Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы әдіс-тәсілдердің тиімді жолдары

Новый рисунок

2015 жылғы 30 қазан айында Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта мектепте  «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы әдіс-тәсілдердің тиімді жолдары» тақырыбында  қалалық семинар өтті.

Ұлы адамның барлығы да парыққа,
Тек біліммен жеткен мұрат, даңққа,- деп ғұлама айтқандай, білім-біліктің сапасы – мұғалімдердің тынымсыз еңбегіне, өз ісінің майталманы болумен қатар, жеке басының адамгершілік, парасаттылық қасиеттеріне байланысты, сондықтан олардың еңбегі үлкен құрметке лайықты.

Осындай қалаға, облысқа танымал, құрметке лайықты білім мекемелерінің ішінде өткен оқу жылында қаламыздағы  Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта мектеп ұстаздар қауымы өздерінің  кәсіби шеберлігі мен зияткерлік әлеуетін дәлелдейтін айтарлықтай жетістіктерімен ерекшеленді. Мектеп ұжымы ҰБТ көрсеткіші бойынша орташа -100,5 балға қол жеткізіп, қаланың ең үздік 10 мектептері қатарынан орын алды. Соған байланысты күні кеше қалалық білім бөлімі ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен білім мекемесінде «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы әдіс-тәсілдердің тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға мектеп директорлары және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер қатысты.

Семинар мұғалімдердің кәсіби білімін шыңдай отырып, оқушылармен жұмыс жүргізуді дамыту, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру мақсат-міндеттерін көздейді.
Мектеп ұжымы семинар қатысушыларын негізгі таңдау пәндері бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді тәсілдерімен таныстырды, жеке пәндер бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды,
өзара ой бөлісіп, пікір алмасты. Семинар қатысушылары сабақтарға еніп, коучингтерге қатысып, ҰБТ мәселесіне байланысты жұмыс түрлерімен танысты.

Новый рисунок (1)

 

Инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпал жасап, тынымсыз ізденімпаз болған тарих пәні мұғалімі Хусанова Гузал 11-сыныпта «Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ға дайындаудағы әдіс-тәсілдердің тиімді жолдары» тақырыбында мазмұнды сабағымен бөліссе, Назарметова Камила 9-сыныпта қазақ әдебиетінен «Қыпшақ Сейітқұл» тақырыбында өткен сабағында оқушыларының мемлекеттік тілді өте жоғары дәрежеде меңгергендігін дәлелдеп берді, ал ағылшын тілі пәні мұғалімі Умида Урманова 10-сыныпта «Work and job» тақырыбында, Хасанова Матлюбаның физика пәнінен «Динамика негіздері» тақырыбындағы, математика пәнінен Салиева Башараттың «Математикалық есептерді шешудің тиімді жолдары» тақырыбындағы және т.б. мұғалімдердің оқушыларны оқуға  қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызып, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың ойлау дағдыларын  жетілдіру, өздігінен   білім алу процесінде бірлесе әрекет етуге жағдай жаратып өткен сабақтары және Рауаилов Бауыржанның «Ата-аналармен жұмыс», мектеп психологы Исманова Еленаның «Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық тұрғыда дайындау және дайындықтың тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру» тақырыптарындағы коучингтер семинар қатысушыларының көңілінен шығып, семинар жұмыстарын үздік деп бағалады.

Демек, әр ұстаз, жас маман  біріншіден, педагогикалық шығармашылық  пен шеберлігін арттыру қажет, екіншіден әдістерді сол қалпында қолданбай, оны жағдайға байланысты тиімді сәйкестігін таба білу керек, үшіншіден, үздіксіз шығармашылық ізденісте болу керек, төртіншіден, сабақ заман талабына сай құрастырылғаны жөн.

Білім берудің жаңа мазмұны оқушы мен мұғалімді  үздіксіз білім алуға қажеттілігін,  жаңа білім игерудегі шығармашылық қарым-қатынасын,   өз еркінше білім мен іскерліктерін қалыптастыруға негізделеді.  Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерін зерттеушілік-ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Алдыңғы сатыда ұстаздың өзі ізденімпаз болғаны аса маңызды.

Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін  мұғалім өз еркімен таңдайды. «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады», демекші түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенеміміз кәміл. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз.  Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын-солын тану, зерттеу, пысықтап анализ жасау — әр ұстаздың міндеті.

Новый рисунок (2)

Публикация: 02.11.2015 г.