Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Баяндама-Тамыз кеңесі -2011ж

Қалалық білім бөлімінің бастығы

Ж.А.Тажиеваның тамыз маслихатына

                             арнаған баяндамасы

 

 

Тақырыбы:       «Отбасы, мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы»

 

Слайд №1

 

                                               Мерзімі 19.08.2011 ж.

                                                                  Басталу уақыты: 11.00 -12.30

                                                         Өтетін орны:   Ж.Шанин атындағы    

                                                                        облыстық драма театры

 

 

Құрметті Арман Шәріпбайұлы!

Қадірлі тамыз кеңесінің

қонақтары мен әріптестер!

 

 Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында өткелі отырған  жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруші ұстаздар қауымымен  алда тұрған басты міндеттерді айқындайтын, негізгі мәселелер жөнінде ой түйіндеуге, пікір алысуға мүмкіндік беретін дәстүрлі тамыз кеңесіне  хош келдіңіздер!

 Алда тұрған  жаңа оқу жылының маңызды міндеттерінің бірі — бәсекеге қабілетті, білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі  мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.

 

                                                     Құрметті әріптестер!

   

 Әрбір тамыз кеңесі –  білім сапасын жаңа серпіліспен бастауға бағыт беретін негізгі күш болып табылады.

 Күрделі мәселелердің , қойылатын талап пен міндеттердің оң шешім табуы, жетістіктерге қол жеткізу,  құрметті де абыройлы педагог мамандық иелері яғни  ұстаздардың ерен еңбегінің  нәтижесі екені баршамызға аян.

 Елбасымыз қай Жолдауында болмасын, ең негізгі фактор ретінде адам өміріне, оның денсаулығына, білім алуына, әлеуметтік қолдауға ие болуына баса назар аударып келеді. Осы орайда 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасында білім саласы жүйесін жаңғырту жан-жақты  қарастырылған.

 Біз ұрпағымызды, болашағымызды тәрбиелеу жолында мемлекетіміздің білім саясатын басшылыққа ала отырып, жүктелген  міндеттерді атқарып келеміз.

 

Слайд 2.   Жаңа оқу жылын  100 мыңнан астам оқушымен 87 жалпы білім беретін,    9 мектептен тыс, 146 мектепке дейінгі мекемелермен бастағалы отырмыз.

 Слайд 3.  Бүгінгі күні сапалы білім беруге барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып отыр. Оған дәлел білім саласын қаржыландыру соңғы  жылдармен салыстырсақ үш есеге өсті. Мысалы 2007 жылы 5 млрд. 370 млн. теңге құраса 2010 жылдың  қаржысы 11 млрд. 39 млн. теңгені, ал 2011 жылы 13 835 199,0 теңгені құрап отыр. 2011 жылдың шілде айынан бастап бюджет есебінен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлерінің жалақылары 30 пайызға артып отыр. Бұдан бөлек жоғары санатты ұстаздар жалақысын 100 пайызға арттыру үшін РБ  арнайы қаржы қарастырылуда.  

          Слайд 4.        ҚР «Білім туралы» Заңы аясында  ЖБ есебінен жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасынан шыққан балалар үшін жалпы білім қорына бөлінген  142 576,0 мың теңгенің  74 925 мың теңгесіне 3397 бала (84%)  ыстық тамақпен, 3951 баланы 39 510,0 мың теңге қаржыға  мектепке киім – кешекпен қамтамасыз етілсе,  жазғы сауықтыру лагерімен қамтуға 28 141,0 мың теңге қаржы бөлініп, жазғы демалыс лагерімен 1324 бала қамтылды. 

 Слайд 5-6. Жаңа құрылыс. Бүгінгі күні  РБ 6 жаңа балабақша, 1 жаңа мектеп құрылысы  аяқталып қыркүйек айына  берілмек. Одан бөлек 2 мектеп құрылысы 2012 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.  Сонымен қатар 9 мектеп жанынан қосымша құрылыс салынып, оның 6-ында оқушылар жаңа  оқу жылынан бастап білім алмақ. Тағы бір қуанышты жағдай күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу биыл 5 есеге  артып отырса, ағымдағы жөндеу жұмыстары ұстаздардың көмегінсіз жүргізілді. 

