Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Шымкент қаласы білім бөлімінің 9 айлық есебі

Шымкент қаласында жалпы білім беретін мектептер саны 2010-2011 оқу жылында  87 болса, ондағы оқушы саны  98 595. 67 мектеп типтік,  17 мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. 72 жалпы орта мектеп,      6 негізгі,             6 мектеп –балабақша.

 2011-2012 мектеп саны 86, ондағы оқушы саны 101122 болса,           2012-2013 оқу жылында да  86, оқушы саны 104668-ға жетті. Яғни,                2010 жылмен салыстырғанда 2012 жылы  бала саны 6073-ке өсіп отыр.  86 мектептің 83-і күндізгі мектеп, оның 71 типтік, 12 ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.

 2011 жылы бір жаңа мектеп ( Асар м/а №89 мектеп) ашылып, екі (№27,81) мектеп – балабақша балабақша желісіне ауысты, ал 2012 жылы бір (№90) мектеп ашылып, 1 (№70) мектеп – балабақша  балабақша желісіне ауысты. Нәтижесінде 76 жалпы орта мектеп, 5 негізгі, 3 мектеп-балабақша бар.

Кешкі мектеп саны -3. Онда 2011-2012 оқу жылында 482 бала оқыса, 2012-2013 оқу жылында  523 бала оқуда.

Мектептен тыс  мекеме саны 2010-2011 оқу жылында 10 болса,         2011-2012 оқу жылында экологиялық орталық пен жас туристер станциясы облыстық білім басқармасының желісіне өтіп, білім бөліміне қарасты                  8 мектептен тыс мекеме қалды. 2011-2012 оқу жылындағы бала саны  —   9154.  2012-2013 оқу жылында  бала саны –10980. Яғни, бала саны 1826 – ға өсіп отыр.

Қаржыландыру.  2011 жылы білім мекемелерін қаржыландыруға        14 млрд. 247 млн. 680 мың теңге қаралса, 2012 жылға 17 627 232,0 мың теңге қаралды. Есепті кезеңге 13 386 171,8 теңге, яғни 99,9 пайызға қаржыны игеру орындалып отыр.

 Білім қорына бөлінген қаржы. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын киіндіруге, ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жалпы білім қорына  2011 жылы                  142 млн 576 мың теңге (1,5%) қаралды. 2012 жылы 181 млн теңге қаралып отыр (1,6%).  

Жаңа құрылыс. 2011 жылы Асар мөлтекауданында бір мектеп (№90) және 5 жаңа балабақша құрылысы пайдалануға берілді. 2012 жылы Асар мөлтекауданында 1200 орындық 1 мектеп (№90) құрылысы мен  Қазығұрт және Асар мөлтекаудандағы  бір балабақша (600 орындық) 2012 жылы іске қосылды. Жайлау елдімекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысы ағымдағы жылдың қараша айында тапсырылуы жоспарлануда.

Апатты мектеп. 2011 жылы апатты жағдайдағы № 5 мектептің ғимараты бұзылып, РБ   600 орындық мектеп құрылысы 2012 жылы жаңа оқу жылына ашылды.

Қосымша құрылыс. 2010 жылы облыстық бюджеттен 6 (23,19,76,53,83,63) мектеп жанынан (300 орындық) қосымша құрылыс басталып, 2-і 2010 жылдың ІІ жарты жылдығында құрылысын аяқтаса,  4-і 2011 жылдың тамыз айының            25-жұлдызында пайдалануға берілді.

2011 жылы РБ  есебінен 3 (№48,52,56) мектеп жанынан 600 орындық қосымша құрылыстарын  (өтпелі) салу жұмыстарының №52,56 мектептері 2012 жылы жаңа оқу жылына пайдалануға берілді. №48 жалпы білім беру мектебінің қосымша құрылысы 2013 жылға өтпелі.

Күрделі жөндеу.  2011 жылы ОБ 5 мектепке, ЖБ 18 мектепке,  1 балабақша,  2 мектептен тыс мекеме,  барлығы 26 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2012 жылы ОБ №16 ”Сымбат” б/б және “Жастардың  уақытын  тиімді ұйымдастыру орталығына” 156 млн 683 мың теңге қаржы қаралып, толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. ЖБ “Балалар мен жасөспірімдер орталығына” 279,5 млн теңге, №23 мектепке 30,6 млн теңге қаржы қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жөндеу. 2011 жылы 102 846 мың теңге ағымдағы жөндеу жұмысына жұмсалса, 2012 жылы 168 млн 103 мың теңге қаржы  қаралып, толық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Тасымал.

