Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Тамыз маслихатының баяндамасы-2012ж

Қалалық білім бөлімінің бастығы

Ж.А.Тажиеваның тамыз маслихатына

                             арнаған баяндамасы

 

Слайд 1.  

Тақырыбы: «Білім беру жүйесін жаңғырту –адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты».

 

 

                                               Мерзімі 16.08.2012 ж.

                                                                  Басталу уақыты: 10.00 -11.30.

                                                         Өтетін орны: Ж.Шанин атындағы    

                                                                        облыстық драма театры

 

 

Құрметті Қайрат Құсейінұлы!!

Қадірлі тамыз кеңесінің

қонақтары мен әріптестер!

 

         Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруші ұстаздар қауымымен  алда тұрған басты міндеттерді айқындайтын, негізгі мәселелер жөнінде ой түйіндеуге, пікір алысуға мүмкіндік беретін, білім сапасын жаңа серпіліспен  бастауға бағыт беретін  дәстүрлі тамыз кеңесіне қош келдіңіздер!

 

                                      Құрметті әріптестер!

   

      Күрделі мәселелердің, қойылатын талап пен міндеттердің оң шешім табуы, жетістіктерге қол жеткізу,  құрметті де абыройлы педагог мамандық иелері яғни  ұстаздардың ерен еңбегінің  нәтижесі екені баршамызға аян.

Елбасымыз қай Жолдауында болмасын, ең негізгі фактор ретінде адам өміріне, оның денсаулығына, білім алуына, әлеуметтік қолдауға ие болуына баса назар аударып келеді. Осы орайда 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасында білім саласы жүйесін жаңғырту жан-жақты  қарастырған.

 Жаңа оқу жылының маңызды міндеттерінің бірі — бәсекеге қабілетті, білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі  мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.

 

                                              Құрметті әріптестер!

 

Біз ұрпағымызды, болашағымызды тәрбиелеу жолында мемлекетіміздің білім саясатын басшылыққа ала отырып, жүктелген  міндеттерді атқарып келеміз.

Слайд 2.   Жаңа оқу жылын  100 мыңнан астам оқушымен 86 жалпы білім беретін,    8 мектептен тыс, 163 мектепке дейінгі мекемелермен бастағалы отырмыз.

Слайд 3.  Бүгінгі күні сапалы білім беруге барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып отыр. Оған дәлел білім саласын қаржыландыру соңғы  жылдармен салыстырсақ үш есеге өсті. Мысалы 2007 жылы 5 млрд. 370 млн. теңге құраса 2010 жылдың  қаржысы 11 млрд. 39 млн. теңгені, ал 2012 жылы 17 534 161,0 теңгені құрап отыр. 2011 жылдың шілде айынан бастап бюджет есебінен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлерінің жалақылары 30 пайызға артып отыр. Бұдан бөлек, РБ жоғары санатты ұстаздар жалақысы 100 пайызға артты. 

 Слайд 4. Елбасымыз «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тапсырмасында  білім саласына берген нақты бағыттарынның бірі:    2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы орта білім беретін мектептерде интерактивті оқыту жүйесін кеңінен пайдаланып,  он-лайн режимінде білім беру бағдарламасын қолға алу мәселесі болып отыр.

Слайд  5- 6. Егеменді еліміздің өскелең ұрпағы үшін мемлекет барлық жағдай жасауда. Оған дәлел, бүгінгі күні Шымкент қаласында   мектептер                       363 интерактивті тақтамен, 72 лингофонды-мультимедиялық, 51 физика,                  24 химия, 34 биология кабинеттерімен жабдықталып, жыл сайын жаңа компьютерлермен толықтырылып, интернетке 100 пайызға  қосылу мүмкіндігіне ие болып отыр. Сонымен қатар  Шымкент қаласының                       24 мектебінде «е-learning» бағдарламасына сәйкес  толық жабдықтау               және ұстаздарды Астана, Алматы қалаларында «Кембридж» тәсілдерінің негіздері бойынша ІІІ деңгейдегі курстарына 54 мұғалім  қайта даярлау курстарынан өтті.  Бұл дегеніміз-Елбасымыздың берген тапсырмасын орындауда зор  мүмкіндігіміздің бар екенін көрсетеді.  