 

               2010 жылы облыстық бюджеттен 6 (23,19,76,53,83,63) мектеп жанынан (300 орындық) қосымша құрылыс басталып, 3-і 2011 жылдың І жарты жылдығында құрылысын аяқтаса,  3-і ағымдағы жылдың тамыз айының 25-жұлдызына дейін пайдалануға берілу жоспарлануда.

2011 жылы РБ  есебінен 3 (№48,52,56) мектеп жанынан 600 орындық қосымша құрылыстар (өтпелі) салу жұмыстары басталды. Нәтижесінде  оқушы орны пайдалануға берілмек.

          Үш ауысым.  Қосымша құрылыс салынып жатқан  3 мектеп (№№ 63,53,83) есебінен үш ауысымда оқитын мектептер мәселесі толық шешімін тапты.

Күрделі жөндеу жүргізілгені -23 мектеп.  Облыстық бюджеттен 215 млн теңге қаржы 5 мектепке (№2,4,20,26,29.)  Жергілікті бюджет есебінен 18 (№6, 7, 10, 15, 18, 23, 30, 31, 34, 35, 37, 42, 43, 51, 58, 59, 68, 84) мектепке 543,0 млн теңге қаржы қаралып күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 60 мектепке 87 млн теңге қаржы қаралды.

Слайд 7. Оқулық.  Ағымдағы жылы жалпы оқушылардың кітапхана қорынан қамтылғаны 89 пайыз, ал қалған 11 пайызы бөлшек сауда желісі арқылы ата-аналар есебінен шешімін таппақ. ҚР Үкіметінің №173 қаулысына сәйкес жетім және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы  отбасы балалары тегін оқулықтармен 100 пайызға қамтылады.

 ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасында 2011 жылы  4,6,11 сынып оқушыларын әлеуметтік жағдайына қарамай 100% оқулықпен қамту туралы айтылған. Үкіметтің тапсырмасын 100 пайызға орындау үшін  және “Өзін-өзі” тану оқулығымен қамтамасыз етуге қажетті 163,5 млн тенге қаржыны  облыстық бюджеттен бөлуге сұраныс жасалды.

Бұндай білім саласына деген   оң көзқарас  тек Тәуелсіз елде ғана болатын зор  жетістік деп ойлаймын! Сондықтан да ұстаздар, оқушылар және  ата-аналар атынан ел ағаларына алғыс айтуға рұқсат етіңіздер!

Оңды істерге тек нәтижелі білім мен жақсы  тәрбиемен  жауап береміз деп ұстаздар атынан сенім білдіремін!

 

Слайд 8.   Білім беру сапасын арттыру.       

        ҰБТ. 2010-2011 оқу жылының Ұлттық Бірыңғай тест қорытындысы бойынша орта  балл көрсеткіші — 90 балл, шекті деңгейден өте алмаған мектептер болған жоқ. Алтын белгі иегері 2010 жылы 109 болса, 2011 жылы-111.

 

 

  Слайд 9.   Олимпиада, ғылыми жоба.

   Жыл сайын оқушылардың ғылыми шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру, ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жаңа серпілістер байқалды. Оған дәлел ғылыми жоба жарыстары бойынша облыстан 22 жеңімпаз, Республика бойынша 6, Халықаралық деңгейде 3 оқушымыз жеңімпаз атанды.

 Оқушылар арасында өткен пәндік олимпиада қорытындысы бойынша облыстан 32, Республикадан 3 оқушымыз жеңімпаз атанды.

Слайд 10-11. Халықаралық республикалық  ойын – байқауларына қатысып төмендегі нәтижелерге иеленді:

“Кенгуру — математик” — 220 оқушы,

“Кенгуру-лингвист”-       61 оқушы,

 “Русский медвежонок”-263 оқушы

“Золотое руно”  бойынша —  346 оқушы  жүлделі орындарды иеленді.

Бұл көрсеткіш ұстаздарымыздың жыл бойы атқарған ерен еңбегінің нәтижесі деп білемін. Қиын да қызықты жұмыстарыңызда шығармашылық табыс тілеймін!

Слайд 12. Тәрбие жұмысы.

Білім ұйымдарында жан-жақты жұмыс атқарылғанымен жасөспірімдер арасындағы қылмыс тоқталар емес. Аудандық  ішкі  істер  басқармасы  кәмелетке  толмағандар ісі  жөніндегі  бөлімінде 2010 жылы 72, 2011 жылы  52 қылмыстық оқиғалар тіркелген. 2011 жылдың  8 айында 15 қылмыс тіркелген. Атап айтқанда,               4 бала өлімі, 1 суық қару, 1 дене жарақаты, 9 ұрлық.

