Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика
     
ҚОШ КЕЛДІҢ ҚАЗАҚ ƏЛІПБИІ

Шымқаламыздың жас суретшілері "Қош келдің қазақ әліпбиі" тақырыбында болашақ Шымсити молтекауданында өз туындыларын ұсынды! Іс-шараға 35000-нан астам қала тұрғындары мен оқушылар қатысты. Ең маңыздысы, Шымкент жастары бұл іс-шараны Шымсити жаңа құрылыс аймағында өткізді! Латын әліпбиін қолдау шарасы мен жаңа құрылыс тариxы жастар есінде мәңгі қалмақ! Қандай тамаша сәйкестік! Балаларымыздың болашағы жарқын болсын!

[metaslider id=7346]

     
«№88 жалпы орта мектебі футбол ойынынан 1 орынды жеңіп алды
Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

Қаратау ауданы мектептері арасында нөмірі 88-ші жалпы орта мектебі футбол ойынынан 1 орынды жеңіп алды. ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ! !

Шымкент қаласы ұстаздары арасындағы пәндік олимпиадаcы

Құрметті әріптестер! 

Биылғы жылы алғаш рет Шымкент қаласы ұстаздары арасындағы пәндік олимпиаданы 100 пайыз іріктеу арқылы өткізуді жөн көрдік. Пәндік олимпиаданың өзі 3 кезеңнен тұрады! 1-кезеңде барлық мұғалімдерге тест арқылы сынақ тапсырып іріктеуден өтуге мүмкіндік бердік.

Әрине, бұрын мектептер әр пәннен бір ғана ұстазды ұсынатын. Енді барлық мұғалімнің қатысуға мүмкіндігі бар. Оның үстіне төмен балл жинаған мұғалімдерге екінші рет қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бірінші турдағы тапсырмалар стандарт талаптарына сәйкес дайындалған. Білім беріп жүрген ұстаздарға ешқандай қиындық туғызбайды. Ал екі мүмкіндіктен де төмен жинаған ұстазға не дейміз.... Өзіңді де өзгені де алдама дегеннен басқа сөз жоқ! Дегенмен, ол ұстаздарға білімін жетілдіруге тағы да мүмкіндіктер берілуі тиіс!

Екінші кезеңде жоғары балл жинаған ұстаздарға жоғары деңгейлік тапсырмалар бере отырып қайта тест тапсыруға шақырамыз!

Бұл тапсырмадан да сүрінбей өткен ұстаздар білім бөлімінің үздік ұстаздар базасына ілігіп, қажет болса санатын көтеруге де ұсыныс берілетін болады.

Үшінші кезеңде әрбір пәннен ең жоғары ұпай жинаған ұстаздардың 10 минуттық мастер класс сабағы тыңдалып облыстық пәндік олимпиадаға қатысуға жіберілетін болады!

Қымбатты ұстаздар! Сапалы білім беру сыры - білімді ұстазда екенін ұмытпайық! Мүмкін біреулер үшін бұл шаралар мүлдем ұнамас, түрлі қарсы пікірлер айтар... Дегенмен, тестілеуге қатысқан ұстаздарымыздың көпшілігі жоғары ұпай жинап, өз білімдерін қиналмай дәлелдеп шығып жатқан тұстарын көріп қатты қуандым!

Тестке қатысқан ұстаздарымыздың көңіл күйінен өмірдің өзі сынақ екенін, ал біздің ұстаздар үшін білім сынағы қалыпты жағдай екенін байқадым! Бұл бастаманы оң көзқараспен қабыл аласыздар деп ойлаймын! Негізгі мақсатымыз елімізді өркендететін білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу!

Құрметпен: Жанат Арысбекқызы Тəжиева

[metaslider id=7324]

ШЫМКЕНТТІК ШӘКІРТТЕР ШАXМАТТАН СЫНҒА ТҮСТІ

Шахмат ойынын ұйымдастыру арқылы жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, дарынды жеке тұлғаны жетілдіру, сондай-ақ, аула клубтарының оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту мақсатында Шымкент қаласында «Жас шахматшылар» - турнирі өткізілді. Сайысқа 7 мен 14 жас аралығындағы 200-ге жуық оқушы қатысты. Нәтижесінде, 84 жеткіншек сайыстың 2-ші турына жолдама алды. Сондай-ақ, айтулы шаxмат сайысына алдағы уақытта ұрпақтар сабақтастығын сақтау және қоғамдық жақсы қарым-қатынас орнату үшін жеткіншектермен қатар, ардагерлер де қатысатын болады!

МЕКТЕП МЕДИАЦИЯСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ!!!

ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Бітімгершілік процедурасының даму саласы бойынша ынтымақтастық туралы» Меморандумы жасалды. Мұндағы негізгі тоқтам - дау-жанжалдың деңгейін төмендетіп, қолайлы орта құруға себепші болатын дауды сотқа дейін реттеу, сотта бітімгершілік процедурасын қолдану үшін өзара әрекеттерді жан-жақты дамыту. Басқосуда білім беру саласындағы медиация жайлы ой-пікірлер білдіріліп, мысалдар келтіру арқылы жанжал туындамас үшін жағдайдың алдын алу жолдары түсіндірілді.