2011 жылы бөлімге қарасты 8 (№52,55,56,58,72,80,83,88) жалпы орта мектептің 4903 оқушыны  тасымалдау үшін 31 335 526  теңгеге қаржы қарастырылып тасымалдау жұмыстары жүргізілді. Ал 2012 жылға 35 507,0 мың тенге қаралып, 7 мектеп (№№55,56,58,72,80,83,88) 2306 оқушы тасымалдануда.

Жылы жай. Облыс әкімінің №183 тапсырмасын орындау мақсатында қаладағы жеке қазандықтан жылытылатын 12 мектеп жанынан типтік талаптарға сай жылы жай салынды. 11 жылы жай ЖБ бюджет есебінен              15 млн. 750 мың теңгеге, 1 жылы жай демеуші көмегімен салынды. Ал          2012 жылға қалған 13 жылыжайды салуға 20 млн 631 мың теңге қаржы қарастыруға  сұраныс жасалды.

Оқулық.  2011-2012 оқу жылында жалпы оқушылардың кітапхана қорынан қамтылғаны 89 пайыз, ал қалған 11 пайызы бөлшек сауда желісі арқылы ата-аналар есебінен шешімін тапты. Білім және ғылым министрінің тапсырмасына орай 2011 жылы 4,6,11 сынып оқушылары  әлеуметтік жағдайына қарамай 100% оқулықпен қамтылды.

2012 жылы 1,7,8 сынып оқушыларын 100%  қамту үшін қосымша 186 млн теңге қаржы қарастырылып, оқулық толық алынды. Қалған 2,3,5,9,10 сынып оқушылары 2013-2014 оқу жылында қамту жоспарланып отыр.   Жетім, жағдайы төмен отбасы балалары 100 пайызға қамтылуда.

Компьютер. 2011 жылы 86 жалпы білім беру мектептері 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне 100% қосылған, бір компьютерге       21 оқушыдан келсе, 2012 жылы 217 млн 80 мың теңге  қарастырылып,          2412 компьютер алынды, бүгінгі таңға 1 компьютерге  15 оқушыдан келіп отыр.

2011 жылы интерактивті тақта саны 481.

Шымкент қаласының  24 мектебінде «е-learning» бағдарламасына сәйкес  толық жабдықтау және ұстаздарды Астана, Алматы қалаларында «Кембридж» тәсілдерінің негіздері бойынша ІІІ деңгейдегі курстарына 54 мұғалім  қайта даярлау курстарынан өтті. 

Кабинет. 2011 жылы биология кабинеті 32, физика кабинеті 62, лингофон кабинеті 112, химия кабинеті 18 болса, 2012 жылы биология кабинеті              34, физика кабинеті 64, химия кабинеті 20, лингофон кабинеті 116-ға өсіп отыр. Республикалық бюджеттен  28  млн 679 мың теңгеге 7 химия кабинетіне жабдықтар алуға облыстық білім басқармасында конкурс өткізіліп, мердігер анықталып, келісім шарт түзілді.

ҰБТ.   2011-2012 оқу жылының тестілеу қорытындысының  орташа көрсеткіші 72,73 балды  құрады.  Бұл  көрсеткіш  облыс  денгейінде  2 -ші орынға  ие  болды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орта балл – 66,89.

Ыстық тамақ. Білім бөліміне қарасты 86 жалпы білім беру мектептерінің       83 күндізгі білім беру мектептері. Оның 70-де асхана, 12 буфет жұмыс істейді. Ал, №61 мектеп құрылысы 2013 жылы пайдалануға берілетіндіктен, бүгінгі таңға мектепте ыстық тамақ ұйымдастыруға жағдай жоқ.  Тұрмысы төмен отбасы балаларының 5502-і ыстық тамақпен қамтылған.

Инклюзивті білім.  

          2011-2012 оқу жылына 250 оқушыға инклюзивті оқыту ұсынылған.