Орын алған қылмыстық оқиғалар бойынша 3 мектеп директоры,  8 директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 4 мектеп психологы қызметінен босатылып,    3 директорға, 16 директордың орынбасарларына сөгіс берілген.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодекстің 111 бабы бойынша бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 121 ата-анаға айыппұл салынды.

          Биылғы тамыз кеңесі «Отбасы, мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы» тақырыбында өтуі тәрбиенің бүгінгі таңдағы күрмеуі шешілмеген, ең өзекті мәселе екендігін айқындатады. Бала тәрбиесіне келген сәтте жауапкершілікті ұстаздар иығына арта салу үрдіске айналуда. Алайда ұлылардың «Ата-анадан ұрпақ өсіп таралған, жақсы-жаман болса, бәрі солардан»,-деп айтқан ұлағатына құлақ түрсек, тәрбиенің негізі – отбасында қаланатындығын көрсетеді.

         Осы жиынға  жиналып отырған әрбіріміз ата-анамыз! Сонымен қатар ата-аналар ұйымының төрағалары да арнайы шақырылып отыр.

        Тәрбие ұлға да қызға  бірдей. Іштен біліп ешкім туылмайды. Тәрбие бесік пен босағадан басталады. Өсе келе ұлым дарақы, қызым сорақы деп қалмау үшін бала жүрегіне әкенің жылы қабағы, ананың мейірімі айрықша  мәнге ие болатынын

психологиялық, ғылыми тұрғыда да дәлелденгенін айтып өткім келеді.

         Әрбір орын алған қылмыс бойынша  жүргізілген сауалнама қорытындысыда

ата-ана өз міндетіне  баланы бірінші кезекте киіндіру, тамақтандыру, материалдық жағдайына қамтамасыз етуді ғана көздеп  отыр. Ең сорақысы ата-ананың бала алдындағы — әлсіздігі.  Бұл дегеніміз  әлеуметтік тұрғыда отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуіне алып келеді.

        Ұлыңды жарығым, қызымды – жалғызым деп ішер тамақ, киер киімге тарықтырмай, қалтасына ақша салып мәпелеу бұл тәрбие емес.

    Слайд 13.     Бала тәбиелеуде ата-ана  баласымен тең кісідей сөйлессе және оның  ойын еркін жеткізе білуге мүмкіндік берсе, ішкі жан дүниесіне үңіле білсе ең бастысы ата-ана бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін  басты міндет етіп алса  келеңсіз оқиғалар  азаяры сөзсіз. 

 «Сын түзелмей мін түзелмейді»- дегендей бүгінгі күні білім саласы, ондағы бала тәрбиесіндегі орын алған қылмыстық оқиғалар бойынша бұқаралық –ақпараттық құралдарда біршама сындар айтылды. Сіз де біз де бұл сынды  дұрыс қабылдайық. Бала тәрбиесі тек ата-ана емес «Өзге баласын аялаған, өз баласын аямаған» ұстаздар қауымына да тиісті деп ойлаймын. Себебі оқушы жарты күн мектепте, қалған уақытында отбасымен болатындында. Әрбір баланың өмір қауіпсіздігі, сапалы білімі, тәрбиесі ұстаздар қауымының негізгі міндеті екенін ұмытпауымыз қажет. Осы орайда Слайд 14.

—          Құқықтық қорғау органдарымен, ата-аналармен бірлесе жасалған іс-шаралар жоспарын бір жүйелілікке келтіру.

—          Мектеп психологтары мен әлеуметтік педагог қызметкерлерінің жұмысын жандандыру, әсіресе құқық бұзушылық орын алу фактілерін қолға алу, зерттеу, болдырмау жолдарында жұмыс жүргізу.

—          Жоғарғы оқу орындары студенттерімен, «Жас отан» ұйымымен тығыз байланыс орнатып бірлескен іс шаралар ұйымдастыру.  

—          Құқық қорғау органдары, ата-аналармен, ардагер-ұстаздармен бірлесіп тәртіптік  кеңес құру.

—          Педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын меңгеруін қолға алу.

—          Еңбек тәрбиесін , кәсіби бағдар беру жүйесін құру.

—          Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында аула клубтар, үйірмелер, секция жұмыстарына көптеп тарту, сынып сағаттарының тәрбиелі, жүйелі өтілуін қадағалау.

