Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол!» атты өнер фестивалі

1

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының 2015 жылғы 7 қазандағы №1329 бұйрығы негізінде қалалық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» тақырыбында өнер фестивалі өткізілді. Оқушылардың сабақтан бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында білім мекемелерінде және мектептен тыс мекемелерінде  жүргізілетін үйірме жұмыстарының жылдық қорытынды нәтижесі  4.04.2016 жылы Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрыңда Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары арасында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол!» тақырыбында өнер фестивалі өтті. Фестивальдің бағдарламасында:

— Ұлы Абайдың 170 жылдығы,

-Ұлттық өнер құдіретін жандандыру,

— ЭКСПО -2017,

— Мәңгілік Ел

— 100 нақты қадам.

— Егеменді Қазақстан жастарының жарқын болашағын және ұлттық құндылықты насихаттау мақсатында өткізілді.

32

 

45

 

Білім мекемелерінде оқушылардың өз қолымен жасалған бұйымдарынан ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарымызды және қолөнерді насихаттайтын  «Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы» тақырыбында   көрмелер қойылады. Сонымен қатар «ЭКСПО-2017» тақырыбында ғылыми жұмыстар бойынша көрмелер де қойылды.

Фестиваль мақсаты:

Өскелең ұрпақтың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау;

Табиғи дарынды балаларды сахна төріне шығару;

Ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттау;

Жаңаша дүниетанымдық көз қараспен жұмыс жүргізу;

Дарынды да, талант иегерлерін таңдау;

Жасөспірімдердің туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыру;

Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беру, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан салт-дәстүрімізді, қолөнерімізді, тарихымызды жалғастыру, шығармашылыққа баулу.

Қалалық білім бөліміне қарасты 124 білім мекемесі  өнер фестиваліне түгел ат салысты. Бүгінгі қорытынды фестивальде – 10000-ға тарта оқушы өнер көрсетті.

Сахнада №90 мектеп оқушылары Қазақ хандығы 550 жылдығына өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы, қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи тұлға  Керей мен Жәнібек хандардың өмір тарихын шеберлікпен көрсете білді.

87

 

Абайдың 170 жылдығына орай №51,35,24 мектеп оқушылары «Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы» атты іс-шарада тарихи тұлғаның өмірін аса шеберлікпен сомдап шықты.

«Мәңгілік ел» іс-шарасында тарихымызға тағзым, бүгінгі бақытымызға мақтаныш, гүлденген келешекке сенім білдіру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  қаламыздағы мектеп оқушылары арасынан  спорт жарыстарынан халықаралық жарыстарда жүлделі орынға   ие болған  жеңімпаздар  шеруі болады.  Флеш моб , спорттық ойындар көрсетілді.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 25 қадамы» атты іс-шарада  Егеменді Қазақстан жастарының жарқын болашағын  және ұлттық құндылықтарды №78, 51, 23, 89, 90 мектеп оқушылары кеңінен насихаттай отырып, бейнелеп көрсетті.

Өнер фестивалінің жанр түрлері:

1) Хор

2) Халық аспаптар ұжымы

3) Театр, сатира-юмор, цирк, көркем сөз ұжымы

4) Сазгерлер мен шығармашылық ұжымдар

5) Көрме, қолөнер бұйымдары

6) Би ұжымдары

7) Спорт

Қалалық өнер фестивалінде жақсы өнер көрсеткен №№90,51,23,80,89,96,24,52,75,66,35,60,83,72,25,88 мектеп ұжымдары  жүлделі орынға ие болып,  демеушілердің көмегімен бағалы сыйлықтар, мақтау грамоталары және  дипломдармен марапатталды.

69

 

10

Публикация: 05.04.2016 г.