Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

«Мектеп қыздар футбол лигасының» ашылуы өтті


2017 жылғы 4 қазан күні Шымкент қаласындағы Жоғарғы шеберлік спорт мектебінің (ШВСМ) спорт залында Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы «облыстық әдістемелік кабинетінің», «Мектеп қыздар футбол лигасы» мен  қалалық білім бөлімінің бірлескен жоспарына сәйкес, мектеп оқушылары арасындағы «Мектеп қыздар футбол лигасының» ашылу салтанаты өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық әйелдер футболы мен футзал департаментінің директорының орынбасары Дюзельбеков Берік Балқыбекұлы, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бердашев Айтмаханбетәлі Ильясұлы, білім басқармасының бас маманы Араб Қайрат, облыстық әдістемелік кабинетінің мамандары және қалалық, аудандық білім бөлімінің денешынықтыру және АӘД пәнінің әдіскерлері қатысты.

Жалпы, «Мектеп қыздар футбол лигасының» ойындарына Шымкент қаласының мектептерінен 64 команда (1200-ден астам қыздар) және аудандық білім бөлімдерінің командалары қатысады. Лига ойындарының алғашқы кезеңі  қазан-желтоқсан айларында өткізіліп, жеңіске жеткен командалар аудан командаларымен бірлесіп, сәуір айында облыстың жеңімпаз командаларын анықтайды.

 

Публикация: 05.10.2017 г.