Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Шымкент қалалық білім бөлімінің 2011 жылдың 7 айлық жұмыс ЕСЕБІ

 

                   

Шымкент қалалық білім бөлімінің 2011 жылдың 7 айлық жұмыс

 ЕСЕБІ

 

Шымкент қаласында жалпы білім беретін мекемелер саны 87, оның ішінде       72 орта, 6 негізгі, 6 бастауыш буында. 3 кешкі мектеп жұмыс істеуде, оқушылар саны   98 595 бала. 9 мектептен тыс  мекемелерде   9860 бала қамтылған.         

Мектепке дейінгі білім беру.

2010 жылдың соңында балабақша саны 139-ға жетіп, қамту 69,9% құраған болатын. Бүгінгі күні мектепке дейінгі мекеме саны 146-ға жетіп отыр. Оның 66-ы мемлекеттік, 48 –і жекеменшік, мектеп жанындағы шағын орталықтар саны -32.                   2010 жылы   39, 2011 жылдың 25 маусымына дейін 7 мектепке дейінгі мекемелер (420 орын) ашылды. Олар: Жекеменшік 6 балабақша (280 орын), мемлекеттік «Жеңіс» б/б 140 орын. “Балапан” бағдарламасы бойынша, яғни 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі балаларды балабақшамен   қамту 70,3 %.

Жаңа құрылыс. Апатты жағдайдағы № 5 мектептің ғимараты бұзылып,          РБ 600 орындық  мектеп құрылысы және «Асар» мөлтекауданында 1200 орындық                      2 мектеп құрылысы жүргізілуде. Асар мөлтекауданындағы бір мектеп ағымдағы жылдың   1 қыркүйегіне тапсырылады деп күтілуде.

         «Балапан бағдарламасы» бойынша 2010 жылы Республикалық бюджеттен салынып жатқан 6 балабақша құрылыстары Медиа-жоспар бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларына тапсырылуға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша «Асар» мөлтекауданында  280 орындық  2 балабақша құрылысы жүргізілуде.

Қосымша құрылыс. 2010 жылы облыстық бюджеттен 6 (23,19,76,53,83,63) мектеп жанынан (300 орындық) қосымша құрылыс басталып, 3-і 2011 жылдың І жарты жылдығында құрылысын аяқтаса,  3-і ағымдағы жылдың тамыз айының 25- жұлдызына дейін пайдалануға берілу жоспарлануда.

2011 жылы РБ  есебінен 3 (№48,52,56) мектеп жанынан 600 орындық қосымша құрылыстар (өтпелі) салу жұмыстары басталды.

          Үш ауысым.  Қосымша құрылыс салынып жатқан  3 мектеп (№№ 63,53,83) есебінен үш ауысымда оқитын мектептер мәселесі толық шешімін тапты.

Күрделі жөндеу жүргізілгені -23 мектеп.  Облыстық бюджеттен 215 млн теңге қаржы 5 мектепке (№2,4,20,26,29.)  Жергілікті бюджет есебінен 18 (№6, 7, 10, 15, 18, 23, 30, 31, 34, 35, 37, 42, 43, 51, 58, 59, 68, 84) мектепке 543,0 млн теңге қаржы қаралып күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айының 25-ші жұлдызында толық аяқталады деп жоспарлануда.

Ағымдағы жөндеу.  Биылғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 60 мектепке 87 млн теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күні  ағымдағы жөндеу жұмыстары 95% дайын.

Қысқы маусымға дайындық.  Білім бөлімінің 04.08.2011ж. №611 бұйрығымен құрылған комиссия, мекемелердің жаңа оқу жылына даярлығын қабылдау жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңда 48 мектеп, 41 балабақша, 8 мектептен тыс мекемелер орталықтандырылған, ал 36 мектеп, 19 балабақша, 1 мектептен тыс мекемелер автономды қазандықтардан жылу көздерін алады.        

 84 мектеп, 60 балабақша және 9 мектептен тыс мекемелердің  жылу жүйелерін жөндеуге және қысымдаудан өткізуге ЖБ 61,3 млн теңге қаржы қаралды.   Жұмысты толық аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың  25 -тамыз айы.  

Қатты отынмен жылытатын  16 мектеп, 2 балабақша, 1мектептен тыс мекемеге  3502 тонна көмір жеткізілсе, сұйық отынмен жылытатын 1 мектеп,  2-балабақшаға қажет 240 тонна сұйық отынға 26 400 мың теңге қаржы қаралған.

   Тасымал.  2011 жыл басынан бөлімге қарасты 7 (№55,56,63,72,80,83,88) жалпы орта мектептің 2974 оқушыны  тасымалдау үшін 14 670 000 теңгеге қаржы қарастырылса, 2011-2012 оқу жылына қосымша №52, 56, 58 мектептері үшін  11 648 000 теңге қаржы қарастырылып жұмыстар жүргізілуде.

Оқулық.  Ағымдағы жылы жалпы оқушылардың кітапхана қорынан қамтылғаны 89 пайыз, ал қалған 11 пайызы бөлшек сауда желісі арқылы ата-аналар есебінен шешімін таппақ. ҚР Үкіметінің №173 қаулысына сәйкес жетім және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы  отбасы балалары тегін оқулықтармен 100 пайызға қамтылады.

 ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасында 2011 жылы  4,6,11 сынып оқушыларын әлеуметтік жағдайына қарамай 100% оқулықпен қамту туралы айтылған. Үкіметтің тапсырмасын 100 пайызға орындау үшін  және «Өзін-өзі тану» оқулығымен қамтамасыз етуге қажетті 163,5 млн тенге қаржыны  облыстық бюджеттен бөлуге сұраныс жасалды.

