Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Шымкент қаласы білім бөлімінің 2012 жылы атқарған жұмыс есебі.

Шымкент қаласы білім бөлімінің 2012 жылы атқарған жұмыс есебі.

 

Шымкент қаласында жалпы білім беретін мектептер саны 2011-2012 оқу жылында  86 болса, ондағы оқушы саны —  101122, типтік мектеп саны-67, 17 мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан, 3- кешкі мектеп (Абай-1, Әл-Фараби-2),         75  жалпы орта мектеп,  6 негізгі, 6 мектеп –балабақша.

Оның ішінде: Абай ауданында-31, оқушы саны-41562, типтік мектеп-                            20, ыңғайластырылған -10, орта мектеп-28, негізгі мектеп-1, мектеп-балабақша-1.

Әл-Фараби ауданында-28, оқушы саны — 31145, типтік мектеп-                              24, ыңғайластырылған —    4, орта мектеп-24, негізгі мектеп-2, мектеп-балабақша-0.

Еңбекші ауданында-27, оқушы саны-28415, типтік мектеп-23, ыңғайластырылған -3, орта мектеп-22, негізгі мектеп-2, мектеп-балабақша-3.

 2012-2013 оқу жылындағы мектептер саны- 87, оқушы саны 104668. Яғни,               2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы  бала саны 3546-ға өсіп отыр.  87 мектептің   84-і күндізгі мектеп, 3 кешкі мектеп (Абай ауданы-1, Әл-Фараби-2) , оның 70  типтік,         14 ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.

Оның ішінде: Абай ауданында-33, оқушы саны — 41307, типтік мектеп-                23, ыңғайластырылған -7, орта мектеп-30, негізгі мектеп-1, мектеп-балабақша-1, кешкі мектеп -1.

Әл-Фараби ауданында-28, оқушы саны — 34370, типтік мектеп-                              24, ыңғайластырылған -4, орта мектеп-26, негізгі мектеп-2, мектеп-балабақша-0.

Еңбекші ауданында-26, оқушы саны-28468, типтік мектеп-                                   23, ыңғайластырылған -3, орта мектеп-22, негізгі мектеп-2, мектеп-балабақша-2.

 Қаржыландыру. 2011 жылы білім мекемелерін қаржыландыруға                   14 млрд.247 млн. 680 мың теңге қаралған. 2012 жылға 17 784 436,0 мың теңге қаралып,  99,9 пайызға игеріліп отыр.

 Білім қорына бөлінген қаржы. Жалпы білім қорына  2011 жылы 142 млн 576 мың теңге (1,5%) қаралса, 2012 жылы 181 млн теңге қаралып отыр (1,6%).

       Жаңа құрылыс. 2011 жылы Асар мөлтекауданында бір мектеп (№90-Абай ауданы) және 5 (3 –Еңбекші, 1-Әл-Фараби, 1-Абай ауданы) жаңа балабақша құрылысы пайдалануға берілген.

      2012 жылы Абай ауданынан 5 жаңа құрылыс  (Асар м/а №90 мектеп 1200 орындық, “Жайлау” м/а №16 мектеп 300 орындық,   №5 мектеп 600 орындық) және  Қазығұрт пен Асар м/а  екі балабақша (320,280 орындық) іске қосылды. Жаңа құрылыс есебінен апатты жағдайдағы мектептер толық шешімін тапты.

“Назарбаевтың  Зияткелік мектептері” жобасының шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мектептердің саны 2020 жылға — 20 мектеп ашу. Республика бойынша зияткерлік мектепке іріктеу жүргізетін 35 базалық мектеп ашылды.  “Назарбаевтың  Зияткелік мектептерінің” екеуі Шымкент қаласында салынуда. Пайдалануға 2013 жылы беріледі. Біреуі  физика – математика, екіншісі химия – биология бағытында. Шымкент қаласындағы базалық мектеп ретінде  №65 гимназия мектебі таңдалып алынды.

Қосымша құрылыс. 2011 жылы 4 (Абай ауданы -№53, 83, Әл-Фараби а/ны №76, Еңбекші а/ны №63) мектепке,  2012 жылы Абай ауданында орналасқан  2 (№52,56) мектепке қосымша құрылыс салынып пайдалануға берілді.

Күрделі жөндеу. 2011 жылы 23 мектепке, 1 балабақша,  2 мектептен тыс мекеме,  барлығы 26 мекемеге (Еңбекші а/ны -9, (№2,10,30,31,34,37,43,84,68), Абай а/ны-7, (№4,26,29,23,42,51,59), Әл-Фараби а/ны-10, (20,6,7,15,18,35,58, Жас өспірімдер орталығы, №20 балабақша, Ақ-су лагері) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе,

2012 жылы 4 мекемеге, оның Әл-Фараби а/ны бойынша -3, (№16 сымбат б/б,      60,16 млн теңгеге, “Жастардың  уақытын  тиімді ұйымдастыру орталығы”-94 млн т/ге, “Балалар мен жасөспірімдер орталығы”-329 млн т/ге), Абай а/ны – 1, (№23 мектеп,        30 млн теңгеге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жөндеу.

