Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

EXPO 2017 ASTANA FUTURE ENERGY 10 маусым-10 қыркүйек

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ «EXPO-2017» КӨРМЕСІНІҢ ТӨРІНДЕ!

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша айтулы халықаралық көрмеге оқушылардың 6-шы легі аттанып кетті. Айта өтетін ақпарат, жолға шыққан оқушыларға бар жағдай жасалып отыр. Әрбір 10 балаға бір жетекші мен 2 дәрігер бекітілген. Ал Астанаға жеткен соң, оқушылар Назарбаев оқу орнының жатақханасына жайғасады. Ас мәзірі де аталған оқу орнының асханасында үлестірілуде.
Сондай-ақ, Астанаға — «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне жолдама оқуда озат болған оқушыларға ғана емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына да табысталған. 1650 шәкірт үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы қаралса, 2000 балаға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады.

Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

 


Армандары орындалған оқушылар

Фото Ғани Назарбека.Фото Ғани Назарбека.

Фото Ғани Назарбека.Фото Ғани Назарбека.

 


«ЭКСПО — 2017» көрмесіне Шымкент қаласынан барған оқушылар Назарбаев университетінің жатақханасына жайғасты

Фото Ғани Назарбека.Фото Ғани Назарбека.

Фото Ғани Назарбека.Фото Ғани Назарбека.


Шымкент қаласының 150 оқушысы ЭКСПО — 2017 көрмесін аралап шықты. Ертегілер әлемінен шыққандай жақсы әсер алғаны байқалып тұр. Балалар көңілді. Еркелеп, жадырап жүр. «Болашақ энергиясы» тақырыбы олардың сабақ өту бағдарламасына ұқсас болғандықтан болар, көрмедегі жел, су, күн энергиясы, басқа да физикалық құбылыстар мен технологияның мүмкіндіктері туралы Көрме жаңалықтары балаларды қызықтырды. Оқушылар таным арттырған бұл саяхатты ешқашан ұмытпаймыз дейді.

Жалпы, әр ата-ана балаларын жазғы демалыста осынау әлемдік деңгейдегі шараға алып келсе, өкінбейді. Мұндай керемет әсерлерді тек Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінен ала алады.

Фото Ақмарал Алдияр.Фото Ақмарал Алдияр.

Фото Ақмарал Алдияр.Фото Ақмарал Алдияр.

Фото Ақмарал Алдияр.Фото Ақмарал Алдияр.

Фото Ақмарал Алдияр.Фото Ақмарал Алдияр.

Фото Ақмарал Алдияр.Фото Ақмарал Алдияр.


Шымкент қаласынан Астанаға «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалау үшін 150 оқушы жолға шыққан. Қазір ғана Астана қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Жұмабай Абсағатұлы жəне «Zhana-Talap» туроператорының жергілікті гид-қызметкерлері шымкенттік қонақтарды қарсы алды. Балалар Назарбаев Университетінің жатақханасына жайғасуда.

Айта кетейік, əлем назарын аударған Көрмеге Шымкент оқушылары алғашқылардың бірі болып жетті. Бұған дейін Астанаға Маңғыстаулық оқушылар ат басын тіреген.

Фото Ақмарал Алдияр.Фото Ақмарал Алдияр.

Фото Ақмарал Алдияр.Фото Ақмарал Алдияр.

 


ШЫМКЕНТТІК 150 ОҚУШЫ “EXPO-2017” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ АТТАНДЫ

Төрткүл дүние күнгейлік оқушылардың тың туындыларын тамашалайтын болды. Дәлірегі “Expo-2017” халықаралық көрмесіне өңір мектептеріндегі көшбасшы шәкірттердің бірінші легі аттанды. Енді апта бойы  жас өнертапқыш шетелдік меймандар алдында оқу-ғылым саласында жеткен жетістіктерін таныстырады. Мәдени шараға жыл бойы дайындалған шәкірттерді қаламыздағы теміржол вокзалынан ата-аналары мен мұғалімдері және Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның өзі шығарып салуда.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы: ““Expo-2017” –  игі шарасының балалардың болашағы үшін атқарар рөлі зор. Көрмені көзбен көріп қайтқан шәкірттердің білім мен ғылымға деген құштарлығы еселенетіні сөзсіз. Ал жолға шыққан оқушыларға бар жағдай жасалып отыр. Әрбір 10 балаға бір жетекші мен 2 дәрігер бекітілген. Ал Астанаға жеткен соң, оқушылар Назарбаев оқу орнының жатақханасына жайғасады. Ас мәзірі де аталған оқу орнының асханасында үлестіріледі”.

Астанаға жолдама оқуда озат болған оқушыларға ғана емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына да табысталған. 1650 шәкірт үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы қаралса, 2000 балаға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасапты. Айта өтейік, жолға шыққан оқушылар енді бір жеті бойы көрмеге атсалысып, кері қайтады.

Әсел Мүсіретәлі, Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейдің оқушысы: “Үлкен қобалжу үстіндемін. Көрмеге барып, еңбектерімді таныстыру – мен үшін мәртебе! Халықаралық мәдени шараға  барған соң, шетелдік өнертапқыштардың жетістігімен танысып, жаңа технологияның кең мүмкіндіктерін саралаймын. Болашақта мен де ғалым болғым келеді. Елімнің игілігі үшін ғылыми зерттеулер жүргізіп, дамыған елдермен тереземіз тең болуы жолында қызмет ету – мақсатым!”

 


 

ЭКСПО-2017 ҚАРСАҢЫНДА