  Слайд 7. ҚР «Білім туралы» Заңы аясында  ЖБ есебінен жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасынан шыққан балалар саны  болса, ол үшін жалпы білім қорына  181 млн. теңге қаралып (1,6%), оның ішінде: ыстық тамаққа 118 млн.966 мың теңге қаржы жазғы демалыс лагеріне 28 млн.604 мың теңге қаржыға 1400  бала,  және киім-кешек сатып алуға 41 млн. теңге қаржыға  4100 бала қамтылды. 

        Слайд 8. Оқулық. ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасына орай 2011 жылы  4,6,11 сынып, биылғы жылы 1,7,8 сынып оқушылары оқулықпен 100% қамтылса, қалған 2,3,5,9,10 сынып оқушылары 2013-2014 оқу жылында қамту жоспарланып отыр.   Жетім, жағдайы төмен отбасы балалары 100 пайызға қамтылады.

  Слайд 9.  Әсіресе, соңғы 3 жылда 11 жаңа мектеп, 9 балабақша, 8 қосымша құрылыстардың көптеп салынуы, тегін оқулықтармен қамтамсыз ету жұмыстары, білім саласына бөлінген қаржының еселеп өсуі, нақты тоқталар болсақ арнайы қабылданған 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасы аясында материалдық-техникалық базаның күн санап нығаюы  тек Тәуелсіз елде ғана болатын зор  жетістік пен мүмкіндік  деп ойлаймын! Сондықтан да ұстаздар, оқушылар және  ата-аналар атынан Елбасына,  Үкімет басшылығына, қолдау танытқан халық қалаулылары депутаттарға  алғыс айтуға рұқсат етіңіздер! Оңды істерге тек нәтижелі білім мен жақсы  тәрбиемен  жауап береміз деп ұстаздар атынан сенім білдіремін!

Слайд 10.   Білім беру сапасын арттыру.       

        ҰБТ. 2011-2012 оқу жылының Ұлттық Бірыңғай тест қорытындысы бойынша орта  балл көрсеткіші-72,73 балл. “Алтын белгі” иегері 44.

ҰБТ нәтижесі бойынша Шымкент қаласы облыс көлемінде II орында. Дегенмен, ҰБТ қорытындысы бойынша білім сапасына көптеген сын айтылды. 

Құрметті әріптестер!

           Білім саласында Елбасының тікелей басшылығымен, болашаққа деген зор үмітпен ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан ҚР «Білім туралы» Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, замануи әдістер, базалық білім беру стандарттары жаңартылуда, педагогтардың біліктілігін арттыру талаптарын күшейтіп, инновациялық тұрғыдағы талаптар қойылуда, сол талаптарға бүгінгі ұстаздар лайықпыз ба немесе жаңа ұстаз болып заман ағымына ере аламыз ба? әлде «Сынықтан сылтау іздеп, оған өзгелерді кіналап отыра береміз бе? «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дегендей, намысқа тырысып жіберілген кемшіліктерімізді сараптан өткізіп, жаңа оқу жылын жаңаша бастамамен іске кірісуге шақырамын!

 Слайд 11. Білім сапасын арттыруда жіберілген кемшіліктер мен проблемаларға  тоқталсақ: 

  1. Оқушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен логикалық ойлау қабілеттерінің  жеткіліксіздігі;
  2. Оқушылардың математикалық құзыреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдылардың жеткіліксіздігі;
  3. Күнделікті өмірдегі жағдайларды түсіндіруге арналған жаратылыстану- ғылыми түсініктерді қолдану дағдыларының, алған ақпараттарды сын тұрғысынан бағалаудың, болжамдар жасау мен өз қөзқарасын негіздеу деңгейінің жеткіліксіздігі.