—          Әрбір берілген сабақты тәрбиемен ұштастыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру  дағдыларын қолға алу.

—          Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға көбірек араластырып, қаланың құрметті азаматтарын, ата-аналар комитетінің мүшелерін, әйгілі спортшыларды құқық бұзушылыққа бейім оқушыларға бекітіп жұмыс жүргізуін жандандыру.

—          Тәрбиесі қиын және құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды ата-аналар келісімімен қылмыс жасаған оқушылардың сот процесіне қатыстырылуын қамтамасыз ету.

Өткен жылғы тәрбие саласында жіберілген кемшіліктерді ескере отырып, жоғарыда аталған ұсыныстар негізінде әрбір мекеме басшысы онлайн режимінде оқушылармен түрлі тәрбиелік мәні бар іс шаралар  өткізіп,  есеп беруі жоспарланып отыр. 

Тәжірибеге сүйенсек қыркүйек, қазан айлары бала тәрбиесін қалыптастыруда күрделі айлар болып табылады. Сондықтан «Қылмысқа жол жоқ!» тақырыбында айлық жариялаймын.

Мақсаты: Жасөспірімдерді қылмыстық оқиғалардан сақтандыру, оның алдын алу болып табылады.

 

Құрметті ұстаздар!  Құрметті қонақтар және ата-аналар!

Тәрбие үш нәрсені қажет етеді  —  ол қабілет, білім, тәжірибе екенін ескере отырып қиын да қызықты жұмысымызда Тәуелсіз еліміздің жарқын ертеңі үшін Рухы биік, саналы, білімді  азаматтар  тәрбиелей берейік!

 

Слайд 15. Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясы 4 жыл қатарынан еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтуде. 2010 жылы            13 млн теңгеге жалпы 2550 балаға көмек көрсетілсе, ал 2011 жылы білім қорынан 39 млн 510 мың теңгеге 3950 балаға көмек көрсетілді. Аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 100 балаға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі тарапынан 1 млн теңгеге, демеушілер тарапынан 500 мың теңгеге 50 балаға көмек көрсетілді. Акция 30 қыркүйекке дейін барлық қала мектептерінде өз жалғасын табады. Көмекке зәру баланың  75%-ы акциямен қамтылады деп жоспарлануда.

 

     Слайд 16.   Арыз-шағым. 2011 жылы қалалық білім бөліміне мектеп мұғалімдерінен және басқа да қала тұрғындарынан 876 өтініштер, арыз-шағымдар келіп түскен. Түскен өтініштер қойылған мәселелер бойынша төмендегіше бөлінеді:

—           Жұмысқа орналасу жөнінде – 13;

—           Мектеп жөндеу, балабақша салу туралы — 11;

—           Мектеп директоры қызметіне ұсыну туралы – 8;

—           Мектеп ұжымындағы тәртіп, директор және оның орынбасарлары жекелеген мұғалімдердің келеңсіз іс-әрекеттері туралы — 45;

—           Балабақшаға орналастыру туралы – 33;

—           қамқоршы, қорғаншы мәселелері бойынша – 612;

—           Әр түрлі мәселелер бойынша – 154 өтініш білдірілген.

 

        Мектеп ұжымындағы тәртіп, директор және оның орынбасарлары, жекелеген мұғалімдердің келеңсіз іс-әрекеттері туралы түскен арыз шағымдар бойынша арнайы комиссия құрылып зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әлі де болса әттеген –ай деген келеңсіз жағдайлар білім ұясынан орын алу ұстаздар қауымына жараспайтын қасиет. Ұстаз өнегесімен, білімімен, сөзімен, жүріс –тұрысымен ғана ұстаз. Осы орайда жіберілген кемшіліктер мектеп әкімшілігі, кәсіподақ ұйымы жұмысының әлсіздігі деп білемін. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар арасында да түсінушілік, ынтымақтастық, сыйластық бірінші кезекте орын алуы тиіс деп ойлаймын. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» деген нақыл сөз әрқайсымыздың жадымызда жүрсе екен.

             

                     

 

                                              Құрметті қауым!

 

Өркениетті ел қатарына қосылудың бір кілті  тек білімде, ал білім ошағы — мектепте. Сондықтан, құрметті ұстаздар, өзімізге сын көзбен  қарай отырып, болашақ үшін аянбай  еңбек етейік, сауатты да салауатты  азаматтарды тәрбиелейік.