2011 жылы 102 846 мың теңге ағымдағы жөндеу жұмысына жұмсалса,

2012 жылы 168 млн 103 мың теңге қаржы  қаралып, толық жөндеу жұмыстары толық жүргізілді.

Оқулық.  2011-2012 оқу жылында жалпы оқушылардың кітапхана қорынан қамтылғаны      89 пайыз, ал қалған 11 пайызы бөлшек сауда желісі арқылы ата-аналар есебінен шешімін тапты. Білім және ғылым министрінің тапсырмасына орай                     2011 жылы 4,6,11 сынып, 2012 жылы 1,7,8 сынып оқушылары  әлеуметтік жағдайына қарамай 100% оқулықпен қамтылды. 2,9 сынып оқушыларын 100 оқулықпен қамтамасыз ету 2013-2014 оқу жылына жоспарланып отыр.   Жетім, жағдайы төмен отбасы балалары 100 пайызға қамтылуда.

      Компьютер. 2011 жылы 86 жалпы білім беру мектептері 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне 100% қосылған, бір компьютерге                         21 оқушыдан келсе, 2012 жылы 217 млн 80 мың теңге  қарастырылып,                                     2412 компьютер алынды, бүгінгі таңға 1 компьютерге  15 оқушыдан келіп отыр. (2412 компютер Абай а/ны 31 мектепке 843 дана (10+1, 16+1), Әл-Фараби а/ны  27 мектепке 788 дана (10+1), Еңбекші а/ны 26 мектепке 781 дана (10+1), әрқайсысы 90 мың теңгеден, барлығы 217 080 мың теңгеге  2412 компьютер орнатылды).

2011 және 2012  жылдары интерактивті тақта саны 481.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласының                    24 мектебінде «е-learning» қашықтан оқыту бағдарламасына сәйкес  толық жабдықталып, қаланың 54 мұғалімі Астана, Алматы қалаларында «Кембридж» тәсілдерінің негіздері бойынша  ІІІ деңгейдегі қайта даярлау курстарынан өтті.  Бұл мұғалімдердің жалақылары 2012 жылдың 1 қыркүйегінен 30 пайызға  көтерілді.         2013 жылы I деңгейдегі қайта даярлау курсынан өткен мұғалімдердің жалақылары       100 пайызға көтеріледі.

Кабинет. 2011 жылы биология кабинеті 32, физика кабинеті 62, лингофон кабинеті 112, химия кабинеті 18, интерактивті тақта 363 болса,

2012 жылы биология кабинеті 34 (Абай-13, Әл-Фараби-11, Еңбекші-10), физика кабинеті 64 (Абай-25, Әл-Фараби-18, Еңбекші-19), химия кабинеті 25(Абай-10,                 Әл-Фараби-8, Еңбекші-7), лингофон кабинеті 125(Абай-61, Әл-Фараби-31, Еңбекші-33). Яғни 2012 жылы Республикалық бюджеттен  28  млн 679 мың теңгеге 7 химия кабинетіне (Абай а/ны -4 мектеп (№55,86,88,89), Әл-Фараби а/ны-2, (№47,64), Еңбекші а/ны-1(№46) жабдықтар алынды.

ҰБТ.   2011-2012 оқу жылының тестілеу қорытындысының  орташа көрсеткіші    72,73 балды  құрады.  Бұл  көрсеткіш  облыс  денгейінде  2 -ші орынға  ие  болды.

      Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орта балл – 66,89.

Ыстық тамақ. Білім бөліміне қарасты 87 жалпы білім беру мектептерінің             84 (Абай-  32, Әл-Фараби-25, Еңбекші-27) күндізгі білім беру мектептері. Оның 72-де асхана (Абай-28, Әл-Фараби-21, Еңбекші-23), 12 буфет (Абай-4, Әл-Фараби-4, Еңбекші-4) жұмыс істейді. Ал, Абай а/нындағы №61 мектеп құрылысы  2013 жылы пайдалануға берілетіндіктен, бүгінгі таңға мектепте ыстық тамақ ұйымдастыруға жағдайы жоқ.  Тұрмысы төмен отбасы балаларының 5502-і (Абай-1862, Әл-Фараби-1820, Еңбекші-1820)  ыстық тамақпен қамтылған.

Инклюзивті білім.  

            2011-2012 оқу жылына 250 оқушыға инклюзивті оқыту ұсынылған.

            Мектеп оқушылары ішінде тіл мүкістігі бар балалар көп болғандықтан, Шымкент қаласы әкімінің 15.09.2011 жылғы №1041 қаулысы негізінде  14 мектепте 2012 жылдың 1 қаңтарынан логопед пункттері ашылды:

  Абай ауданы бойынша: №№21,49,53,87

  Әл-Фараби ауданы бойынша: №№11,14,17,77

  Еңбекші ауданы бойынша: №№10,28,38,39,40,41

            Қимыл-қозғалысында мүкістігі бар балаларды оқыту үшін 6 мектепте қажетті жағдайлар жасалған (Абай а/ны №55,86,87,88, Әл-Фараби а/ны №72, Еңбекші а/ны    №24 мектептер), лифттер, пандустар, көтерілу сатылары және арнайы жиһаздар дайындалған.