 Слайд 12. Бұл дегеніміз:  Білім беру  ұйымдарының оқу  процесіндегі жоғарыдағы кемшіліктердің себептері:

    1.  Білім  берудің академиялық сипаты, тәжірибеге  жеткілікті  көңіл аудармау;

    2. Бастауыш, негізгі  жоғары  буындарында  оқу-тәрбие жұмысы  қатаң түрде сыныптық-сабақтық жүйеде  ғана ұйымдастырылған ;

    3. Оқу – тәрбие   процесінде  оқушылардың  жеке қызығушылықтары  ескерілмейді, сондықтан  жеке тұлғаға  бағытталған жұмыс жүргізілмейді.

   4. Оқытудың вербалды-репродуктивті түрлері ғана  көптен қолданылады;

    5.  Оқушылардың  өзіндік  жеке  және  ұжымдық  іс- әрекетінің  жеткіліксіздігі;

  6.  Нәтижелерді бақылау жүйесі әр оқушының  жеке дамуына  білім сапасының артуына бағытталмаған;

 7. Мұғалімдердің  әлеуметтік  практиканы қалыптастыратын жобалау іс-әрекетін, жекелеме  білім беру  бағдарламаларын жүзеге асыратын  технологияларды жақсы меңгере  алмауы.

Слайд 13. Осы орайда,  әрбір білім ұйымының басшысына, педагогтарға  төмендегі  Білім беру  жүйесін жаңарту  шарттарын ұсынамын:

1. ҰБТ қорытындысы бойынша әрбір жетістік пен кемшіліктер әдістемелік отырыстарда, педагогикалық кеңесте талқыланып, сараптама жасалып жаңа оқу жылына білім сапасын көтеру мақсатында арнайы жоспар құрылсын.

2. Кадр сапасына аса көңіл бөліп, әрбір  пән мұғалімінің қол жеткізген жетістіктері нақтыланып есепке алынсын. Керемет ашық сабақ берген мұғалім ғана емес, сапалы білім берген мұғалімдердің озат тәжірибесі  жинақталып тарқатылсын. Оқу процесіне  заманауи әдістемелер  мен  технологиялар   енгізілсін;

3. Педагог кадрлардың  кәсіби  дайындық деңгейін арттыру жұмыстары қолға алынсын. Білімін жетілдіріп келгеннен кейін мұғалімнің  жұмыс сапасына мониторингер жүргізілсін. Сапасыз кадрлар жұмысы педагогикалық кеңестерде үнемі қадағалансын.

4. Өткен оқу жылында Алматы,Астана, Шымкент қалаларына  кәсіби дайындық деңгейін арттырып қайтқан, төмен білім сапасын көрсеткен мұғалімдерге сараптама жасалсын. Себебі Үкімет тарапынан қыруар қаржы бөліп оқытып алдық, нәтиже қайда?

5.  ЖОО байланыс жұмыстары күшейтілсін.

6.  Әдістемелік бірлестік ұйымдарының жұмыстары күшейтілсін.

                            Құрметті ұстаздар!

           Білім саласында бүгінгі күні  алдына жаңа  талап қойып, Білім беру  жүйесін жаңарту  шарттарын ұстанып,  жаңаша ізденістермен  жұмыс атқарып келе жатқан  білім ұйымдарымыз  бен ізденімпаз ұстаздарымыздың да жұмысын  мақтаныш тұтамыз!

  Слайд 14-17.   Олимпиада, ғылыми жоба.

          Жыл сайын оқушылардың ғылыми шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру, ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жаңа серпілістер байқалды. Оған дәлел, Республикалық олимпиаданың екінші облыстық кезеңінде 19 оқушы, республикалық кезеңінде    5 оқушы, халықаралық интернет олимпиадасында 43 оқушы,  “Жас математик”  олимпиадасында 13 оқушы жүлделі орынды иеленді. Ғылыми жоба жарыстарында облыс бойынша 18 орынды, республикада  6 орынды иеленсе, халықаралық деңгейде өткен жарыстарда 10 жүлделі  орынды жеңіп алды. Халықаралық, республикалық ойын байқауларға қатысқан қала оқушылары “Золотое руно” байқауы бойынша 358, “Русский медвеженок”-  254, “Кенгуру математик”- 302, “Кенгуру лингивист”-164, “Ақбота”-  224, “Британ бульдогы”-88 оқушы жүлдегер атанды.

