Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Ойын ойнап ойы өсер баланың

4      

  Шымкент қаласы білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының        2015 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі балабақша мекемелері педагогтарына  оқу-әдістемелік  көмек  көрсету  мақсатында  2015 жылдың 25 қараша айында №42 «Толағай» бөбекжай балабақшасында «Ойын ойнап ойы өсер баланың»  тақырыбында  балабақша  тәрбиешілеріне  арналған  қалалық семинар өткізілді.

56

Семинардың мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, тілдік, шығармашылық құзіреттілігін қалыптастыру.Ойын технологияларын оқыту үдерісінде кеңінен қолдану.

Семинарға (108) тәрбиешілер,меңгерушілер мен әдіскерлер қатысты. Жаңа технология пайдалану барысында жеті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті көрсетіліп өтті. Келген педагогтар өздеріне оқу іс-әрекетімен қоса жаңа технологияға сай көптеген дидактикалық материалдармен танысып мағлұматтар алды.

23

Публикация: 25.11.2015 г.