            Биылғы оқу жылы Әл-Фараби а/нында орналасқан №18 жалпы орта мектепте қимыл-қозғалысында мүкістігі бар балалар үшін 10 коррекциялық сыныптар ашылды, онда 88 оқушы оқиды.

            2012 жылдың желтоқсан айында Еңбекші а/нында орналасқан №39 мектеп базасында «Инклюзивті оқыту – уақыт талабы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

            «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Дұрыс тамақтану», «Балаларды үйде оқытудың құжаттарын дайындау» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

            Тәрбие. Ішкі  істер  басқармасы  кәмелетке  толмағандар ісі  жөніндегі  бөлімінде 2011 жылы  52 (Абай-22, Әл-Фараби-15, Еңбекші а/нында-15) қылмыстық оқиғалар тіркелген болса, 2012 жылы   82 (Абай-32, Әл-Фараби-25, Еңбекші а/нында-25) қылмыстық оқиға тіркеліп отыр.

Әрбір орын алған қылмыс мектептен тыс уақыттарда  орын алған. Орын алған қылмыстық оқиғалар бойынша 4 (Абай-2, Әл-Фараби-1, Еңбекші а/нында-1) мектеп директорына,  12 (Абай-4, Әл-Фараби-4, Еңбекші а/нында-4) директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, 8(Абай-4, Әл-Фараби-2, Еңбекші а/нында-2)  мектеп психологына  тәртіптік шара көрілді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодекстің 111 бабы бойынша бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 17 (Абай-7, Әл-Фараби-5, Еңбекші а/нында-5)  ата-анаға айыппұл салынды.

 

2012 жылдың көлемінде кәмелетке толмағандардың арасындағы  қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген

профилактикалық жұмыстар

 

Атқарылған жұмыстар

Нәтиже

1

Білім бөлімі жанынан құрамына ардагер ұстаздар, ата-аналар, құқық қорғау органының өкілдері, балалар құқықғын қорғау департаментінің өкілі, мектеп басшылары енгізілген тәртіптік кеңес құрылды.

  • 2012 жылы мектеп оқушыларының қатысуымен жасалған 8 оқиға қаралды;
  • 11 ата-анаға әкмшілік шара көріліп, айып пұлға тартылды.

2

Қалалық кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғау комиссиясында 178 құжат қаралды.

  • Бөбектер үйіне – 5 оқушы орналастырылды;
  • Кентау қаласындағы арнайы мектеп-интернатқа – 21 оқушы орналастырылды;
  • Кешкі мектепке – 93 оқушы ауыстырылды;
  • Ата-ана құқығынан айыруға – 3;
  • Ескерту беру – 4;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 111 бабы бойынша жауапқа тартуға ұсыныс беру – 11;
  • Балалар мен жасөспірімдер сауықтыру орталығына – 68 оқушы орналастырылды.

3

Балаларды оқумен қамту және кешкі уақытта бейберекетсіз жүруін болдырмау мақсатында рейдтер ұйымдастырылды.

  • 2011 жылы 112 рейд жасалып, 270 бала ұсталды;
  • 2012 жылы 137 рейд жасалып, 84 бала ұсталды.

4

Қылмыстың алдын алу мақсатында қалалық 4 рет акция өткізілді.

  • «Балалар қылмысқа қарсы»;
  • «Қарусыз қала»;
  • «Қылмысқа жол жоқ»;
  • «Қылмыссыз болашақ».

5

Білім мекемелеріне 100% бейне бақылау қондырғылары орнатылды,

100% билборд, стикерлер ілінді.

  • 32 млн. теңге қаржы қарастылыды;
  • 7 млн. 687 мың теңге қаржы қарастырылды.

6

Оқушыларды ата-аналардың келісімімен сот процестеріне қатыстыру, жабық түзету колонияларын аралату.

  • Аудандық 17 сот процестеріне қатыстырылды;
  • 4700 жасөспірім қамтылды.

7

Облыс әкімінің бастамасымен өткізілген «Менің Қазақстаным-менің елім!» байқауында «Ғибрат» тобы қатысты.

1000 000 млн. теңгені ұтып алды.

8

Облыстық «Облыс тарихы» керуен шеруі байқауында «Атамекен» тобы қатысты.

Жеңімпаз атанды.

9

Облыстық «Ұрпақтар сабақтастығы-дәстүр жалғастығы» байқауында «Армандастар» тобы қатысты.

Жеңімпаз атанды.

10

Сенім сымтетіктерін орнату

100% қамтыды.

11

Сенім жәшіктерін орнату

100% қамтыды.

12

Білім мекемелерін инспекторларымен қамтамасыз ету.

100% мамандарымен қамтылды.