 

Бұл көрсеткіш ізденімпаз ұстаздарымыздың жыл бойы атқарған ерен еңбегінің нәтижесі деп білемін. Қиын да қызықты жұмыстарыңызда шығармашылық табыс тілеймін!

     Слайд 18-20. Тәрбие жұмысы.

Білім беруді жаңарту қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағыттайды. Бұл құндылықтар қазіргі тәрбие жұмысының негізі болуы тиіс. Білім ұйымдарында жан-жақты жұмыс атқарылғанымен жасөспірімдер арасындағы қылмыс тоқталар емес. Ішкі  істер  басқармасы  кәмелетке  толмағандар ісі  жөніндегі  бөлімінде 2011 жылы  52 қылмыстық оқиғалар тіркелген болса, 2012 жылдың  6 айында 33 қылмыс тіркелген. Әрбір орын алған қылмыс мектептен тыс уақыттарда  орын алған. Орын алған қылмыстық оқиғалар бойынша 4 мектеп директорына,  12 директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, 8 мектеп психологына  тәртіптік шара көрілді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодекстің 111 бабы бойынша бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 17 ата-анаға айыппұл салынды.

Бүгінгі күні ақпараттық құралдарда бала тәрбиесі, жасөспірімдер арасында  орын алған кез-келген қылмыс бойынша бірінші кезекте ата-анасынан бұрын мектепті кіналау үрдіске айналды. Әрине  бұл жауапкершіліктен  ұстаздар ешқашан  қашқан емес. Әрбір баланың өмір қауіпсіздігі, сапалы білімі, тәрбиесі ұстаздар қауымының негізгі міндеті екенін ұмытпауымыз қажет. Өткен тамыз конференцияда алдымызға үлкен міндеттер қойған болатынбыз:

 Слайд  21-30. Осы орайда:

  1. Ата-аналар,құқық қорғау органдарымен, зейнеткер ұстаздар, педагогтар, кәсіподақтың  қатысуымен қалалық білім бөлімі жанынан  тәртіптік кеңес құрылды.
  2. Қыркүйек, қаңтар,  мамыр  айларында «Қылмысқа жол жоқ!», «Қарусыз қала!», «Біз қылмысқа қарсымыз!» атты түрлі айлықтар өткізіп, оқушылар арасынан үгіт топтары  құрылды.
  3. Мектеп инспекторларына тәжірибелі инспекторлар тартылды.
  4. Тәрбиесі қиын және құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды ата-аналар келісімімен қылмыс жасаған оқушылардың сот процессіне қатыстырып, жабық мекемелерді (түрмелерді) аралаттық.
  5. Онлайн режимінде оқушылармен түрлі тәрбиелік мәні бар іс шаралар  өткізіп,  прокурорлық сағаттар өтті. 
  6. Барлық мектептер мен мектептен тыс мекемелерге бейнебақылау камералары орнатылды. (32 млн), барлық мектеп, балабақша, мектептен тыс мекемелерінің  жанына  прокуратура, құқық қорғау органдарының сенім телефондары жазылған билбордтар ілінді.(7 млн. 687 млн. тенге).
  7. Жаңа  оку жылынан бастап  барлық оқушылардың күнделіктеріне арнайы стикерлер дайындалды.
  8. Облыс әкімінің бастамасымен  «Менің Қазақстаным-менің елім»  атты облыстық фестиваліне қатысқан Шымкент қаласының «Ғибрат» тобы өздерінің патриоттық сезімділігі, өнерпаздығы, білімділігімен  І орынға ие болып, облыс әкімінің 1 миллион теңге ақшалай сыйлығының иегері болды;
  9. «Ұрпақтар сабақтастығы-дәстүр жалғастығы» атты облыстық байқауға қатысқан оқушыларымыз ІІІ орынды иеленіп, облыс әкімінің 300,0 мың тенге ақшалай сыйлығының иегері атанды;
  10.  «Облыс тарихы» атты керуен-шеруге қатысқан Шымкент қаласының  «Атамекен» тобы облыс көлемінде жүлделі                  І орынды иеленіп, облыс әкімінің 400,0 мың теңге ақшалай сыйлығын иеленді;
  11. Республикалық 44-ші жас музыканттар конкурсында  білім бөліміне қарасты мектептен тыс мекемелердің өнерпаздары бас жүлдені жеңіп алды. 

