Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу

                                                                          

Шымкент қаласы білім бөлімінің

                                                                            29.04.2011 жылғы

                                                                            №435 бұйрығымен бекітілген

 

«Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар  ұйымдарына жолдама беру үшін  мектеп  жасына  дейінгі    (7 жасқа  дейінгі)  балаларды            тіркеу»  мемлекеттік  қызмет  көрсету  р е г л а м е н т і

  1. Жалпы ережелер

 

1.«Қазақстан Республикасының  мектепке  дейінгі  балалар  ұйымдарына  жолдама  беру  үшін  мектеп  жасына  дейінгі  (7 жасқа дейінгі) балаларды  тіркеу» мемлекеттік  қызмет  көрсету  регламенті мектепке  дейінгі  балалар  ұйымдарына  жолдама  беру  үшін  мектеп  жасына  дейінгі  (7 жасқа  дейінгі) балаларды   тіркеу  тәртібін  айқындайды.

2.Мемлекеттік  қызмет  көрсету  жартылай  автоматтандырылған.  

3.Мемлекеттік  қызмет:

    1) «Білім туралы» Қазақстан  Республикасының  2007 жылғы  27 шілдедегі Заңнының  6  бабы  4  тармағының  4 тармақшасының;

    2)  «Мектепке дейінгі  білім беру  ұйымдары  қызметінің  үлгі  ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2004 жылғы  21  желтоқсандағы  №1353 қаулысының 9 тармағының;

    3) «Балаларды міндетті  мектепалды даярлау мәселелері» туралы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  1999 жылғы 22 қарашадағы  №1762  қаулысының;

    4) «Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінің  мемлекеттік  мекемелерін – халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарын құру туралы»   Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2007 жылғы  5 қаңтардағы  №1 қаулысының  негізінде  жүзеге асырылады.

4.Мемлекеттік  қызметі Шымкент   қаласының  білім  бөлімінде (бұдан әрі — бөлім) мекен жайы: Шымкент қаласы, Жангельдин көшесі 17а, сондай-ақ  баламалы негізде  халыққа  қызмет  көрсету  орталықтары  (бұдан әрі — орталық) сәйкес  көрсетеді.

5.Мемлекеттік  қызмет  көрсетуді  аяқтау  нысаны   мектеп  жасына  дейінгі       (7 жасқа  дейінгі) балаларға  мектепке  дейінгі  балалар  ұйымдарына  жолдама  беру  немесе  балаларды  тіркеу  туралы  хабарлама  жіберу  болып  табылады.

6.Мемлекеттік қызмет  жеке  тұлғаларға (бұдан әрі — тұтынушы) көрсетіледі.  

Аталған  қызмет  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  бар орын    санымен  шектеледі. Бірінші кезекте  орын алуға:

     —  І  және  ІІ топтағы  мүгедектердің  балаларының;

     —  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың;

        жетім балалардың;

      — көп балалы  отбасынан  шыққан  балалардың;

      — жеңілдіктер мен кепілдемелер  бойынша  соғысқа  қатысқандарға  және             соғыс  мүгедектеріне   теңестірілген  адамдардың балаларының  құқы бар.

7.   Мемлекеттік  қызмет  көрсетуді  уақыт  бойынша  шектеу  мерзімі:

    бөлімге  жүгінген жағдайда:

  1. тұтынушы  қажетті  құжаттарды  тапсырған  сәттен  бастап  мемлекеттік  қызмет  көрсету  мерзімі 30 минутты  құрайды;
  2. өтініш пен қажетті құжаттарды  қарауға  тапсырған кезде күтудің  барынша ұзақтығы  30 минуттан  аспайды;
  3. дайын құжаттарды алуда кезек  күтудің  барынша  ұзақтығы  30 минуттан  аспайды.

Орталыққа жүгінген жағдайда:

  1. бөлмеде құжаттарды қарау  мерзімі үш күн (құжаттарды қабылдаған  және берген  күн мемлекеттік қызмет  көрсету  мерзіміне кірмейді);
  2. өтініш пен қажетті құжаттарды   қарауға  тапсырған кезде  кезек  күтудің  барынша  ұзақтығы 30 минуттан аспайды;
  3. құжаттарды қабылдап  алғаны  туралы  қолхатты  алған кезде кезек күтудің  барынша  ұзақтығы  30 минуттан аспайды.

8.   Мемлекттік қызмет  тегін көрсетіледі.

9.Мемлекеттік қызмет  көрсету  тәртібі  туралы  ақпарат    www.shymkent.edu.kz. веб-сайтында және білім бөлімінің ақпараттық стенділерінде орналасқан.