 

  1. 2011 жылы 40 спорт алаңшалары ашылып  5822 бала тартылған.
  2. Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын-алу және болдырмау мақсатында оқушыларды жабық мекемеде жазасын өтеп отырған жасөспірімдермен пікір алмасу  мақсатында   қала аймағында орналасқан 3 түрмеге тәртібі қиын, құқықбұзушылыққа бейім,  мектепішілік есепке тіркелген 73 баланы  ата анасының келісімімен апарып, әңгіме сағаттары ұйымдастырылды.
  3. Жергілікті телеарналарда жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігін сезіндіру мақсатында «Заң және жасөспірім», «Жасөспірім және қылмыс» тақырыптарында оқушылардың қатысуымен сот процестерінің  көріністері көрсетілді;
  4. Үкіметтік емес «Интеллект», «Сана сезім», «Іскер әйелдер» қоғамдық ұйымдардың,салауатты өмір салтын насихаттау орталығының, денсаулық басқармасының өкілдерінің қатысуымен бірлескен жоспар түзіліп, ауқымды іс-шаралар(акция, семинарлар, Он-лайн режимдегі сабақтар,дөңгелек үстелдер, волонтерлер топтарының  үгіт-насихат жұмыстары,бейне фильмдер көрсету) өткізілді;
  5. Желтоқсан айында жетім және ата-анасыныңі қамқорлығынсыз қалған 22 бала Президент шыршасына қатысып, әр балаға “Ноудбуктер”,  110 балаға “Қазақстанның жұлдызды қадамдары” тақырыбында қала әкімінің қайырымдылық шыршасында 15 мың теңгенің көлеміндегі сыйлықтар берілді.

            Жазғы демалыс.

2012 жылғы жазғы маусымда демалыспен қамтылатын бала саны –  9520. Бұл көрсеткіш барлық оқушылардың 9,5 пайызын құрайды./Былтырғы  оқу жылында – 8,7 пайызды құраған./

Жалпы білім беру мекемелерінің  жанынан  ыстық тамақпен  қамтылған және тамақсыз жұмыс істейтін  322 мектеп алды алаңын ашып,  7800 оқушыны қамтыды. Былтырғы оқу жылында 305 топ ашылып, 7500 бала қамтылған  болатын.

Қала бюджетінен жалпыға міндетті білім беру қорынан жазғы маусымда  жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасының балаларын  демалдыру мақсатында   28 млн. 604 мың теңге қаржы бөлінді. /Былтырғы жылы  27 млн . 971 мың  теңге  бөлінген./

Бұл қаржыға 1400 баланы демалдыру жоспарланып, қалалық балалар мен жасөспірмдер орталығына  қарасты  Сайрам ауданы Көлкент елді мекенінде  орналасқан  «Ақсу»  лагерінде жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасының  1000 баласы демалды,  400 баланы «Веб-портал»  мемлекеттік  сатып алу  арқылы  “Арман” лагерінде демалдырылды.

 Сонымен қатар қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен педагогтардың  300 баласына 50 %  жеңілдікпен «Ақсу», «Арман», «Тау самал» лагерінде демалды.

Демалушы 1720 баланың -550 жетім, 510-көп балалы отбасы балалары,  210 — мұқтаж отбасы балалары, 80 жартылай жетім, 70- оралман отбасы,  300 — бала педагог ұстаздардың балалары.

     Қосымша білім беру. Шымкент қаласы білім бөліміне қарасты 7 мектептен тыс мекеме жұмыс жүргізеді. Оның Абай а/ны-1 (№2 саз), Әл-Фараби а/ны- 5 (№1 саз, көркемсурет, өнер, балалар мен жасөспірімдер орталығы, жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы) , Еңбекші а/нында -1 (№3 саз мектебі).

2011 жылы білім мекемелеріндегі үйірмелерге 23338 бала қамтылған болса, 2012 жылы     412 үйірмеге 39312 бала қамтылған.

Мектепке дейінгі білім беру.

      Қазіргі танда  Шымкент  қаласында   мектепке  дейінгі  мекемелер саны  180 жетті.  (мемлекеттік балабақшалар – 73 (Абай ауданында-26, Әл-Фараби-24, Еңбекші -23),  жекеменшік  балабақшалар – 75 (Абай ауданында-36, Әл-Фараби-23, Еңбекші -16), мектеп жанында шағын орталықтар – 32 (Абай ауданында-13, Әл-Фараби-10, Еңбекші -9).

        2011 жылы 150 мектепке  дейінгі  мекемелерде  24711   бала қамтылған (64%) болса,     2012 жылы 30569 бала қамтылған.  Ал, «Балапан» бағдарламасы бойынша 28429 бала қамтылған. Қамту пайызы   68,3 %   құрайды.

          Қазақстан Республикасының «Балапан» арнайы бағдарламасын іске асыру бағытында   2012  жылы  төмендегідей жұмыстар өз дәрежесінде атқарылуда.

        «Балапан» бағдарламасы бойынша  2012  жылы атқарылған  жұмыстар: 

                1. Қурсай елді мекенінде жаңадан құрылысы аяқталған   320 орындық   №36 «Ерке-Наз» балабақша,  Асар елді мекенінде 280 орындық  №42 «Толағай» балабақша пайдалануға берілді.  Екі балабақша да Абай ауданында орналасқан.            

               2. Еңбекші ауданында орналасқан №70 «Бастауыш мектеп-балабақша» кешені  №40 «Нурлан»  бөбекжай балабақша болып қайта құрылды.

