Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ «EXPO-2017» КӨРМЕСІНДЕГІ САЯХАТЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР!!!

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша айтулы халықаралық көрмеге оқушылардың 7-ші легі жетті. Осынау шараға жолдама алған жасақтың құрамында 150 шәкірт бар. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, жолға шыққан оқушыларға бар жағдай жасалып отыр. Әрбір 10 балаға бір жетекші мен 2 дәрігер бекітілген. Ал Астанаға жеткен соң, оқушылар Назарбаев университетінің жатақханасына жайғасты. Ас мәзірі де аталған оқу орнының асханасында үлестірілуде. Саяхаттың алғашқы күнінде белсенді топ көрменің басты нысаны — «Нұрлы әлем» ұлттық павильоны, сондай-ақ, шетелдіктердің ұсынған заманауи технологиясының жаңа жетістіктерін тамашалап, энергия-қуат күшін алатын тың жоба — жеке аймағымен танысты. Қалған күндері Елордамыздағы бірқатар мәдени ошақтар — ҚР Ұлттық музейі мен Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Астана-Бәйтерек» монументалды ғимараты, «Президент» саябағы секілді ауқымды нысандарды аралайтын болады.
Айта өтейік, Астанаға — «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне жолдама оқуда озат болған оқушыларға ғана емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына да табысталған. 1650 шәкірт үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы қаралса, 2000 балаға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады.

 

Публикация: 05.07.2017 г.