                                   

                           Құрметті ұстаздар, ата-аналар!

 

       Атқарылған жұмыстар өте көп сын көзбен қарар болсақ, өкінішке орай оқушыларымыздың бойында патриоттық сезім, немқұрайлылық, жауапкершілік сезіну сияқты қасиеттер әлі де болса төмен екені жүргізілген анкеталық сауалнамада анықталып отыр. Осы орайда әрбір сынып жетекшісі, ұстаз, ата ана, қала берді бүкіл ел болып  бала тәрбиесінде осы кемшіліктерді жою мақсатында жұмыс  жүргізуіміз қажет. 

            Слайд  31.  Биылғы тамыз кеңесі «Білім беру жүйесін жаңғырту –адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбында өтуі болашақтың ірге тасын қалайтын жастарымыздан үлкен үміт күттіреді. Алайда ұлылардың «Ата-анадан ұрпақ өсіп таралған, жақсы-жаман болса, бәрі солардан»,-деп айтқан ұлағатына құлақ түрсек, тәрбиенің негізі – отбасында қаланатындығын көрсетеді. Дегенмен, оқушы жарты күн мектепте, қалған уақытында отбасымен болады.

         Осы жиынға  жиналып отырған әрбіріміз ата-анамыз! Сонымен қатар ата-аналар ұйымының төрағалары да арнайы шақырылып отыр.

        Тәрбие ұлға да қызға  бірдей. Іштен біліп ешкім туылмайды. Тәрбие бесік пен босағадан басталады. Өсе келе ұлым дарақы, қызым сорақы деп қалмау үшін бала жүрегіне әкенің жылы қабағы, ананың мейірімі айрықша  мәнге ие болатынын психологиялық, ғылыми тұрғыда да дәлелденгенін айтып өткім келеді.

         Әрбір орын алған қылмыс бойынша  жүргізілген сауалнама қорытындысыда ата-ана өз міндетіне  баланы бірінші кезекте киіндіру, тамақтандыру, материалдық жағдайына қамтамыз етуді ғана көздеп  отыр. Ең сорақысы ата-ананың бала алдындағы — әлсіздігі.  Бұл дегеніміз  әлеуметтік тұрғыда  отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуіне алып келеді.

        Ұлыңды жарығым, қызымды –жалғызым деп ішер тамақ, киер киімге тарықтырмай, қалтасына ақша салып мәпелеу бұл тәрбие емес.

         Қала берді тек қана  жасөспірімдер арасында емес, үлкен жастағы азаматтар арасында да қылмыс,адам өлтіру,  бір бірімен соттасу, қала берді ата аналардың ажырасуы, ата ананы  сыйламау сынды түрлі оғаш қылықтар саны  елімізде 10 жылда 10 есеге артып отыр емес пе? Бұндай көрсеткіштермен жастарға қандай үлгі көрсетпекпіз! Бойымызда имандылық, кешірімділік болып, сөзіміз бен ісімізде үйлестік болса бала жүрегінде  жауапкершілік те, патриоттық сезім де, тәрбие де орын алған болар еді. 

Слайд  32. Тәрбие үш нәрсені қажет етеді  —  ол  имандылық, білім, тәжірибе екенін ескере отырып қиын да қызықты жұмысымызда Тәуелсіз еліміздің жарқын ертеңі үшін Рухы биік, саналы, білімді  азаматтар  тәрбиелей берейік!

               

 Құрметті Қайрат Құсейінұлы!