               3.  Жұмыс істеп тұрған №71,73,74 бастауыш мектеп балабақша»  кешендері жанынан  жаңадан  200 орынға 8 топ ашылды. Абай а/ны №74, Еңбекші а/ны №71,73.

               4. Мектепке дейінгі ұйымдар тапшылығы проблемаларын шешудің тиімді жолының бірі – меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру. 

                   2012 жылы 21 (Абай а/ны-12, Әл-Фараби а/ны-3, Еңбекші а/нында-6) жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге  1500 бала мемлекеттік тапсырыс бойынша орналастырылды. Жалпы мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша   3285 бала орналастырылды.

               5.  №5,24,52 жалпы мектептер жанынан  шағын орталықтар ашылды. Абай а/нына қарасты №5,52, Еңбекші а/на қарасты №24.

               6. Абай ауданында орналасқан №81 «Бақыт» балабақшасы мен №70 «Шолпан» балабақшасын біріктіріп,  №70 «Шолпан» бөбекжай балабақшасы құрылды.

     Еңбекші а/нында орналасқан  №25 «Бүлдіршін» б/б, Абай а/нында  орналасқан №122 «Золотая рыбка» б/б бұрынғы балабақша ғимараттары қайтарылып, қүрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл балабақшаларды 2013 жылдың төртінші тоқсанында ашу жоспарлануда. Абай а/нындағы №115 «Марал» б/б бұрынғы балабақша ғимараты қайтарылып, ЖСҚ дайындалуда.

 

Өзекті мәселелердің шешілу барысы

(2011 жылғы есеп беру кездесуіндегі сұрақтардың шешілуі)

 

                                                                                                                                                                                №

Т.Ә.Ж. мекен жайы

Сұрақтар мен ұсыныстар

Орындалу мерзімі

Жауабы

1

Жамалбек Шәріпбек Жамалұлы, ОҚО мәслихаттың депутаты

а) №49 орта мектептің құрылысын 2012 жылдан бастап салу мәселесі қарастырылса

01.09.14ж

Абай ауданында орналасқан №49 орта мектепті 900 орынға кеңейтуге «Құрсай» мөлтек ауданында 3,7 гектар жер бөлініп, жобалау-сметалық құжат дайындалып, ҚР Білім және ғылым министрлігіне жіберілген. 2012 жылы құрылысты бастауға жергілікті бюджеттен 20 млн теңге, республикалық бюджеттен 142 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

б) №66 орта мектепте спорт сарайы салынса

 

Абай ауданында орналасқан №66 орта мектеп 1200 орынға арналып салынған, мектеп ғимаратында екі спорт зал  жұмыс істейді. Мектептің ауласына спорт алаңшасын салу мәселесі бойынша бюджетті нақытылау барысында ұсыныс енгізіліп, қаржы тапшылығына байланысты қаржы қаралмады. 2013 жылдың бюджетіне ұсыныс еңгізілді. 

в) «Қазығұрт» ш/а ескі балабақша ғимараты қолға алынса

2012ж.

Абай ауданындағы «Қазығұрт» м/а ескі балабақша ғимараты жеке кәсіпкердің меншігінде (Н.Тоғысбаев) болып, сот арқылы мемлекетке қайтарылды. Бүгінгі таңда аталған балабақшаның құрылысын аяқтап пайдалануға беру мақсатында 2013 жылдың бюджетіне ЖСҚ – дайындауға ұсыныс еңгізілді. Пайдалануға беру 2013 жылдың аяғына жоспарлануда. 

г) «Қазығұрт» ш/а 1200 орындық мектеп және қосымша аурухана ашылса

 

Абай ауданындағы «Қазығұрт» м/а 1200 орындық екі  мектеп бар. №66 мектепте – 1995 оқушы, №86 мектепте – 1173 оқушы екі ауысымда білім алуда. Шағын ауданда мектеп салатын жер телімі жоқ, екі мектеп шағынауданға жеткілікті.

2

Әбдіғаппар Тәжібаев, «Самал-3» елді мекенінің тұрғыны

«Самал-3» шағынауданы үлкен орта мектеп салдырып берсеңіз

 

«Самал-3» шағынауданында 1200 орындық мектеп құрылысын салуға 2013 жылы ЖСҚ-сын дайындауға қаржы қарастырып, 2014 жылы құрылысты бастау жоспарлануда,  бірақ мектеп салуға жер телімі жеткіліксіз, жер қарастырылып, құжаттары заңдастырылуда. 

3

Құрбанов Мәлік, «Жайлау» шағынауда нының тұрғыны

«Жайлау» елді мекенінде балабақша жоқ, қашан шешіледі?

2015ж.

«Жайлау» шағынауданында 320 орындық балабақша құрылысын салуға ЖСҚ дайындауға жергілікті бюджеттен 2013 жылға 3 млн 200 мың теңге, құрылысын салуға 2014 жылға 60 млн теңге қаржы жоспарланған болатын, бірақ «Жайлау» шағын ауданында балабақша салатын жер телімі жоқ. 

