Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Нысанов Г Т

   

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні бұл — бүкіл дүниежүзінде аталып өтетін дәстүрлі мейрамдардың бірі.

Балғын шақ — бұл әрбір адамның өміріндегі ең жарық та, ұмытылмас бақытты да сәттер.

Әрбір ата-ана өз баласын жарық дүниеге әкелген сәттен бастап оған барлық жүрек жылуын, ата-ана қамқорлығын сыйлап, болашақта сол баланың өмірде өз орнын тауып еліміздің елеулісі, халқының қалаулысы, туған елінің патриоты болуына ықпал етеді.

Жаздың бірінші күніне дәл келетін балаларды қорғау күні ең ескі халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіләлемде 1949 жылдан бастап атап өтеді.

Балаларды қорғау күні – барлық әлемдегі балалардың жағдайына назар аудару.

Құрметті балалар!

Ата-аналарыңыздың сүйікті де, сүйкімді, ақылды ұл-қыздары болып өсе берулеріңізге, тәуелсіз еліміздің тірегі болар білімді азамат болуларыңызға шын жүректен тілектеспін!

 

 

                                                       Ізгі тілекпен

          білім бөлім басшысының міндетін атқарушы         Нысанов Ғабит Тұрсынбайұлы