          Мектеп оқушылары ішінде тіл мүкістігі бар балалар көп болғандықтан, Шымкент қаласы әкімінің 15.09.2011 жылғы №1041 қаулысы негізінде             14 мектепте 2012 жылдың 1 қаңтарынан логопед пункттері ашылды:

Абай ауданы бойынша: №№21,49,53,87

Әл-Фараби ауданы бойынша: №№11,14,17,77

Еңбекші ауданы бойынша: №№28,38,39,40,41

          Шымкент қаласының білім бөлімі қимыл-қозғалысында мүкістігі бар балаларды оқыту үшін 6 мектепте қажетті жағдайлар жасалғанын хабарлайды.

          №№24,55,72,86,87,88 мектептерде лифттер, пандустар, көтерілу сатылары және арнайы жиһаздар дайындалған.

          Биылғы оқу жылы №18 жалпы орта мектепте қимыл-қозғалысында мүкістігі бар балалар үшін 10 коррекциялық сыныптар ашылды, онда 88 оқушы оқиды.

          Тәрбие. Ішкі  істер  басқармасы  кәмелетке  толмағандар ісі  жөніндегі  бөлімінде 2011 жылы  52 қылмыстық оқиғалар тіркелген болса, 2012 жылдың   9 айында 48 қылмыстық оқиға тіркеліп отыр.

Әрбір орын алған қылмыс мектептен тыс уақыттарда  орын алған. Орын алған қылмыстық оқиғалар бойынша 4 мектеп директорына,  12 директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, 8 мектеп психологына  тәртіптік шара көрілді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодекстің 111 бабы бойынша бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 17 ата-анаға айыппұл салынды.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын –алу мақсатында төмендегі жұмыстар жүргізілді.

  1. Ата-аналар,құқық қорғау органдарымен, зейнеткер ұстаздар, педагогтар, кәсіподақтың  қатысуымен қалалық білім бөлімі жанынан  тәртіптік кеңес құрылды.
  2. Білім мекемелерінде қамқоршылық кеңесі құрылған.        
  3. Қыркүйек, қаңтар,  мамыр  айларында «Қылмысқа жол жоқ!», «Қарусыз қала!», «Біз қылмысқа қарсымыз!» атты түрлі айлықтар өткізіп, оқушылар арасынан үгіт топтары  құрылды.
  4. Мектеп инспекторларына тәжірибелі инспекторлар тартылды.
  5. Тәрбиесі қиын және құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды ата-аналар келісімімен қылмыс жасаған оқушылардың сот процессіне қатыстырып, жабық мекемелерді (түрмелерді) аралаттық.
  6. Онлайн режимінде оқушылармен түрлі тәрбиелік мәні бар іс шаралар  өткізіп,  прокурорлық сағаттар өтті. 
  7. Барлық мектептер мен мектептен тыс мекемелерге бейнебақылау камералары орнатылды. (32 млн), барлық мектеп, балабақша, мектептен тыс мекемелерінің  жанына  прокуратура, құқық қорғау органдарының сенім телефондары жазылған билбордтар ілінді.(7 млн. 687 млн. тенге).
  8. Жаңа  оку жылынан бастап  барлық оқушылардың күнделіктеріне арнайы стикерлер дайындалды.
  9. Облыс әкімінің бастамасымен  «Менің Қазақстаным-менің елім»  атты облыстық фестиваліне қатысқан Шымкент қаласының «Ғибрат» тобы өздерінің патриоттық сезімділігі, өнерпаздығы, білімділігімен  І орынға ие болып, облыс әкімінің 1 миллион теңге ақшалай сыйлығының иегері болды; «Ұрпақтар сабақтастығы-дәстүр жалғастығы» атты облыстық байқауға қатысқан оқушыларымыз ІІІ орынды иеленіп, облыс әкімінің 300,0 мың тенге ақшалай сыйлығының иегері атанды;
  10.  «Облыс тарихы» атты керуен-шеруге қатысқан Шымкент қаласының  «Атамекен» тобы облыс көлемінде жүлделі  І орынды иеленіп, облыс әкімінің 400,0 мың теңге ақшалай сыйлығын иеленді;
  11. Республикалық 44-ші жас музыканттар конкурсында  білім бөліміне қарасты мектептен тыс мекемелердің өнерпаздары бас жүлдені жеңіп алды. 

