Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Шымкент қаласы білімі бөлімінің 2012 жылының 6 айында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Шымкент қаласы білімі бөлімінің  2012 жылының  6 айында атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Шымкент қаласында жалпы білім беретін мектептер саны 2010-2011 оқу жылында    87 болса, 2011-2012 оқу жылында 86 болды. 2011 жылы бір жаңа мектеп ( Асар м/а №89 мектеп) ашылып, екі мектеп- балабақша балабақша желісіне ауысты.

Кешкі мектеп саны -3.

2010-2011 оқу жылында 87 жалпы білім беру мектебінде 98 595 бала білім алса,     2011-2012 оқу жылында  86 жалпы білім беру мектебіндегі бала саны —            101122 жетті.

Мектептен тыс  мекеме саны 2010-2011 оқу жылында 9 болса,              2011-2012 оқу жылында 8 (экологиялық орталық облыстық білім басқармасының желісіне өтті)  Мектептен тыс мекемелердегі 2010-2011 оқу жылындағы бала саны — 9860 болса, 2011-2012 оқу жылындағы бала саны  —   9154.

Қаржыландыру.  2011 жылы білім мекемелерін қаржыландыруға            14 млрд. 247 млн. 680 мың теңге қаралса, 2012 жылға 17 534 161,0 мың теңге құрады.

 Шымкент  қаласы  білім  бөлімі және бөлімге қарасты білім   мекемелері бойынша 2011 жылдың 1-ші шілдесіне 6 млрд. 500 млн. 787 мың теңге  қаралып   6 млрд. 453 млн. 388 мың теңге қаржы игерілді, бұл 99,3 %  құрайды.

Ал, 2012 жылдың 1-ші шілдесіне 9 млрд. 469 млн. 212 мың теңге қаралып      9 млрд. 348 млн. 560 мың теңге игерілді, бұл 98,7 % құрап отыр. Игерілмеген қаржы 120 млн. 652 мың теңге құрады оның ішінде облыстық бюджеттен компьютер сатып алуға бөлінген 86 млн. 832 мың теңге конкурстық құжаттарының (27.06.2012ж) кеш шығуына байланысты.  

Жалақы. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер қызметкерлерінің жалақысы 30% көбейді және   1 қыркүйектен бастап жоғары санатты мұғалімдерге төленетін қосымша ақы       60 %-тен 100 %-ке көтерілді. Бірінші санатты мұғалімдерге 35% -тен 50% –ке, екінші санаттыларға 20%-тен 30 %-ке көтерілді. 

Білім қорына бөлінген қаржы. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын киіндіруге, ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жалпы білім қорына  2011 жылы 142 млн 576 мың теңге (1,5%) қаралды. 2012 жылы 181 млн теңге қаралып отыр (1,6%) оның ішінде, ыстық тамаққа 118 млн. 966 мың теңге, жазғы демалыс лагеріне 28 млн. 604 мың теңге және киім-кешек сатып алуға 33 млн. 430 мың теңге.

Жаңа құрылыс. 2011 жылы «Асар» мөлтекауданында бір мектеп және 5 жаңа балабақша құрылысы РБ есебінен пайдалануға берілді. 2012 жылдың             3.07.2012 жылы «Қазығұрт» мөлтек ауданындағы 320 орындық балабақша  ашылды. Жалпы сметасының құны 435 млн. 958 мың теңге. 2011 жылдан өтпелі «Асар» мөлтекауданында 1200 орындық, «Жайлау» м/ауданында 300 орындық мектеп құрылысы, «Асар» мөлтекаудандарындағы 280 орындық екі балабақша құрылыстары жүргізілуде. «Асар» м/ауданындағы 1200 орындық мектебі 01.09.2012 жылы, 280 орындық екі балабақша 01.08.2012 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. «Жайлау» м/ауданындағы 300 орындық мектеп құрылысы 25.12.2012 жылы тапсырылады деп жоспарлануда. Ақтас елді мекенінде 600 орындық құрылысы 2013 жылға өтпелі.

Апатты мектеп. 2011 жылы апатты жағдайдағы № 5 мектептің ғимараты бұзылып, РБ есебінен  600 орындық мектеп құрылысы жүргізілген болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жалғасуда, 1.09.2012 жылы іске қосылады деп күтілуде. Жалпы сметалық құны 471 млн. 490 мың теңгені құрайды.

