Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Көптілді білім беру жағдайында оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі

Новый рисунок (2)

2015 жылдың 29-30 қыркүйек күндері  «Көптілді білім беру жағдайында оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

 

«Көптілді білім беру жағдайында оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясының іс-шараларына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы   ОҚО және бойынша педагогикалық   қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және қалалық білім бөлімінің басшыларымен қызметкерлері, сонымен қатар, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) сарапшылары, Астана, Алматы қалаларынан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінен білім саласының өкілдері қатысты.

Шет ел сарапшыларының қатысуымен ұйымдастырылған республикалық ғылыми-практикалық конференция  мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру құралы ретінде көптілді білім беруді жүзеге асырудың озық тәжірибелерімен таныстыру, ақпарат, тәжірибе  алмасу мақсатын көздеген болып,бұл іс-шараға көптілді және билингвалды оқыту жүйесі бойынша қаладағы №3, №14, №107, №110 тірек мектептер практикалық сабақтарымен қатысты.

Конференция барысында әр бір мектеп ұжымы семинарды бағдарламаға сәйкес ұйымдастырылған түрде өткізді. Концерттік бағдарламалар, негізгі пәндер бойынша екі-үш тілде (өзбек-қазақ, өзбек-орыс, өзбек-қазақ-ағылшын тілдерінде) ұйымдастырылған мазмұнды сабақтар, мектеп ұжымының педагогикалық-шығармашылық көрмелері, мектеп өмірінен бейнефильмдер, баяндама-таныстырылымдар қонақтардың көңілінен шықты.

Конференция соңында қатысушылардың пікірі тыңдалып, кері байланыс алынды. Семинар-конференция қатысушылары оның ұйымдастырылуы мен өткізілуін жоғары деңгейде өткенін ерекше атап өтті.

Новый рисунок (1)

Публикация: 07.10.2015 г.