Жазғы демалыс.

2012 жылғы жазғы маусымда демалыспен қамтылатын бала саны –     9520. Бұл көрсеткіш барлық оқушылардың 9,5 пайызын құрайды./Былтырғы  оқу жылында – 8,7 пайызды құраған./

Жалпы білім беру мекемелерінің  жанынан  ыстық тамақпен  қамтылған және тамақсыз жұмыс істейтін  322 мектеп алды алаңын ашып  7800 оқушыны қамтыды. Былтырғы оқу жылында 305 топ ашылып 7500 бала қамтылған  болатын.

Қала бюджетінен жалпыға міндетті білім беру қорынан жазғы маусымда  жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасының балаларын  демалдыру мақсатында   28 млн. 604 мың теңге қаржы бөлінді. /Былтырғы жылы  27 млн . 971 мың  теңге  бөлінген./

Бұл қаржыға 1400 баланы демалдыру жоспарланып, қалалық балалар мен жасөспірмдер орталығына  қарасты  Сайрам ауданы Көлкент елді мекенінде  орналасқан  «Ақсу»  лагерінде жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасының  1000 баласы демалды,  400 баланы «Веб-портал»  мемлекеттік  сатып алу  арқылы  “Арман” лагерінде демалдырылды.

 Сонымен қатар, «Робинзон» шатырлы лагерінде  облыстық бюджеттің есебінен 20 бала демалды. Қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен педагогтардың  300 баласына                   50 %  жеңілдікпен «Ақсу», «Арман», «Тау самал» лагерінде демалды.

Демалушы 1720 баланың -550 жетім, 510-көп балалы отбасы балалары,      210 — мұқтаж отбасы балалары, 80 жартылай жетім, 70- оралман отбасы,         300 — бала педагог ұстаздардың балалары.

Қосымша білім беру. Шымкент қаласы білім бөліміне қарасты 3 саз мектебі, бір көркем – сурет, бір өнер мектебі және балалар мен жасөспірімдер орталығы, жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы  қосымша білім беру мекемелері бар.

2011 жылы білім мекемелеріндегі үйірмелерге 23338 бала қамтылған болса, 2012 жылы 412 үйірмеге 39312 бала қамтылған.

Мектепке дейінгі білім беру.

        «Балапан» бағдарламасы бойынша 2011 жылы маусым айында                          150 мектепке  дейінгі  мекемелерде  23081   бала қамтылған (56,1%). 

         Қазіргі танда  Шымкент  қаласында   мектепке  дейінгі  мекемелер саны  164  жетті.  (мемлекеттік балабақшалар — 73,  жекеменшік  балабақшалар —       59, мектеп жанында шағын орталықтар — 32).

     2012 жылы маусым айында Шымкент қаласы бойынша мектепке дейінгі жастағы балалар саны 117438 жетіп, мектепке дейінгі мекемелерде                    28592 бала қамтылған.   Ал, «Балапан» бағдарламасы боынша 26237 бала қамтылған. Қамту пайызы 63,7  құрайды.   

Тәртіптік жаза. 2011 жылы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңына сәйкес тәртіптік жаза берілген қызметкерлер жоқ болса,       2012 жылы бір мектеп директоры жұмыстан босатылды. 2010 жылы орын алған К.Умаровтың ісі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (Қаржы полиция) 2012 жылғы 31 қаңтарындағы           №16/11-2-1349 хатымен тіркелген ұсынысы негізінде шара көріліп жұмыстан босатылды.

       Тапсырма.

Тапсырмалар

 2011 ж тапсырма

саны

2012 ж тапсырма

саны

2011ж

орындал

ғаны

2012ж

орындал

ғаны

2011 ж

тұрақты

2012ж

тұрақты

Облыс  әкімі

9

7

8

4

1

3

Облыс  әкімінің  орынбасарлары  

19

14

17

4

 

2

10

Қала әкімі    

22

6

20

3

2

3

 

 

          Бөлім бастығы                                               Ж.Тажиева

 

 

 

Орындаған: Ж.Базарова