Қосымша құрылыс. 2010 жылы облыстық бюджеттен 6 (23,19,76,53,83,63) мектеп жанынан (300 орындық) қосымша құрылыс басталып, 2-і 2010 жылдың     ІІ жарты жылдығында құрылысын аяқтаса,  4-і 2011 жылдың тамыз айының       25-жұлдызында пайдалануға берілді.

2011 жылдан РБ  есебінен 3 (№48,52,56) мектеп жанынан 600 орындық қосымша құрылыстарын  (өтпелі) салу жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылы жаңа оқу жылына №52, №56 мектептердің жанынан қосымша құрылысы аяқталады деп күтілуде. № 48 мектептің 600 орындық қосымша құрылысы 2013 жылға өтпелі

Күрделі жөндеу.  2011 жылы ОБ 5 мектепке, ЖБ 18 мектепке, 1 балабақша,       2 мектептен тыс мекеме,  барлығы 26 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2012 жылы ОБ есебінен №16 ”Сымбат” б/б (60,166 млн. тенге), ЖКБО                (96 млн. 484 мың тенге) жалпы  156 млн 683 мың теңгеге және ЖБ есебінен        279 млн. 890 мың теңгеге жасөспірімдер орталығында, №23 орта мектепке           20 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде.

Ағымдағы жөндеу. 2011 жылы 102 млн. 846 мың теңге ағымдағы жөндеу жұмысына жұмсалса, 2012 жылы ағымдағы жөндеуге 95 млн 367 мың теңге қаралса, жылу жүйелерін қысымдауға және ағымдағы жөндеуден өткізуге            97 млн. 843 мың теңге қаралды. Сонымен қатар 18 мекемеге қатты отын алуға (3504 тонна) 26 млн. 497 мың теңгеге ЖШС «Алтын азия» мекемесі ұтып алды. Сұйық отынмен жағатын (№69 мектеп №10 «Достық» балабақшасы) 2 мекемеге            120 тонна сұйық отын алуға ЖШС «Алтын азия» мекемесі ұтып алып,                         11 млн. 506 мың теңгеге келісім шарт түзілді. Бүгінгі таңда мердігерлер анықталып, келісімшартқа отырып жұмыстар жүргізілуде. 

Тасымал.  2011 жылы бөлімге қарасты 8 (№52,55,56,58,72,80,83,88) жалпы орта мектептің 4903 оқушыны  тасымалдау үшін 31 млн 335 мың 526  теңгеге қаржы қарастырылып тасымалдау жұмыстары жүргізілді. Ал 2012 жылға 18 млн.          969 мың тенге қаралып жұмыс жүргізілді. Алайда жаңа 2012-2013 оқу жылына      6 мектептің оқушыларын (№55,58,72,80,83,88) тасымалдауға қосымша 16 млн. 538 мың теңге  қаржы қажет етеді.

Жылы жай. Облыс әкімінің №183 тапсырмасын орындау мақсатында қаладағы жеке қазандықтан жылытылатын 12 мектеп жанынан типтік талаптарға сай жылы жай салынды. 11 жылы жай жергілікті бюджет есебінен                          15 млн.750 мың теңгеге, 1 жылы жай демеуші көмегімен салынды. Ал 2012 жылға қалған 13 жылыжайды салуға 20 млн 631 мың теңге қаржы қарастыруға  сұраныс берілді.

Оқулық.  2011-2012 оқу жылында жалпы оқушылардың кітапхана қорынан қамтылғаны 89 пайыз, ал қалған 11 пайызы бөлшек сауда желісі арқылы ата-аналар есебінен шешімін тапты. ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасына орай 2011 жылы 4,6,11 сынып оқушылары  әлеуметтік жағдайына қарамай 100% оқулықпен қамтылды.

2012 жылы 1,7,8 сынып оқушыларын 100%  қамту үшін 245 млн 426 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда мердігерлермен келісім шартқа тұрып   оқулықтарға тапсырыс берілді.

 Компьютер. 2011 жылы 86 жалпы білім беру мектептері 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне 100% қосылған, бір компьютерге            21 оқушыдан келсе, 2012 жылы 217 млн 80 мың теңге  қарастырылып,                2412 компьютер сатып алуға келісім шарт жасалуда.

