Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

“Отау Групп” компаниясы 110 орындық қос бөбекжай-балабақша ғимаратының құрылысын бастады

Адамзаттың алдында тұрған зор міндет-болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Бүкіл әлемде 1-маусым балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғау күні.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” атты мақаласындағы “Туған жер” бағдарламасы аясында және бүгінгі мереке аясында Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымовтың қолдауымен, “Отау Групп” компаниясы 110 орындық қос бөбекжай-балабақша ғимаратының құрылысын 2017 жылғы 1 маусымнан бастап, бір жыл төңірегінде қолданысқа беруді жоспарлауда.

Шымкент қаласында 385 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс атқарса, оның ішінде 7 арнаулы (коррекциялық) бөбекжай-балабақшасы бар. Ал бұл ғимарат №17 «Достық» тірек-қимыл функциялары бұзылған және №37 «Айгерім» психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған балабақшалар үшін салынып сыйлыққа берілмек.

Публикация: 01.06.2017 г.