын ата-аналар бар. Мұндай жағдайда олардың орындары 2 аптаға сақталып, ары қарай архивке жіберіледі. – Бұл олардың кейін балабақшаға келген кезінде алғашқы талап еткен сәтінен бастап, кез келген уақытта балабақшадан орын берілуі үшін жасалған шара, – деді Жанат Тәжиева.

Ақпарат   Шымкент   қаласы  әкімдігінің  баспасөз қызметінен  алынды

Мұғалім біліктілігі – басты назарда

Шаһардағы мектептерде мұғалімдердің жетіспеушілігі қатты байқалады. Дегенмен, осыған қарамастан кез келген адам мектепке жұмысқа қабылдана бермейді. Бұл жөнінде Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева қала әкімдігінде өткен брифингте айтты.

  – Қалада жұмысқа қабылдаудың t-hunter бағдарламасы жасалған, ол өзін жақсы қырынан көрсетіп үлгерді. Сайтта қай мектепте қандай бос орын бар екені туралы ақпарат ілінеді. Үміткерлер өз түйіндемелерін жіберіп, тест қорытындысы бойынша жұмысқа қабылданады. Осы тұстай айтар болсам, жас мамандардың білімі өте төмен. Мысалы, олардың кейбірі пән бойынша 25 сұрақтың тіпті бесеуіне дұрыс жауап бере алмайды. Мысал үшін 324 бос орын жарияланған. Конкурсқа 517 маман қатысты. Солардың ішінен тек 176-сы ғана жұмыс қабылданды. Қалғандары білім дәрежесінің өте төмен екенін байқатты. Ал мен мектепке сауатсыз маманды қабылдау қылмыс деп есептеймін. Және бұлай жасай алмаймын, – деді Шымкенттің бас педагогы Жанат Тәжиева.

 

Ақпарат   қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің  ресми сайтынан алынды.

Олимпиада есептерiн шығару жолдары және математикалық сауаттылық

2017 жылдың 25 тамызда №72 жалпы орта мектеп базасында «Олимпиада есептерiн шығару жолдары және математикалық сауаттылық» атты тақырыбында оқыту семинары өттi.
Семинарға математика пән мұғалiмдері қатысты. Педагогикалық шеберлiгiн үздiксiз жетiлдiру, олимпиада есептерiн шығаруға әдicтемелiк көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Thunter.shymkent.gov.kz. Бұл ресми сайт арқылы білім беру мекемелерінен жұмыс іздеген педагогтар өтініш тапсыра алады

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың электронды жүйесі 2017 жылдан бастап құрылды.

Шымкент қаласындағы білім беру мекемелеріне мұғалімдерді қабылдаудың ашық әрі әділ түрі деп санайды мамандар. Жүйеде білім саласындағы бос орындар жарияланады және соған сәйкес кез келген педагог өз өтінішін тіркеп, конкурс негізінде іріктеуден өтеді. Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Арысбекқызының айтуынша, дауыс беру электронды түрде жүргізіледі.

– Құжат тапсырған үміткер – білім беру мекемесінің басшысымен «Халық кеңсесінде» әңгімелесуден өтеді. Мұнда комиссия құрамында ата-аналар комитетітінің мүшесі, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері, білім бөлімінің қызметкері болады, – дейді Ж. Тәжиева.

Комиссия мүшелерінің шешімі электронды дауыс беру тәсілі арқылы веб-сайтта жарияланып, ең көп дауыс жинаған үміткер мекеме басшысына ұсынылады. Бүгінгі таңға дейін конкурстық жүйе бойынша 183 комиссия отырысы өткізіліп, 136 педагог қызметкер жұмысқа қабылданды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында мектепішілік электронды бақылау жүйесі 29 білім ошағында іске қосылды. «i-mektep.kz» сайты арқылы әр ата-ана өз баласының сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі мен тәртібінің көрсеткіштерін электронды түрде бақылай алады.

Аталған жүйе орнатылған мектептер бойынша жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысына сәйкес, 2016-2017 оқу жылының IV-тоқсанында I-тоқсанмен салыстырғанда сабақтан себепсіз қалу деңгейі 75%-ға, құқықбұзушылық өткен жылы 6 қылмыс тіркелсе, биылғы жылы мүлдем орын алмаған, оқушылардың үлгерімі 15%-ға пайызға жоғарылап отыр.

Ақпарат   қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің  ресми сайтынан алынды.

 

 

4800 оқушы оқу жылын жаңа ғимаратта бастайды

2017 жылдың тамыз айында Шымкент қаласының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің саны 228-ге жетіп, оның 132-сі мектеп, 88-і балабақша болса, 8-ін мектептен тыс мекемелер құрап отыр. Шымкент қаласындағы 132 мектептің 118-і типтик ғимаратта, 12-сі ыңғайластырылған ғимаратта, ал 2 мектеп жабық мекемеде орналасқан.
Биылғы жаңа оқу жылының басталуына орай №125,128,129 үш жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, №69 және №97 мектептерінің ғимараты жаңарса, қала аумағындағы тағы үш мектепте қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазір жаңа ғимараттар оқу құралдарымен жабдықталуда. Тамыз айының соңына дейін пайдалануға тапсырылмақ.
Бүгінге дейін Шымкент қаласында үш ауысымда білім беретін 8 мектеп жұмыс істеп келді. 1 қыркүйекте «Достық», «Ақжайық», «Жаңаталап», «Қайнарбұлақ», «Сәуле» шағынаудандарындағы 5 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, 4 800 оқушы қалыпты білім беру жүйесіне көшеді.
1200 орындық тағы бір жаңа мектеп желтоқсан айында Әкімшілік іскерлік орталығында пайдалануға беріледі. Ал «Таскен» тұрғын алабындағы үш ауысымдық мектептің мәселесі 2018 жылы шешімін табатын болады. Сондай-ақ, «Самал-3» шағын ауданында да жер телімі рәсімделіп, оқушылар үшін жаңа білім ошағының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Оның құрылысын 2018 жылы бастап, 2019 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Тәжиева бала саны белгілі мөлшерден артық 5 мектептің барын айтады.
– Бұл мектептерді үш ауысымдық оқу жүйесіне көшірмей-ақ, оқушыларға білім беруін жеңілдету мақсатында жақын маңдағы басқа мектептерден сынып бөлмелерін қарастырдық. Атап айтқанда, №9, 23 мектеп оқушыларына №14, 20 мектептерден сынып бөлмелері берілетін болады. Ал №1, 46, 65 мектептерге жалға алуға ғимараттар іздестірілуде, – дейді ол.
Бөлім басшысының айтуынша, №1 мектептің жанынан қосымша құрылыс салу үшін зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған ұқсас №65 мектептегі мәселені ретке келтіру үшін мектеп жанынан қосымша 0,72 га жер мемлекет мұқтаждығына қайтарылды. Қазіргі таңда рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысанның құрылыс жұмыстары 2018-2019 жылдарға жоспарланып отыр.
Демек, 2020 жылға дейін Шымкент қаласында үш ауысымдық мектептердің мәселесі толық шешімін табады.

 

Ақпарат   Шымкент   қаласы  әкімдігінің  баспасөз қызметінен  алынды.