        Білім қорына бөлінген қаржы. Жалпы білім қорына бөлінген  142 576,0 мың теңгенің  74 925 мың теңгесіне 3397 бала (84%)  ыстық тамақпен қамтылған, ал мұқтаж  балаларды мектепке киім – кешекпен қамтамасыз етуге 39 510,0 мың теңге оған 3951 бала,  жазғы сауықтыру лагерімен қамтуға 28 141,0 мың теңге, оған 1324 бала қамтылып отыр. 

        ҰБТ. 2010-2011 оқу жылының Ұлттық Бірыңғай тест қорытындысы бойынша орта  балл көрсеткіші — 90 балл, шекті деңгейден өте алмаған мектептер болған жоқ. Алтын белгі иегері 2010 жылы 109 болса, 2011 жылы-111.

        Олимпиада, ғылыми жоба. Мектеп оқушылары арасында  оқушылардың  білім сапасын  анықтайтын  түрлі ғылыми жоба жарыстары, олимпиадалар, интеллектуалды байқаулар өтті. 2010-2011 оқу жылында  қала бойынша 72 жұмыс қорғауға жіберіліп, оның 22 жүлделі орынға, біреуі номинацияға, 18 мақтау қағазына иеленіп Республикалық сайыста 2 оқушы жүлделі орынға иеленді. , яғни  қатысқан оқушылардың 56,9 пайызы марапатталды. Бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырар болсақ,  биылғы жылы көрсеткіш  10,6 пайызға көтерілген.

       Оқушылар арасында өткен пәндік олимпиадасының қорытындысы бойынша    2010-2011 оқу жылындағы көрсеткіш 86,1 пайызды құрайды, бұл дегеніміз қатысқан              36 оқушының 28 жүлделі орын, 3 оқушы алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар       2 оқушы (№7,46 мектеп) Сүлеймен Демерель атындағы университетінің грантын жеңіп алды. Сонымен бірге биылғы оқу жылында № 7 лицей мектебінің  9 — сынып оқушысы Жүнісбек Айғазы Қазақстан Республикасы бойынша интернет олимпиадасында І-орынды, Халықаралық Санкт-Петербург қаласында өткен «Интернет олимпиадасынан» ІІ орын иеленді. Халықаралық «Русский медвежонок» инеллектуалдық байқауынан     №1 гимназия мектебінің 6-сынып оқушысы Ашірбаева Сабина, №9 лицей мектебінің 5 — сынып оқушысы Ли Карина, №38 гимназия мектебінің 11-сынып оқушысы Абдукаримова Айзада ең жоғары балл жинады. Өткен жылмен салыстырсақ  көрсеткіш 30 пайызға артып отыр. Қазақстандағы  10-ға жуық ЖОО бірлесе отырып түрлі  пәндік олимпиадалар ұйымдастырып, нәтижесінде 45 оқушы  грант жеңіп алса, 28 оқушы  50 пайыздық жеңілдікке иеленді.                                                     

Жазғы демалыс. 2011 жылы жетім,  және жартылай жетім, көп балалы отбасы  балаларының   жазғы  маусымдағы  демалысын ұйымдастыруға  28 141,0 мың теңге қаржы бөлініп   1324 бала қала сыртындағы лагерлерде тегін демалса, 7650 бала мектеп жанында  ұйымдастырылған лагерлермен қамтылды.  

Тәрбие жұмысы: Оқушылар арасында тәрбие жұмыстарын жақсарту құқық бұзушылық оқиғаларының алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, білім мекемелерінде — 151 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 147 —мектеп психологтары, 76 —әлеуметтік педагог мамандар, 76 — тәлімгерлер мамандығына,  64 мектеп инспекторына  штат бөлінген.

         Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың және жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау немесе суицидтің алдын алу мақсатында қалалық ішкі істер басқармасымен, облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментімен, облыстық салауатты өмір салтын насихаттау орталығымен және облыстық наркологиялық орталықпен бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспар негізінде тиісті жұмыстар атқарылуда.

Білім ұйымдарында жан-жақты жұмыс атқарылғанымен жасөспірімдер арасындағы қылмыс тоқталар емес. Аудандық  ішкі  істер  басқармасы  кәмелетке  толмағандар ісі  жөніндегі  бөлімінде 2010 жылы 72, 2011 жылдың  6 айында 15 қылмыс тіркелген. Атап айтқанда,  4 бала өлімі, 1 суық қару, 1 дене жарақаты, 9 ұрлық тіркелген.  Орын алған қылмыстық оқиғалар бойынша 3 мектеп директоры,                                     8 директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 4 мектеп психологы қызметінен босатылып,  3 директорға, 16 директордың орынбасарларына сөгіс берілген.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодекстің 111 бабы бойынша бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 121 ата-анаға айыппұл салынды.

2011 жылдың 7 айында облыс әкімі тарапынан 22 тапсырма берілген, оның 14 орындалып, 6 орындалу үстінде, 2 тапсырма тұрақты түрде бақылауда.

Қала әкімінен 15 тапсырма берілген. Оның 10 орындалып, 3 орындалу үстінде, 2 тапсырма тұрақты түрде бақылауда.

 

              

 

 

 

 

Бөлім бастығы                                         Ж.Тажиева

 

 

 

 

Орындаған:   Ж.Базарова