4

Валиев Ильяс, «Қайнар-бұлақ» елді мекені, «МК-49» массивінің төрағасы

«Қайнар-бұлақ» елді мекенінде балабақша мәселесі қашан шешімін табады?

2015ж.

«Қайнар-бұлақ» саяжайында 320 орындық балабақша салуға ЖСҚ дайындауға жергілікті бюджеттен 2013 жылғы 3 млн 200 мың теңге, құрылысын салуға 2014 жылға 60 млн теңге қаржы жоспарланған.

5

Қожагелдиева Ләззат Балбұлақ көшесі №25 үй тұрғыны

№85 орта мектептің, ғимараты ескі болғандықтан осы мектептің орнына жаңа мектеп салу жоспарға енгізілсе дейміз.

2013-2014жж.

Еңбекші а/нындағы №85 орта мектептің жер телім 0,83 га құрайды. СанПин нормаларына сәйкес ол жерге мектеп салуға мүмкіндік жоқ. Осыған орай  «Қаражол» елді мекенінде 900 орындық мектеп құрылысын салуға облыстық бюджеттен ЖСҚ-сы дайындалды. Мектеп құрылысы 2013 жылы басталып, 2014 жылы пайдалануға берілу жоспарлануда. 

6

Боташева Білімжан, 2 «Көксай» ш/а

№31 В.Терешкова атындағы жалпы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

2015ж.

Еңбекші а/нындағы №31 В.Терешкова атындағы жалпы орта мектепке 2010 жылы жобалау-сметалық құжат дайындалып, 2011 жылы 10 млн теңге қаржы қаралып, күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Келесі екінші кезеңіне ЖСҚ дайындалып, 2013 жылдың бюджетіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуге ұсыныс еңгізілді. Жылда ағымдағы жөндеу жұмыстарына қомақты қаржы қаралып отыр. 

7

И.Рысбеков, М.Әуезов көшесі №15

№34 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі ме?

2015ж.

Еңбекші а/нындағы №34 орта мектепке 2010 жылы жобалау-сметалық құжат дайындалып, 2011 жылы 9 млн 383 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Күрделі жөндеудің екінші кезеңі 2015 жылы жүргізіледі. Оған дейін жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстарына қомақты қаржы бөлініп жұмыстар атқарылуда.

8

Г.Амирова, Қайнар-бұлақ саяжайының тұрғыны, тәуелсіз құқық қорғаушы

а) Тұрмысы төмен оқушыларға мектепке тегін тамақ беру керек, көп мектептерде төрт ай тамақ берді, 4 ай бермеді не себептен?

 

2011 жылы тұрмысы төмен 3397 оқушыларға бюджеттен 72 млн 835 мың теңге қаржыға, ал 2012 жылы 3685 оқушыларға бюджеттен 82 млн 968 мың теңге қаржыға күнделікті мектептердің асханасынан 2012 жылдың 9 қаңтарынан 25 мамыр айына дейін, 5 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Білім бөлімі тарапынан 2012 жылы 28 ақпанда шығыс №2/1117 санды хатымен Г.Амироваға жауап берілген.

б) «Қайнар-бұлақ» саяжайына су, свет, мектеп, амбулатория керек, соны жоспарға енгізсеңіздер.

2014ж.

«Қайнар-бұлақ» саяжайында 1200 орындық мектеп құрылысын салу индикативті жоспар бойынша 2014 жылдың еншісінде. Аталған елді мекенде 2011 жылы №83 жалпы орта мектеп жанынан 600 орындық қосымша құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

9

Қала тұрғыны

«Қайтпас-1» ш/а №58 орта мектеп ғимараты орнына жаңа мектеп құрылысы салынады ма?

2013-2014жж.

Қосымша құрылыс салу индикативті жоспар бойынша 2013 жылы облыстық бюджеттің жоспарына енгізілген. «Қайтпас-1» шағын ауданында №58 орта мектепке 600 орынға қосымша құрылыс салуға жобалау-сметалық құжаты құрылыс бөлімі арқылы дайындалды. 2012 жылға құрылыс салуға жергілікті бюджеттен 50 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс салу жұмыстары жүргізілуде.  

10

Қонысбек Байдулла «Біздің жанұя» газетінің бас редакторы

«Ақтас» шағынауданының жолдарына асфальт төсеу, газ, су, мектеп мәселелері қашан шешіледі.

2012ж.

«Ақтас» шағынауданында 600 орынға жаңа мектеп құрылысы салынуда. Республикалық бюджеттен 2012 жылға 448,560 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде, 2013 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

11

Пак Роза Викторовна №45 мектеп-гимназия директоры

В прошлом году привели в порядок дворовые детские площадки. Предложение разработать программу по приведению в порядок дворовых площадок школ

2012ж.

