Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Әдеп кодексін талқылау бойынша семинар-кеңес өткізілді

                                            P_20160714_121419_BF

Облыстық  әдеп  кеңесі мүшелерінің  ұйымдастыруымен Шымкент қаласының білім бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің   Жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»,  яғни ҚР Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін талқылау  бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Аталған жиын барысында, аталмыш  Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғандығы жөнінде айтылды.

Семинар  барысында Шымкент қаласы білім бөлімінің  басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы Әдеп кодексін сақтау бойынша білім бөлімінде атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.  Ж.Тажиева білім бөлімінің қызметкерлері кодекспен таныстырылып, заңнама қағидаларын қатаң және бұлжытпай сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілетінін,  лездеме жиналыстарда бөлімнің қызметкерлеріне азаматтармен қарым-қатынас барысында әдеп нормаларын сақталуы талап етілетінін айтты.

Жиналыстың қорытындысы бойынша осы сынды семинар-кеңестер алдағы уақытта  қаламыздың барлық мектеп пен балабақшаларда  өткізу қажеттігі жөнінде ұсыныс қолданды.

 P_20160714_122805 P_20160714_122827