Интерактивті тақта саны 481құрайды.

Кабинет. 2011 жылы биология кабинеті 32, физика кабинеті 62, лингофон кабинеті 112 болса, 2012 жылы 7 химия кабинетттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға Республикалық бюджет есебінен 28  млн 679 мың теңге қаржы қаралып, облыстық білім басқармасында конкурс өткізілуде.

Мектепке дейінгі білім беру.   «Балапан» бағдарламасы бойынша 2011 жылы маусым айында 150 мектепке  дейінгі  мекемелерде  23081   бала қамтылған (56,1%). 

         Қазіргі танда  Шымкент  қаласында   мектепке  дейінгі  мекемелер саны  161  жетті.  (мемлекеттік балабақшалар — 73,  жекеменшік  балабақшалар — 56, мектеп жанында шағын орталықтар — 32).

         2012 жылы маусым айында Шымкент қаласы бойынша мектепке дейінгі жастағы балалар саны 117438 жетіп, мектепке дейінгі мекемелерде                    27737 бала қамтылған.   Ал, «Балапан» бағдарламасы боынша 26237 бала қамтылған. Бала саны 3-6  (4377) артуына байланысты  қамту 61%   құрайды.   

 2012 жылы 2 балабақша ғимаратын қайтару, 3 жаңа балабақша, 8 жекеменшік балабақша, 2 шағын орталық, 8 қосымша топ ашу жоспарланып отыр.

ҰБТ.   2011-2012 оқу жылының тестілеу қорытындысының  орташа көрсеткіші 72,73 балды  құрады.  Бұл  көрсеткіш  облыс  денгейінде  2 -ші орынға  ие  болды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орта балл – 66,89.

Жазғы демалыс. 2012 жылғы жазғы маусымда демалыспен қамтылатын бала саны – 9520. Бұл көрсеткіш барлық оқушылардың 9,5 пайызын құрайды./Былтырғы  оқу жылында – 8,7 пайызды құраған.

Жалпы білім беру мекемелерінің  жанынан  ыстық тамақпен  қамтылған және тамақсыз жұмыс істейтін  322 мектеп алды алаңын ашып  7800 оқушыны қамту жоспарланып, демалуда. /Былтырғы оқу жылында       305 топ ашылып 7500 бала қамтылған  болатын./

Қала бюджетінен жалпыға міндетті білім беру қорынан жазғы маусымда  жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасының балаларын  демалдыру мақсатында   28 млн. 604 мың теңге қаржы бөлініп отыр. /Былтырғы жылы  27 млн . 971 мың  теңге  бөлінген./

Бұл қаржыға 1400 баланы демалдыру жоспарланған. Қалалық балалар мен жасөспірмдер орталығына  қарасты  Сайрам ауданы Көлкент елді мекенінде  орналасқан  «Ақсу»  лагерінде жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасының  1000 баласы демалады,  400 баланы «Арман» лагеріне  демалдыру  қарастырылды.

 Қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен педагогтардың  300 баласына 50 %  жеңілдікпен жолдама бөлінуде.

Демалушы 1700 баланың -550 жетім, 510-көп балалы отбасы балалары,     210 — мұқтаж отбасы балалары, 80 жартылай жетім, 50- оралман отбасы,       300 — бала педагог ұстаздардың балалары.

Үйірме. 2011 жылы білім мекемелеріндегі үйірмелерге 23338 бала қамтылған болса, 2012 жылы 37347 бала қамтылған.

Тәртіптік жаза. 2011 жылы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңына сәйкес тәртіптік жаза берілген қызметкерлер жоқ болса,        2012 жылы бір мектеп директоры жұмыстан босатылды. 2010 жылы орын алған К.Умаровтың ісі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (Қаржы полиция) 2012 жылғы 31 қаңтарындағы №16/11-2-1349 хатымен тіркелген ұсынысы негізінде шара көріліп жұмыстан босатылды.

      

 

 

       Бөлім бастығы                                             Ж.Тажиева

 

Орындаған:    П.Асауов

С.Кәдірқұлова

А.Текебаева

                          А.Абиева