Отдельная программа по приведению в порядок площадок школ не предусмотрена, так как данный вопрос будет полностью решаться в рамках принятой программы капитального ремонта объектов образования на 2011-2014 годы.  2012 году разработана проектно-сметная документация по капитальному ремонту данной школы. В проекте предусмотрено благоустройство территори школы. 2013 году планируется выделение средства с областного бюджета.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің төрағалығымен өткен

мәжілісте берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша мәлімет

 

Барлығы: 7

Орындалғаны: 4

Тұрақты: 3

 

Орындалған тапсырмалар:

1. Тапсырма. Бюджеттік мекемелерге 2012-2013 жылдарға жылу маусымында сапалы жылу беру мақсатында жылу құбырларының ахаулыры бар бюджеттік мекемелерінің күрделі жөндеуге қажетті қаржысын алдағы бюджеттік нақтылауға енгізілуін қамтамасыз етсін.

Орындалуы. Білім мекемелерін 2012-2013 жылдың жылыту маусымына сапалы дайындау мақсатында, қала әкімдігі жанынан комиссия құрылған. Комиссияның зерделеуі барысында қазандықтарын, жылыту жүйелерін жөндеуге қажетті мекемелерге сметалық құжаттары дайындалды. №30, 37, 57 мектептердің қазандықтарына 7 млн 909 мың теңге,  және  № 2, 17,  балабақшалардың жылыту жуйелеріне 2 млн 595 мың теңге қаржыға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

         Сонымен қатар, №19,23 мектептердің жанынан салынған қосымша құрылысына және №24 мектепке 2 млн 100 мың теңге қаржыға жылу есептегіштерін орнату қажет. Жалпы мекемелерді күзгі-қысқы маусымға қосымша 12 млн 304 мың теңге қаржы  керек екендігі анықталып, алдағы бюджеттегі нақтылауға сұраныс берілді.

2. Тапсырма. Тапсырыс берушілердің  (аудан және қалалардың) өтінімдерін веб-порталға ұсынуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік сатып алу конкурстарын уакытылы өткізуін ұйымдастырылсын, мерзімінде өтпеген нысандар бойынша сараптама жүргізіліп кемшіліктер жіберген қызметкерлерге шара көру ұсынсын.

Орындалуы. Қалалық білім бөлімі мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы ретінде   2012 жылғы жоспары  бойынша 01.07.2012 жылға дейін өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша тапсырыс берушілердің өтінімдері веб-порталға орналастыру жұмыстары уақытылы, мерзімінде жүргізіліп келеді және алдағы кезеңде де осы талаптың орындалуы бөлімнің бақылауында болады.

3. Тапсырма. Шымкент қаласындағы бала-бала бақшаларға деген қажеттілікті  ескере отырып, салынатын бала-бақша орнын және қабаттылығын көбейту мәселесін көтеріп, тиісті заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысына ұсыныс дайындалсын.

Орындалуы.   Қалада мектепке  дейінгі бала саны – 117 438. Мектепке децінгі мекемелерге баруға тиіс балалар саны (2-6 жас) – 71132. Бүгінгі күнге балабақшамен қамтылған бала саны – 27875.  Ал, 12 566 бала бастауыш сынып және мектеп алды даярлық сыныптарымен қамтылған. Мектепке дейінгі мекемемен қамтылуды қажет ететін балалардың саны – 30 691 бала. Оның ішінде балабақшаның кезегінде тұрған бала саны – 22512 бала.  Осыған орай, қажеттілікті қамту үшін 320 орындық балабақша салынатын болса, қалада 70 балабақша салуды қажет етеді.

     Құрылыс нормаларымен және ережелерінің (ҚН ж Е 3.02-24.2004) 4.4.3 бабында «Мектепке дейінгі мекемелердің ғимаратын жобалауда 3 қабаттан аспауы қажет. Ғимараттың 3-ші қабатында жоғары топтардың балдары арнайы бөлмелер, тұрмыстық қызмет көрсететін бөлмелер және жоғары топ балалары орналастыруы қарастырылсын» — делінген. Құрылыс нормаларына және ережелеріне толықтырулар енгізу үшін құрылыс және сәулет-құрылыс мекемелері ұсыныстар дайындаулары қажет.  Аталған мәселе бойынша қалалық сәулет және құрлыс бөліміне ҚР Үкіметіне ұсыныс енгізуге 01.08.2012 жылы №4/4246 санды хат жолданды.

4. Тапсырма. Шымкент қалалық құрылыс және білім бөлімдерінің басшыларының қала аумағында салынып жатқан мектеп және бала бақша  құрылыстарының қанағаттанарлық деңгейде жүргізіліп жатқандығы туралы берген мәліметтері назарға алынсын.

Орындалуы. Шымкент қаласында апатты жағдайдағы №5 орта мектептің ғимараты 2011 жылы бұзылып, орнына 600 орындық мектеп құрылысы салынып, тамыз айында пайдалануға берілді.Сонымен қатар, «Асар» мөлтек ауданында 1200 орындық мектеп (мерзімі: 01.08.2012ж.), №52 орта мектепке 300 орындық, №56 орта мектепке                600 орындық қосымша құрылыстары және «Асар»  мөлтек ауданында 280 орындық         1 балабақша пайдалануға берілді. «Жайлау» мөлтек ауданындағы 300 орындық мектеп құрылысы аяқталып, қала әкімінің 13.11.2012 жылғы №974 қаулысымен пайдалануға қабылданды. Мектепті ашу рәсімі ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында  өткізілді.

