Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан

Новый рисунок

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға байланысты Оқушылар сарайында бірқатар жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай 2015 жылы 11 желтоқсанда білім бөлімі  тарапынан  «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан» атты ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау шеберлік сыныбы  ұйымдастырылды. Бұл шеберлік сыныбының мақсаты Қазақстан Тәуелсіздігі туралы түсінік беру арқылы балалардың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру; тарих тағылымынан өнеге алып, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болу, өскелең ұрпақтың имандылық және елжандылық сезімдерін дамыту болып табылды.  Бағдарламаның салтанатты ашылуында «Мерекеге шақыру» — өзбек ұлтының керней-сырнайшыларының өнері, қазақ ұлттық аспаптары ансамблінің орындауында «Өз елім» әні,  ұлттық тағамдар шеруі, «Тәжік ұлттық биі», хореографиялық ансамбльдердің «Достық» биі, «Бір үйдің баласындай» көпшілік-сазды арнайы композициясы тамашаланды.

Новый рисунок (1)Новый рисунок (2)

Оқушылар сарайы үйірмелерінің қатысуымен «Тәуелсіз ел — мәңгілік» атты балалар шығармашылығы сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Мекемеге қарасты барлық бөлімдердің қатысуымен кең көлемді ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау шеберлік сыныбы өткізілді. Шеберлік сыныбы барысында қатысушылар назарына «Тәуелсіздік белестері» және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» бейнематериалы көрсетілді. Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы ОҚО хатшылығының меңгерушісі М.Халмуратов, славян, татар-башқұрт, «Ынтымақ» т.б. мәдени орталығының төрағалары қатысты. Іс-шара соңында «Алтын ғасыр» вокалды тобының «Отан» әніне барша қатысушылар бірлесіп көпшілік-сазды композиция орындады.

Новый рисунок (3)Новый рисунок (4)

Публикация: 14.12.2015 г.