Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика
     
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Дәл осындай тақырыппен Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектебінде тәрбиелік мәні бар семинар ұйымдастырылды. Жаңа форматтағы тәрбие сағаттары өткізіліп, мұғалімдер өз кәсіби шеберліктерін арттырды. Ал, психолог мамандар оқушыларға қылмыстық істердің адам өміріне тигізер зардаптары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Футбол ойынынан Т.Тəжібаев атындағы № 47 мектеп гимназиясы бірінші орынды иеленді
Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

Футбол ойынынан Шымкент қаласы мектеп оқушылары арасындағы спартакиадасында өткен жарыста Т.Тəжібаев атындағы нөмірі 47-ші мектеп гимназиясы БІРІНШІ орынды иеленді. МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

«Лайықты ұрпақ тəрбиелейік» атты дөңгелек үстел өткізілді

"Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында нөмірі 60-шы жалпы орта мектебінде "Лайықты ұрпақ тəрбиелейік" атты дөңгелек үстел өткізілді. Тəрбиелік мəні зор шараны ұйымдастыруға Абай аудандық əкімдігі мен Абай аудандық ІІБ-нің мамандары жəне аймақтық мешіт өкілдері атсалысты.

   
Жаңартылған білім беру мазмұны: мәселелері мен перспективалары
Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Критериалды бағалау – оқушының оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі. Осы орайда, Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектебінің ұжымы «Жаңартылған білім беру мазмұны: мәселелері мен перспективалары» тақырыбында керемет семинар өткізді. Оқушы мүмкіндігін арттыруға жол ашатын мұндай семинарлар мұғалімдердің де кәсіби шеберліктерін жетілдіре түспек.

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ШЕТЕЛДІҢ ОЗЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ!
Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында АҚШ-ның Калифорния, Вирджиния, Огайо, Филадельфия, Орегон, Лос Анжелес сынды штаттардан және Болгариядан 17 университеттің өкілдері келіп, өздерінің жоғарғы оқу орындарын жарнамалап, оқушылармен сұхбаттасты. Оқушылар өздерінің келешекте таңдаған мамандықтары туралы мәліметттер алды.