 

 

Тұрақты тапсырмалар:

5. Тапсырма. Бюджеттік мекемелерге 2012-2013 жылдарға жылу маусымына қажетті сапалық отынына тұрақты мониторинг жүргізілсін.

Орындалуы. Қазандықтары қатты отынмен жылытылатын 18 мекемеге 26 млн 497 мың теңге қаржыға 3504 тонна қатты отын сатып алуға мемлекеттік сатып алу конкурсы 09.06.2012ж. өткізіліп, ЖШС «Азия» мекемесі жеңімпаз болып танылды. Отынды тарату жұмыстары толық аяқталды, мекемелерге қатты отын таратылды. Қатты отын алуға  комиссия құрылып, зертханалық үш мекемеден (№3 Энергоорталық АҚ, ЖШС «Ромирта», АҚ «Шымкентцемент») қорытынды құжат алынған.

6. Тапсырма. 2012 жылы құрылыс саласына бюджеттен бөлінген қаржылардың толық игерілу шаралары және құрылысқа байланысты жер телімдері мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етсін.

Орындалуы. 2012 жылы салынатын мектеп және балабақша құрылыстарына жер телімдері толық шешіліп, мектеп балабақша құрылыстары жүргізілуде. Әлеуметтік нысандарының құрылыс жұмыстары қалалық құрылыс бөлімі арқылы жүргізілетіндіктен, қаржыландыруды құрылыс бөлімі жүргізеді.

7. Тапсырма. «Шаңырақ» мөлтек ауданында мектеп, бала бақша салуды белгіленген тәртіп бойынша қарау үшін енгізсін.

Орындалуы. «Шаңырақ» мөлтек ауданында 465 отбасы қоныстанған. Ондағы халықтын саны 3000-нан асады, оның ішінде мектеп жасандағы балалардың саны        800 құрайды. Мөлтек ауданға іргелес жатқан жерде 127 учаскеге тұрғын үй салуға жер телемі бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда мектеп жасындағы балалар іргелес жатқан  Сайрам ауданының «Тұрдыабад» елді мекеніндегі мектепке    300 бала және қаладағы мектептерге 200-ге жуық бала қатынап білім алуда.

 «Шаңырақ» мөлтек ауданында 900 орындық мектеп, 320 орындық балабақша құрылыстарын салуға жер телімдерін шешуге және инвестициялық жобалар тізіміне енгізу үшін облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Н.Т.Байғұтовқа 17.09.2012 жылы №4/5055 ұсыныс хаты жолданған.

Сонымен қатар, қала әкімінің атынан облыс әкімі А.Мырзахметовке        21.09.2012 жыл 1/17-5009 хатында мәлімет жолданған.

 

2013 жылы атқарылатын негізгі міндеттер:

  1. Апат алдындағы мектептер. №1,12,36 мектептерінің ғимараттары апат алдындағы жағдайда тұр. Ғимараттарға арнайы мекемелерден ғимараттардың сейсмикалық қауіптілігі жөнінде құжаттары алынған. Қала әкімінің №85 өкімімен комиссия құрылып, жұмыстар жүргізілді. Жобалау сметалық құжат дайындауға қаржы қаралды.
  2. Қосымша құрылыс. №58 мектеп бойынша Қайтпас-1 елді мекенінің тұрғындары қосымша құрылысты 2012 жылы бастауды талап еткен. Аталған мектепке 2012 жылы жергілікті бюджеттен 50 млн. теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 600 орындық қосымша құрылыстың жалпы сметалық құны 743,4 млн теңгені құрайды.
  3. Қосымша құрылысты салуды қажет ететін мектептер: №6,22,42. Аталған мектептерге қалалық құрылыс бөлімі арқылы жобалау-сметалық құжаттар дайындалды. Сонымен қатар, 2010 жылы ОБ-тен салынған №53,63,76,83 мектептердің екінші кезеңіндегі қосымша құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттар дайындауға қаржы бөлдіру қажет
  4. К.Маркс елді мекеніндегі №48 мектепке 600 орындық қосымша құрылыстың толық құжаттары дайындалып жұмысты жалғастыру бойынша қалалық құрылыс бөлімі жұмыс жүргізуде.
  5. Жаңа құрылыс. Республикалық бюджеттен 2012 жылға Ворошиловка елді мекеніндегі 1200 орындық мектепке 20 млн теңге, Құрсай елді мекеніндегі 900 орындық мектепке – 20 млн теңге, Жиделі елді мекеніндегі 600 орындық мектепке 20 млн теңге қаржы қаралды. 2013 жылы пайдалануға беруге толық қаржысын шешу қажет.
  6. Бозарық елді мекеніндегі жаңа мектеп салуға қарастырылған жер елді мекеннен қашық орналасқан. Жер бөліміне жерді ауыстыру жөнінде ұсыныс берілген.
  7.          Гаражная-97 көшесіндегі бұрынғы балабақша ғимаратының орнына 80 орындық арнайы балабақша ғимаратын салуға қалалық құрылыс бөлімі арқылы ЖСҚ дайындалуда. Аталған жобаны дайындау барысында су жүйесінің жеткіліксіз болуы кедергі жасауда.