10.Мемлекеттік қызмет:

бөлімге  жүгінген жағдайда:

  1. сәрсенбі  және  бейсенбі  күндері  сағат 900-ден  бастап  1800-ге  дейін,  түскі  үзіліс  1300ден 1400-ге  дейін, демалыс  күндері – сенбі, жексенбі;
  2. қабылдауға алдын ала  жазылмай   және  жеделдетіп  қызмет  көрсетусіз  кезек  күту  тәртібімен  жүзеге  асырылады;

орталыққа жүгінген жағдайда:

        1)  күн сайын сағат 9.00- ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз, филиалдар мен  өкілдіктер үшін жұмыс кестесі бір сағаттық түсті үзіліспен сағат 9.00-ден      20.00-ге дейін, демалыс күні – жексенбі;

         2) қабылдауға алдын ала жазылмай және жеделтетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

11.Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша бөлімнің және орталықтың ғимараттарында көрсетіледі. Залдарда күтіп отыруға арналған креслолар, орындықтар, үстелдер, толтыру бланктерінің белгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.

       Даму мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға мемлекттік қызметті ешбір кедергісіз қамтамасыз ету үшін бөлім мен орталықтың ғимараттарында  жарақталған сүйеніштер мен пандустар қарастырылған.                              

                             2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12.Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

-ата-анасының (анасы немесе әкесі) бірін немесе заңды өкілдерін      куәландыратын құжат;

-баланың туу туралы куәлігі;

-жеңілдікті растайтын құжат (бірінші кезекте мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдамасы бар болған жағдайда),

-психологиялық – медициналық – педагогикалық комиссияның қорытындысы (мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі түзеу ұйымдары мен топтарына қабылдаған жағдайда);

-туберкулез инфекциясы ерте білінген, туберкулездің азаю және бәсеңдеу түрімен, жиі және ұзақ ауыратын балаларға арналған санаторялық мектепке дейінгі түзеу ұйымдарына қабылдаған кезде аумақтық емдеу – алдын алу ұйымдарының қорытындысы.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін көшірме және түпнұсқа түрінде беріледі, кейін құжаттың түпнұсқасы тұтынушыға қайтарылады.

13.Өтініш бланкілері бөлім ішіндегі үстел үстінде немесе бөлім мамандарында болады.Орталықта өтініштер бланкілері күту залындағы арнайы үстелдерде немесе орталықтың кеңесшілерінде болады.

14.Бөлімге жүгінген жағдайда тұтынушы толтырған  өтініш барлық қажетті құжаттармен бірге  мектепке дейінгі  білім маманына тапсырылады.

Орталық арқылы мемлекттік қызмет көрсету кезінде орталықтың инспекторы   құжаттардың толықтығына тексеруді журналға тіркеуді және құжаттарды жинақтаушы бөлім инспекторына тапсыруды жүзеге асырады.

Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілім құрастыруды  және бөлімге жіберуді жүзеге асырады.

Орталық тиісті бөлімге қоса берілетін құжаттармен ұсынылған осы өтініштерді қабылдау күні кемінде екі рет арнайы байланыс арқылы жеткізуді жүзеге асырады.

Бөлім орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін оларды   тексеруді, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына  мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) тіркеу туралы хабардар етуді жүзеге асырады және тұтынушыға беру үшін орталыққа жолдайды.

Орындаған (дайын) құжаттар бөлімнен қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін орталыққа түсуі тиіс.

15.Тұтынушыға:

бөлімге жүгінген жағдайда:

        1)  балаға мектепке дейінгі ұйымға  бос орындар  болған жағдайда  жолдама;

        2) 5 жасқа дейінгі  баланың кезекті  орнына  қарамастан,  алғаш  өтініш  жасағандармен  бірге  мектепке   дейінгі  ұйымға  жолдама  беріледі.

       Балабақшаға  берілген  жолдама  түсінікті  және  анық  жазылуы керек, лауазымды  тұлғаның қолы мен   мөрдің  бедері  айқын  болуы тиіс;

          3) бос орын болмаған жағдайда  тұтынушы  кезекке  тұрғызылады,  баланың  тіркелгені  туралы  қағаз  беріледі; жолдама  кезегінің  жақындауына  байланысты  беріледі.

        Тұтынушы  кезектің  жылжуы  туралы  толық  ақпараты:

бөлімге   өзі барып  білу арқылы;

қалалық  білім бөлімінің  www.shymkent.edu.kz. веб-сайтында;

        орталыққа  жүгінген  жағдайда;

тиісті  құжаттардың  қабылданғаны  туралы  қолхатта;

сұрау салудың  қабылданған  нөмірі мен күні;

сұрау  салынған  мемлекеттік  қызметтің  түрі;

қоса  берілген  құжаттардың  саны  мен  атаулары;

құжаттардың  берілген  күні мен  орны;

құжаттарды  ресімдеу  үшін  өтінішті  қабылдаған  орталық  инспектордың тегі, аты,  әкесінің аты  көрсетіледі.

 

16.Қ ызмет  көрсетудің   нәтижесін  жеткізу  тәсілі:

       1) бөлімге  жүгінген  жағдайда – тұтынушының  өзі  барып  білуі  арқылы;

2) орталыққа  жүгінген  жағдайда – қолхат, онда  көрсетілген  мерзім                                                             негізінде  күн сайын  «терезелер» арқылы.