 

         Слайд 33. Шымкент қаласының өзінде кеңес дәуірінде 80 нен астам аула клубтары мен мектептен тыс мекемелер болатын. Бүгінгі күні  небары 7 аула клубы мен 8 мектептен тыс мекеме жұмыс атқаруда. Оқушылардың бос уақытын тиімді падалану үшін   аула клубтарын ашу мақсатында көмек беруіңізді сұранамыз!                                                                                                                                                               

 

        Слайд 34. «Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жас аралығындағы балаларды  қамту Шымкент қаласында 2009 жылы 28 пайыз болса, 2012 жылы 61 пайызға жетіп отыр. Бұндай көрсеткіш жаңа  балабақша  құрылыстары, бұрынғы балабақшаларды қайтару, мектеп жанынан шағын орталықтар, жеке меншік, әлеуметтік серіктестік арқылы, жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстар беру арқылы жүзеге асырылуда. Дегенмен, бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мектепалды даярлық топтары үшін арнайы оқулықтармен толықтырылып отыр.

Слайд 35.  Мектепке дейінгі білім беру  жүйесін жаңарту  шарттарын ұсынамын:

1. Білім берудің жаңарған мазмұны жағдайында мектепке дейінгі тәрбие    мен  оқытудың аймақтық компоненттерін жүзеге асыру.

 2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жағдайында инклюзивті білім беруді   қолға алу.  

 3. Балабақшаның білім беру процесінде ақпараттық   технологияны пайдалану.

   4. Балалар, ата-аналар үшін қолжетімділік, жариялылық, тартымдылық жолдары арқылы мектепалды білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз ету.

   5. Сан пин ережелерін сақтай отырып, санитарлық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;

   6. Педагог кадрлардың  кәсіби  дайындық деңгейін арттыру жұмыстары қолға алу. Білімін жетілдіріп келгеннен кейін мұғалімнің  жұмыс сапасына мониторингер жүргізілу. Сапасыз кадрлар жұмысы педагогикалық кеңестерде үнемі қадағалауда ұстау.

           Слайд 36.                Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясы 4 жыл қатарынан еліміздің барлық өңірлерінде 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтуде.  Биылғы жылы  жалпы саны 5175 оқушыға 46 млн 750 мың теңге қаржыға қамқорлық көрсету жоспарлануда.  Акция 30 қыркүйекке дейін барлық қала мектептерінде өз жалғасын табады. Көмекке зәру баланың  75% -ы акциямен қамтылады деп жоспарлануда.     

          Слайд 37-38 Арыз-шағым. 2011 жылы білім ұйымдарының басшыларына, балабақша меңгерушілеріне, әдіскерлер мен оқу ісінің меңгерушілеріне ұстаздардың келеңсіз іс-әрекеттері туралы түскен  арыз саны 55 болса, биылғы жылы тіркелген арыз саны 20.   Барлық арыз шағымдар бойынша арнайы комиссия құрылып зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде оның 7 арыз мектеп директорларына, 13 арыз ұстаздар қауымына. Былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген, дегенмен 20 адамның тағдыры оңай емес.   Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар арасында да түсінушілік, ынтымақтастық, сыйластық бірінші кезекте орын алуы тиіс деп ойлаймын. Бүгінгі күні білім саласын басқарушы білімді басшы ғана емес: көпшілікпен тіл  табыса алатын, өзін кәсіби маман ретінде сыилата білетін, стратег, белсенді ұйымдастырушы, мәселені жаңа қырынан тани білетін, кемшіліктерді өзі анықтап дұрыс жолға қоя  алатын  нағыз білім  менеджері  саланы басқарып ұжымның ынтымағы мен бірлігін ұстап жаңа үлгілер мен жетістіктерге қол жеткізеді деп ойлаймын.

                                              Құрметті қауым!

 

Слайд 39. «Білекке сенген заманда есемізді бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмейік!» -дегендей құрметті ұстаздар, өзімізге сын көзбен  қарай отырып, болашақ үшін аянбай  еңбек етейік, сауатты да салауатты  азаматтарды тәрбиелейік. Жаңа оқу жылын жаңа бастамалармен бастайық!

 

Слайд 40. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!