Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Демалыс кезіндегі аула клубтары

Новый рисунок

Күзгі демалыс кезінде Оқушылар сарайына қарасты аула клубтары белсенді жұмыс атқарды.  Мұнда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Күзгі турнирде» футбол және шахмат-дойбыдан жарыс, зияткерлік бағытта «Білгенге маржан» байқауы ұйымдастырылды.

Новый рисунок (1)Новый рисунок (2)

Сонымен қатар «Жастық» аула клубы базасында клубаралық «Күзгі сый» қолөнер шеберлерінің байқауы өтті. Шығармашылық бағыттағы үйірмелер күзгі дақылдардан бұйымдар жасап, шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Бұл байқауға «Бәйшешек» аула клубынан «Шығармашылық» үйірмесі, «Алпамыс» аула клубынан «Қолөнер» үйірмесі, «Денсаулық» аула клубынан «Балауса» үйірмесі, «Сенім» аула клубынан «Өнер» үйірмесі  — жалпы саны 45 бала қатысты. Үйірмешілер түрлі көкөніс, жеміс-жидек, дақылдарды қолдана отырып, сүйікті ертегі кейіпкерлерін  бейнеледі. Бұл байқауды үйірмешілердің ата-аналары мен педагогтар бағалап, үздік жұмыстар көрмеге қойылды.   Қолөнер шеберлері байқауына қатысушыларға «Әдемі-ай» үйірмесінің жетекшісі А.Ордабек шаш өру үлгісінен шеберлік сыныбын көрсетіп, кездесудің мазмұнын арттыра түсті. Тұрғылықты орын бойынша жұмыс бөліміне қарасты аула клубтарының  балалары демалыс кезін қызықты әрі пайдалы ұйымдастырды.

Новый рисунок (3)Новый рисунок (4)

Новый рисунок (5)

Публикация: 10.11.2015 г.