17.Мынада:

бөлімге  жүгінген  жағдайда:

1)   көрсетілген  құжаттар тапсырылмаған;

2)   баланың  жасы 7-ден асып кеткен  жағдайда;

               орталыққа  жүгінген  жағдайда:

  1. құжаттарды  ресімдеуде  кеткен  қателерді  анықтаған, осы регламентінің 12 тармағында көрсетілген  құжаттар  пакетін  толық  ұсынбаған  жағдайда;
  2. баланың  жас 7-ден  асып  кеткен  жағдайда  мемлекеттік  қызмет  көрсетуден  бас тартылады.

  Бөлім  құжаттар  пакетін  алған соң  бір жұмыс  күні  ішінде  бас тарту  себептерінің  жазбаша  негіздемесімен  оларды  орталыққа  қайтарады.

         Орталық  құжаттар пакетін  алған соң  бір  жұмыс күні  ішінде  тұтынушыны хабардар етеді  және  бөлімнің  қайтару/бас  тарту  себебі  туралы  жазбаша  негіздемесін  береді.

        Егер  тұтынушы  белгіленген  мерзімде  құжаттарды  алуға  келмеген  жағдайда  орталық  бір ай  бойы  сақтауды  қамтамасыз етеді,  кейін  оларды  бөлімге  жібереді.

 

                                              3. Жұмыс  қағидаттары

 

18.    Бөлім мен орталық  қызметі мыңадай қағидаттарға негізделеді:

        1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;

        2) қызметтік борышты атқару кезіндегі заңдылық;

        3) педагогикалық этика мен мәдиенетті сақтау;

        4) пәрменді  және  толық  ақпарат ұсыну;

        5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;

 6)тұтынушылардың  белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының     сақталуын қамтамасыз ету.

 

                                           4. Жұмыс  нәтижелері

 

19. Тұтынушыларға  мемлекеттік  қызмет  көрсету  нәтижелері  сапа  және  қолжетімділік  көрсеткіштерімен  өлшенеді.

 

20. Мемлекеттік  қызметтің  сапа  және қолжетімділік  көрсеткіштерінің  мақсатты  мәнін  жыл сайын  білім  бөлімдері  басшылары  қатарынан арнайы  құрылған  жұмыс  топтары  бекітеді.

                                                

                                               5. Шағымдану  тәртібі

 

21.  Уәкілетті  лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдану тәртібін түсіндіру және бөлім мен орталыққа шағымдарды дайындауға көмек көрсету үшін аталған жұмысқа жауапты тұлғалар аңықталады.

         Шағымдар  ауызша  және/немесе  жазбаша  түрде  почта  арқылы,  немесе  қолданыстағы  заңнамада  көзделген  жағдайларда  электронды  түрде  не  жұмыс  күндері  білім  бөлімінің  және  орталықтың  кеңеселері  арқылы  қабылданады.

22.  Мемлекеттік қызмет  көрсетудің  сапасына қатысты наразылық  болған  жағдайда шағым мемлекеттік  қызмет  көрсететін  орынның  білім  бөлімі  бастығының  атына  немесе  тиісті  жергілікті  атқарушы  органның  әкіміне, қызмет орталық арқылы  көрсетілген болса, орталық даректорының атына беріледі.

23.   Қабылданған  шағым  тұтынушының  тұрғылықты  жері  бойынша білім  бөлімінің  немесе орталықтың шағымдар  мен  өтініштерді  есепке  алу  журналына тіркеледі  және  заңнамада  белгіленген   мерзімде  қаралады.

        Заңнамада  белгіленген  тәртіппен  берілген  өтініштер  міндетті түрде  қабылдануы,  тіркелуі, есепке  алынуға  және  қаралуға жатады. 

                                                

                                          6. Байланыс  ақпараты

 

24.   Бөлім басшысының, орталық директорының   жұмыс  және қабылдау  кестесі   бөлім мен орталықтың  жұмыс  кестесінде сәйкес  айқындалады.

           Бөлім мен орталықтың   байланыс телефондары ( 56-86-06, 31-03-71,       50-02-12)  ресми ақпарат көздерінде және бөлім мен орталықтың   үй-жайларында орналасқан стенділерінде көрсетіледі.

25.    Тұтынушы  мемлекеттік  қызмет  көрсету  мәселелері  бойынша  қосымша  ақпаратты білім бөлімінде және орталықтарда, қалалық  білім бөлімінің  www.shymkent.edu.kz. веб-сайтында алуына болады.

 

 

 

 

 

Қалалық білім бөлімінің  бастығы

                                                         Ж.А. Тажиеваға

___________________________ дан

                                                                        /аты, жөні толық/

_______________________________

                                                                        /мекен-жайы толық/

 

 

 

 

 

                                    Ө Т І Н І Ш

 

 

Сізден менің  _____________________________________туылған

                                                          /күні, айы, жылы/

 

____________________________________________________                           /қызымды, баламды/                         /аты, жөні/

 

_________________________________________________бөбекжай-

 

балабақшаға    кезекке  қоюыңызды  өтінемін.

 

 

 

 

 

 

 

                                                      _______________________________

                                                        /күні, айы, жылы.              Қолы/