Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Оқушылар сарайы базасында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

1

Шымкент қаласы білім бөлімінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары негізінде білім беру ұйымдарында түрлі тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Аталмыш жоспарға сәйкес, Оқушылар сарайы базасында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

2 3 4 5

 

Іс-шара барысы Шығармашылық бөлімінің үгіттобы өнерпаздарының құттықтауымен ашылып, Тәуелсіздікке жету жолындағы ата-бабаларымыздың ерен ерлігі баяндалатын бейнефильм көрсетілді. Музыкалық-эстетикалық бөлімінің «Ән-домбыра», «Күй-домбыра», «Әгугай домбыра», «Құрманғазы» домбырашылар оркестрінің орындауында Н.Тілендиевтің «Әлқисса», Бөріисаның «Желтоқсан» күйлері тартылып, «Алтын ғасыр», «Балдәурен» вокалды топтарының «Қазақстаным», «Мәңгілік ел», «Туған ел» әндері шырқалды. «Еркетай», «Иллюзия», «Овация» хореографиялық би топтарының қазақ халқының ұлттық биі, «Достық» билері көпшілік назарына ұсынылды.

7 8 9 10

 

 

Публикация: 10.11.2016 г.