Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Оқу үдерісіндегі танымдық жұмыстың дамуын сызу сабағындағы автокад сызбаларын технология сабақтарында қолдануды көрсету

imag99Қалалық білім бөлімі ғылыми-әдістемелік орталығының эстетикалық әдіскерлерінің ұйымдастыруымен 2015 жылдың 19 ақпанда «Мирас» университетімен бірлесе отырып «Оқу үдерісіндегі танымдық жұмыстың дамуын сызу сабағындағы автокад сызбаларын технология сабақтарында қолдануда көрсету» тақырыбында семинар болып өтті. Семинардың мақсаты «Технология, сызу пән мұғалімдерін заманауи ақпарат құралдарын қолдануының тиімділігі».Семинарға қала көлемінен 123 мұғалім қатысты. Сызу, технология пәндерінен №№20,23 мектеп лицейінің және №65 мектеп гимназиясының В.В.Сырапатова, А.Н.Павлов, Л.Жүзеева озық тәжірибелі мұғалімдері сабақтарын қала көлемінде көрсетті.

Қазіргі мектептердегі ақпараттық сандық техникалық құралдардың тиімділігін №23 мектеп лицейінің мұғалімі А.Н.Павлов өзінің «Оқытудағы автокад сызбаларының графикалық редакторы» атты сабағын әдістемелік көмек ретінде көрсетіп өтті. №65 мектеп гимназиясының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының І-ші деңгейлі бағдарламасын оқып келген мұғалімі Жүзеева Лаззат «Геометриялық денелер және модельдердің проекциялары» атты тақырыпта шеберлігін таныта отырып қызықты сабағымен бөлісті. №20 мектеп лицейінің І-ші деңгейлі біліктілікті арттыру курсын бітіріп кеген технология пәнінің мұғалімі В.В.Сырапатова «Коучинг-как метод раскрытыя и развития потенциала учащихся» атты сабағын мұғалімдермен бөлісіп өзінің біліктілігін, шеберлігін таныта білді.

Novii_risynok_(1)

Novii_risynok_(2)

Novii_risynok_(3)

Публикация: 23.02.2015 г.